1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Ландшафт генезисі. Генетикалық және кешендік топтары



бет20/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
35. Ландшафт генезисі. Генетикалық және кешендік топтары
Ландшафт генезисі - ландшафтының пайда болуына және оның казіргі кездегі динамикалык күйіне себепші процестер жиынтығы. Адам қоғамы баталғанға дейін ландшафтыларға айтарлықтай дәрежеде солярлық (климаттык) факторлармен бірге теллурлық (негізінен, Жердің пішіні), тектоникалык және биологиялық факторлар әсер етті. Бұл тұжырым ландшафтының зоналық-белдеулік (тундра, экватор және т.б.), биогендік, гидрогендік, орогендік (жазық, тау, аңғар және т.б.) деп аталатын типтерінің атауынан көрініс табады, мұнда бірінші немесе екінші фактор жетекші фактор болады.
Генетикалық және кешендік топтары.
Ландшафттардағы органикалық өмір биоценоздардың комплекстердің күрделілігімен сипатталады. Фацияларға қарағанда ландшафттарды тек бір ғана өсімдікпен немесе өсімдіктер тобымен сипаттау мүмкін емес. Бір ғана ландшафт аумағында әртүрлі өсімдіктер типіне жататын көптеген топтар кездесуі мүмкін. Мысалы, тайга зонасының әрбір жекелеген ландшафт құрамында орманның, батпақтардың, шалғындардың, кейде тіпті тундралық өсімдіктер де кездесуі мүмкін. Екінші бір жағынан бір ғана өсімдіктер формациясы немесе ассоциациясы әртүрлі ландшафттарда кездесіп, негізінде, оның біреуіне де тән болмауы мүмкін. Сонымен, әрбір жекелеген ландшафт өз аумағында белгілі бір топо-экологиялық қатар құрып әр алуан өсімдіктер топтарының заңдылықты құрамымен сипатталады. Топо-экологиялық қатарлар нақтылы ландшафттардың өсімдік топтарының ерекшеліктерін анықтайды да геоботаникалық карталардың негізіне алынады. Осының нәтижесінде территория бойынша ландшафтқа геоботаникалық аудан сәйкескеледі.
Ландшафттардың компоненттері ретінде жануарлар дүниесінің әсері әлі де болса толық қарастырылмаған. Бірақ зооценоздардың ландшафтпен оның морфологиялық бөліктерімен тығыз байланысты екені даусыз. Кейбір жануарлар түрлері белгілі бір мекен жайларға тұрақты қоныстанған, ал көпшілігі қозғалмалы, орын ауыстырып отырады, бірақ бұндай орын ауыстырулар белгілі ландшафттың шекараларымен (немесе антропогендік-территориялық комплекстер-дің) сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет