Ситуациялық есеп №1 А есімді науқас, 36жаста, совхоздың ветеринарлық дәрігері жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бұлшық еттегі және буындарындағы ауырсынуға шағымымен дәрігерге қаралды. Екі апта бұрын ауырған. соңғы үш күні температурасы 38,5-39оС көтеріліп, тоңу, қатты терлеуді байқаған. Обьективті қарағанда : мойын, шап және қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған, гепатоспленомегалия.
Болжам диагноз.
Ситуациялық есеп №2 К есімді науқас, 16жаста, ауруханаға ауруының 6-күні түсті. түспес бұрын температурасы 40-41оС көтерілген, ол тоңумен, қызбамен, сосын біраз сағаттан кейін қатты терлеумен өткен, температурасы субнормалдыға дейін түскен, жағдайы жақсарған. Бір күннен кейін дәл осы көрініс қайталанған; температура көтерілгенде бас ауруға, жүрек айнуға, құсуға шағымданған. Қарағанда: тері қабаттарының сарғаюы, бозаруы, ернінде герпетикалық бөртпе, бауыр мен көкбауыр ұлғайған.
ЖҚА:гемоглобиндер- 50г/л, эритроциттер-2,1 Т/л, лейкоциттер – 4,5г/л, эозинофилдер – 1%, таяқша ядролы нейтрофилдер-2%, сегментт3 нейтрофилдер 50%, лимфоциттер 41%, моноциттер- 6%.
Болжам диагноз
Тексеру жоспары
Дифференциалды диагноз жүргіз.
Ситуациялық есеп №3 Науқас, 30жаста, аңшы, қабылдау бөліміне бас ауруға, жалпы әлсіздікке, оң жақ шап бөлігінің айқын ауырсынуына шағымданып келді. Төрт күн бұрын оң жақ шап бөлігінде қатты ауырсынбалы тығыздануды байқаған. Біруақытта температурасының 39оС көтерілген. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысы бозарған. тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Оң жақ шап бөлігінде ұлғайған лимфа түйіні, пальпациялағанда қатты ауырсынады. үстіндегі терісі қызарған. Тері асты клетчаткасы анық емес контурлы ісінген.
Болжам диагноз