1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы


Жұмсақ таңдай. Ауыз беткейі. Бояуы - Гематоксилин-эозин



бет2/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Жұмсақ таңдай. Ауыз беткейі. Бояуы - Гематоксилин-эозин




1-көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий
2-жұмсақ таңдай кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы
3-қан тамырлары


Қызметі
Жұту, терморегуляция, асты өңдеу, секреция

Препаратта жұмсақ таңдайдың ауыз беткейі берілген.Жұмсақ таңдай –бұлшықетті негізден құралып,сыртынан шырышты қабықшамен тысталады.Жұмсақ таңдайдың ауыз беткейіндегі бетіндегі шырышты қабықша қабықша көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителиймен жабылады.Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы биік жіңішке бүртікшелерден құралады.Олар эпителийге ене орналасқан.Оның астыңғы жағында жақсы жетілген эластикалық талшықтар қабаты орын тебеді.Шырышты қабықшаның бұлшықетті табақшасы жоқ.Әрі қарай құрамында көптеген адипоциттері бар борпылдақ дәнекер тіннен түзілетін,жақсы дамыған –шырышасты негіз орналасқан.Онда таңдай бездері жайғасады.Осы бездердің шығарушы өзектері жұмсақ таңдай мен тілшіктің ауыз қуысына қарайтын бетіне ашылады.





Жұмсақ таңдай. Мұрынжұтқыншақ беткейі. Бояуы - Гематоксилин-эозин.




1-көп қатарлы кірпікшелі эпителий
2-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы
3-кілегейлі сілекей бездерінің соңғы бөлімдері


Қызметі:
Жұту, терморегуляция асты өңдеу, секреция

Препаратта жұмсақ таңдайдың мұрынжұтқыншақ беткейі берілген. Жұмсақ таңдайдың мұрын қуысына қараған бөлігіндегі кілегейлі қабықшасы эпителий мен меншікті пластинкадан түзілген,оның шырыш асты негізі мен бұлшықетті пластикасы болмайды. Кілегейлі қабықшаның эпителийі – көп қатарлы кірпікшелі,құрылысы бойынша кірпікшелі және бокал тәрізді эпителиоциттерден тұрады.Кірпікшелі эпителиоциттер биік болып келеді,ал пішіні бойынша призмалық.Олардың апикальды беттері кірпікшелермен көмкерілген,қызметі бойынша шырыштың және бөгде заттардың жұтқыншаққа қарай қозғалуын қамтамасыз етеді.Ал бокал тәрізді эпителиоциттер эпителий бетіне муцин бөліп шығарады,қызметі механикалық және инфекциялық әсерлерден сақтау.Кілегейлі қабықтың меншікті пластикасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген, ерекшелігі - құрамында емізіктері болмайды.Жұмсақ таңдайдың бұл аймақтарынан шырышты сілекей бездерінің соңғы секреторлы бөлімдері өтіп,шығару өзектері жоғарғы азу тістер мен бадамшалардың тұсынан,тіл жүгеншігіне ашылады.Жұмсақ таңдайдың мұрын- жұтқыншақтық бөлігінде жұтқыншақ бадамшасы,ал таңдай доғашықтарының аралығында таңдай бадамшасы орналасқандықтан лимфоидты фолликулдарды кездестіруге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет