1. Кіріспе Аса қауіпті жұқпалы аурулар


Аурудың негізгі белгілері қандай?



бет5/8
Дата11.05.2023
өлшемі100,85 Kb.
#91803
1   2   3   4   5   6   7   8
Аурудың негізгі белгілері қандай?
Ауру қоздырғыштары адам денесіне әсіресе мал төлдету, оны бағып-қағу, ауру малды сою, жіліктеу, немесе жүнін қырқу кезінде тері арқылы енеді. Ал күнделікті тұрмыста: ауырған малдың қайнатылмаған сүтін ішкенде, сол сүттен дайындалған қаймақ, сарымай, ірімшік, шала пісірілген ет тағамдарын пайдаланғанда жұғады. Сол сияқты, ауылды жерлерде отын ретінде мал тезегін дайындау кезінде жұғуы мүмкін. Сарып ауруының негізгі белгілері ауру жұқтырғаннан кейін 7-30 күн өткен соң біліне бастайды: адам өзінің тез шаршап, тамаққа зауқы соқпай, басы ауырып, делсал болып бойының ауыр тартқанын сезеді.емделмеген жағдайда ауру күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, қол-аяғы сырқырап, белі ауырып, түнге қарай малшынып терлеп, ұйқысы бұзылып, мойын, қолтық асты, шабының бездері ісіп ауырады. Дәрігерлерге көрінбей, өзінше емделген жағдайда ауру созылмалы түрге айналып, науқас адамның белі шойырылып, қол-аяқ буындары ісіп, қозғалтпай ауырып, әрең бүгіліді. Буын-буындарға сары су толып, буындардың қалыпты түрі өзгереді. Ауру 2-3 жылдан көп жылға дейін созылып, кейбіреулер жұмысқа жарамай сал, мүгедек болып қалуы ықтимал. Мал арасында аурудың негізгі белгілері: малдың ақсап журуі, аяқ буындарының ісінуі, көбінесе саулық малдың желініне ісік пайда болуы, іш тастуы, еркек малдардың (бұқалар, қошқарлар, текелер т.б.) енінің ұлғаюы сияқты өзгерістер байқалғанда мал иелері міндетті түрде жылдам мал дәрігеріне хабарлауы керек. Сарыптан сақтану жолдары қандай? Сарыптың тек ауру малдардан немесе мал өнімдерінен жұғатынын ескерсек, бірінші кезекте сақтану шараларын аурудың көзі болып табылатын себептерді жоюдан бастаған жөн.
Ол үшін, жекеменшік мал иелері мен шағын шаруашылығы басшылары, жергілікті әкімдер мен мал дәрігерлерімен бірлесіп, қожалықтағы немесе жекеменшіктегі барлық мал басын түгелдей есепке алып, уақытысында ауру-сауын тексеріп, сарыпқа және де басқа қауіпті ауруларға қарсы ектіріп отыруы керек. Ауруы анықталған малды мал дәрігерімен ақылдасып көп ұзатпай (бекітілген Ереже бойынша 5 күн ішінде) ауру малды сойып, өңдейтін арнайы орындарға тапсыруы керек. Ауру малды өзге малдан бөлектеп, іш тастаған малдың төлін, шуын арнайы құралдармен немесе айырмен, күрекпен алып мал төлдеген жердің сабан-шөбін, топырағымен қоса алып, қорадан аулық жерге апарып, иттер қазып ала алмайтындай етіп, 1-1,5 метрдей тереңдікке көміп тастау керек. Ауру малды бағып-қағушылар үстінде арнайы санитарлық киімдер: халат, резіңке етік пен қолғап, алдына су өтпейтін алжапқыш байлап, жұмыс істесе өте жөн. Қолды жиі сабындап жуып жүрудің де маңызы өте зор. Мал алу немесе сату кезінде мал дәрігеріне көрсетіп, малдың саулығы туралы анықтама алу керек. ОБА Оба (чума)- жедел табиғат көзінен туындайтын жұқпалы ауру. Оба ауруы ауыр интоксикациялық белгілерімен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүреді. Ауру қоздырғыштары бүрге арқылы таралады. Кеміргіштер (егеуқұйрықтар, тышқандар, құмтышқандар) мен түйелер көбінесе осы аурудың көзі болып табылады. Түйені сойып, терісін сылып жатқанда ондағы бүрге шаққан, обаға шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болған не болмаса ол тұтынған заттарды қолданған, не обамен ауырған хайуанаттың етін шала пісіріп жеген жағдайда адам оба жұқтырады.
Аурудың  жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бастап 6 тәулікке дейін созылады. Ауру кенеттен басталады: науқас қатты қалтырайды, дене қызуы 31-40 градусқа көтеріледі, басы мен бұлшық еттері қақсап ауырып, жиі құсады, теңселіп жүреді, сандырақтайды, ұйқысы қашады. Оба клиникалық белгілері бойынша тері, бубон, өкпе және бастапқы септика обасы болып бірнеше түрге бөлінеді. Тері обасында қоздырғыш енген жерде дақ пайда болады да кейін ол  теріде жара пайда болады. Бубон обасында бірнеше күннен бастап науқастың регионарлық без түйіндерінде ауырсыну байқалады. Без түйіндерінің көлемі жылдам ұлғайып, бірімен-бірі біріге бастайды. Кейін теріге шығып, қып-қызыл-көкшіл түске енеді. 8-12 күндері бубон ашылады, баяу тыртықталған жаралар пайда болады. Қолайсыз жағдайда екіншілік оба пневмониясы мен геморрагиялық септицемия дамуы мүмкін. Біріншілік өкпе обасы өте ауыр өтеді. Оған шалдыққан адамның көкірек тұсында ауырсыну пайда болып, жөтелгенде қанды түкірік тастайды. Өкпе-жүрек жеткіліксіздігі байқалады. Обаның алдын алу үшін ел арасында сақтық шараларын сақтау қажет: -аурудың алғашқы белгілері (дененің қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауру, без түйіндерінің ұлғаюы) байқалудан-ақ шұғыл түрде емханаға хабарласу; -кеміргіштерді (егеуқұйрықтар, тышқандар) эктопаразиттерді (бит, бүрге) жою шараларын жүргізу; -үй жануарларын (түйе, ит) міндетті түрде обаға қарсы егу; -малдарды мал дәрігерлері тексеріп, рұқсат еткеннен кейін ғана арнаулы оқшаулаған орындарда сою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет