1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Артериалды қан қысымды өлшеу



бет10/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
12.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Артериалды қан қысымды өлшеу
Қан қысмы дегініміз жүректің жиырылып, босағсуының нітижесінде пайда болатын қан тамырлардың қабырғаларындағы қысым. Ол жүректің айдау көлеміне және қан тамыр қабырғаларының тонусына тәуелді. Қан қысымы диастолалық, систолалық және пульстік болып бөлінеді. Систолалық қан қысым дегеніміз жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуынан пайда болатын ең жоғарғы қысым. Диастолалық қысым жүректің босаңсуының нәтижесінде пайда болатын, ең төменгі қысым болып табылады. Ал осы екі қысымның арасындағы айырма пульстік қысым деп аталады. Қан қысым жасқан, жынысқа, тәуліктің уақытына және түрлі потологиялық аурулардң әсерінен өзгереді. Қалыпты жағдайда диастолалық қысым 60-90 мм.сын.бағ, ал систолалық қысым 100-139 мм.сын.бағ құрайды. Қан қысымының қалыпты жағдайдан көтерілуі, яғни диастолалық қысым 90 нан, систолалық қысым 140 тен жоғары болған кезде гипертония пайда болады. Ал диастолалық қысым 60 тан, систолалық қысым 100 ден төмен болса гипотония болады. Қан қысымын өлшейтін құрылғы манжеттен, ауалы грушадан, түтіктен, манометрден жіне фанедоскоптан тұрады.
Қан қысымын анықтау үшін бізге фанедоскоп және тонометр қажет. Ең алдымен пациентпен сәлемдесіп, танысып, процедураның барысы мен мақсатын түсіндіреміз. Содан соң пациентті ыңғайлы жағдайға келтіріп аламыз. Науқастың қолын жоғары қаратып, ашып шынтақ бүгетін жеріне бір саусақ сиятындай етіп манжетті кигіземіз. Содан соң манометрді мажетпен байланыстырамыз. Тоқпан жіліктегі артерияны фанедаскоп арқылы тексереміз. Резеңке балонды жауып, манжетке ауа жіберу арқылы ондағы тамырдың соғуын естіп, оның үстіне 30 мм.сын.бағ ауаны жібереміз, одан соң манжеттегі ауа қысымы көтеріледі. Резеңке балонды ашып, манжеттегі аанв швғарамыз. Фанедосрпта естілген бірінші дыбыс систолалық, соңғы естілген дыбыс диастолалық қысым. Содан кейін барлық көрсеткіштерді температуралық параққа жазамыз.
13.Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Пульсті өлшеу.
Тамыр соғуы дегеніміз жүректен шыққан қанның әсерінен болатын қан тамыр қабырғаларында болатын тербеліс. Тамыр соғуының белгілері оның жиілігімен, синхрондығымен, ырғақтылығымен, толуымен, кернеулігімен анықталады. Тамыр соғуының қалыпты жағдайдағы жиілігі 60-80 ді құрайды. Алайда ол жасқа, жынысқа, температураға,қоршаған ортаға және дене күшіне байланысты өзгеруі мүмкін. Жаңа туған нәрестелердің , балалардың тыныс алу жиілігі жоғары болады. Мысалыға шала туған нәрестенің тыныс алу жиілігі 140-160, ал жаңа туған нәрестенің тыныс алу жиілігі 120-140 ты құрайды. Сонымен қатр көп күш жұмсайтын жұмыстарда істейтін адмдардың да тыныс алу жиілігі доғары болады. Тамыр соғуын анықтау жүрек қантамырлар жүйесінің жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі. Тамыр соғуын кәріжілік , шынтақ, ұйқы, самай, сан, табан бетіндегі артериялар арқылы анықтауға болады. Ол үшін бізге температура парағы секундомер және науқастың медициналық картасы қажет. Алдымен науқаспен танысып, процедураның мақсаты мен барысын түсіндіреміз. Содан соң науқастың жағдайының қалыпты екенін қадағалап, оны ыңғайлы позаға келтіріп, қолын еркін қоюын сұраймыз. Білезік буынынын саусақтарымызбен ұстап, кәріжілік артериясын 2,3,4 саусақтармен қысып, тамыр соғуын анықтаймыз. Содан соң тамыр соғуының барлық белгілерін тексереміз.
Пульстің ырғақтылығы тамырдың бірінен кеін бірі бірдей уақыт арлығында ырғақты соғуы. Егер тамыр соғуының ырғақтылығы бұзылса аритмия пайда болады.
Пульстің синхрондылығы дегеніміз екі қолдағы тамыр соғуының бірдей болуы.
Пульстің жиілігі тамыр соғуы толқыныныңбір минуттағы саны. Ол дене температурасының әсерінен және физикалық күш түсу деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Тамыр соғысы бір минутта 60 тан төмен болса брадикардия, ал 80 нен жоғары болса тахикардия деп аталады.
Пульстің кернеулігі тербелістің тарылуын тоқтататын күш арқылы анықталады. Қан қысымы қаншалықты жоғары болса тамыр соғуыда соншалықты жоғары болады, ал қын қысымы қаншалықты төмен болсада тамыр соғуыда соншалықты баяу болады.
Пульстің толуы артериядағы қанның және жүректің жиырылу көлемімен анықталады. Артерия қанға толығымен толғанда тамыр соғу толқыны жақсы анықталады, ал керсінше болғанда тамыр соғу толқыны білінбей, жіп тәрізді болады. Мұндай кезде мейірбике дереу дәрігерге хабарлау керек.
Барлық параметрлерді анықтап болған соң нәтижелерді науқастың медициналық картасына және температура парағына жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет