1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы


Эндокринді-гормондарға ұқсас заттарды бөлу.Су мен тұздың гомеостазын реттейді



бет7/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Эндокринді-гормондарға ұқсас заттарды бөлу.Су мен тұздың гомеостазын реттейді.



Препаратта тіл асты сілекей безі берілген.Тіл асты сілекей безі-күрделі альвеолярлы түтікшелі без.Аралас безге жатады.Безде секреторлы аяққы бөлімдерінің 3 түрі бар:нәруызды,аралас және шырышты.Нәруызды секреторлы аяққы бөлімдердің мөлшері көп емес.Бездің негізін аралас аяққы бөлімдер құрайды.Тіл асты безінде секреторлы жасушалардан құралған айшықтар жақсы дамыған.Олардың секреторлық түйіршіктері муцинге реакция береді.Оларды серомукозды жасушалар дейді-нәруызды және шырышты өнімді бөледі.Жасушалар серомукозды айшық түзеді.Шырышты аяққы бөлімі айрықша шырышты жасушалардан түзелген.Миоэпителиоциттер аяққы бөлімдердің сыртқы қабатын құрайды.
Безде ендірме өзектердің ауданы аз.Жолақты өзектері нашар дамыған,олар қысқа,кей жерлерінде мүлдем болмайды.Бұл өзектер призмалы эпителиймен жабылған.Жолақты өзектерді қаптайтын эпителийлік жасушалардың цитоплазмасында ұсақ көпіршіктері болады.Бездің бөлікшеішілік және бөлікше аралық шығару өзектері 2 қабатты призмалық ,ал сағасын көпқабатты жазық эпителий жабады.Дәнекер тінді бөлікшеішілік және бөлікше аралық тосқауылдар жақсы дамыған.


Өңеш. Бояуы - Гематоксилин-эозин.

1-өңештің қуысы 2-кілегейлі қабықтың көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиі 3-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 4-өңеш бездері орналасқан кілегей асты қабығы 5-етті қабық 6-адвентиция 7-меншікті бездердің өзектері
Қызмет: Секреторлық,нәруыздардың қорытылуы,астың химиялық өңделуі,химустың жылжуы.

Препаратта өңеш берілген.Өңеш астың асқазанға өтуін қамтамасыз ететін мүше.Қабырғасы:шырышты,шырышасты,бұлшықетті ,адвентициальды қабықшалардан тұрады.Шырышты қабығы –эпителийден , меншікті пластинка мен бұлшықетті пластинкадан тұрады.Эпителий-көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін болып келеді.Эпителийдің үстіңгі қабатында кератогиалин аз мөлшерде болады.Меншікті пластинкасы эпителийге еніп тұратын дәнекерлі бүртіктер түзеді.Мұнда өңештің кардиальды бездері орналасқан.Бұлшықетті пластинкасы –жазық бұлшықет жасушаларының бойлай бағытталған шоғырларынан құралады.Сыртынан эластикалық талшықтардың торымен қоршалады.Ал шырышасты негізі-құрамы борпылдақ дәнекер тіні,қан мен лимфа тамырлары болады.Мұнда өңештің меншікті бездері орналасады.Бұл бездер-күрделі,тармақталған альвеолярлы түтікшелі бездер.Секреторлы бөліктері-миоциттермен қоршалады.Бұлшықетті қабығы-іші айналмалы,сыртқы-бойлық қабаттардан құралады.Жоғарғы 3 тен бір бөлігінде жұтқыншақтың жалғасы болып,көлденең жолақты ет тіні түрінде болады.Ал төменгі жағында тегіс салалы миоциттер жігінен тұрады.Адвентиция қабығы-өңешті сыртынан қоршайтын дәнекер тінімен байланысады.Осы қабықта қан тамырлары мен нервтері көп болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет