1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Рельеф пластикасы және ландшафт геологиясы жерге орналастыру үшін ландшафттық жоспарлаудың негізі ретінде



бет19/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
32. Рельеф пластикасы және ландшафт геологиясы жерге орналастыру үшін ландшафттық жоспарлаудың негізі ретінде. Дамудың табиғи жӘне антропогендік факторлары. Энергия көздері, олардың қарым-қатынасы. Ритмикалық, тӘуліктік жӘне циклдық өзгерістер. Геолиогеофизикалық өзгерістер. Табиғи кешендердің тарихи даму ерекшелігіне шолу жасау олардың болашақтағы өзгерісіне баға беру үшін қажет. Л.С.Бергтің «табиғи ландшафтарды танып білу үшін оның қашан, қалай пайда болғанын, уақыт өте келе неге айналатынын анықтау керекң - деген тұжырымы осы ойдың бірден-бір дәлелі болып табылады. Алуан түрлі табиғи факторлар мен процестер комплекстердің дамуына бірдей әсер етсе де әрқайсысының қарқыны мен бағыты әрқалай.
А.А.Григорьев, М.И.Будыко сияқты ғалымдар әсіресе климатқа негізгі фактор ретінде көп көңіл бөлген. Климаттың жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, ылғалдану коэффициенті сияқты көрсеткіштерінің рөлі ерекше. Сонымен қатар, климаттың көп жылдық көрсеткіштерінің ауытқуы, кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруіне көп көңіл бөлу қажет.
Жалпы ылғалдану теориясы бойынша солтүстік жарты шарға әртүрлі ұзақтықтағы ритмикалық ауытқулар тән. Ең ұзақ ритмнің мезгілі 2000 жыл. Ол ірі екі фазаға бөлінеді: а) салқын-ылғалды 300 - 500 жыл; б) жылы және құрғақ - 600 - 800 жыл; в) бірінші мен екінші фаза аралығындағы өтпелі фаза 700- 800 жыл.
Дегенмен, қазіргі климаттың өзгеруі – ылғалданудың бірде артып, бірде төмендеп ауысып отыруына сәйкес. Шнитников бойынша мұндай кезеңдердің ұзақтығы 45 жыл. Ылғалданудың соңғы өсу фазасы Қазақстан территориясында өткен ғасырдың 40 ж. болған.
Сонымен, өткен геологиялық даму кезеңінде де климаттық көрсеткіштер өзгеріп отырған. Мерзімі бойынша климаттық көрсеткіштердің өзгеруі соңғы геологиялық кезеңде пайда болған: 70 млн. жыл бұрын жылы климат оның қайта суынып мұздықтарды пайда етуімен ауысып отырған. Мұздықты кезеңдер плейстоценде (ұзақтығы 100000 ж) мұз аралық жылынумен (ұзақтығы 20000 ж), соңғысы осы күнге дейін созылуда. Плейстоцен мен голоцен аралығындағы климаттың өзгеруі қазіргі табиғи зоналардың шекараларының қалыптасуына ықпал етті.
Алғаш рет М.Х.Байдал Қазақстан территориясы үшін апатты қуаңшылықтың қалыптасуын күннің активтілігімен байланысты екенін дәлелдеді: күн активтілігінің (белсенділігінің) 11 жылдық цикл максимумында қуаңшылық сирек, ал керісінше болған жағдайда көп,яғни жиі қайталанып отырады. Ал ауа температурасының көп жылдық өзгеру циклы 30 жыл. Сонымен, жоғарыда айтылған авторлардың еңбектерінен ылғалдану режимінің, температура мен жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі күннің активтілігімен байланысты екенін түсінеміз. Циклдық өзгерістер жылы және суық кезеңдердің бір-бірімен ауысып отыратынынан байқалады. Бұл кезеңдердің ұзақтығы әрқалай: 2 ден 11- 22 және 30 жылға дейін.
Сонымен Қазақстан территориясының қазіргі климаттық жағдайының өзгеруі, мысалы, теңіздердің деңгейлерінің тартылуы мен өзен суларының азаюы жағымсыз табиғи процестердің қалыптасуына әсер етті. Егер де өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін батпақтану, су эрозиясы, тұздану, дефляция сияқты процестер басым болса, қазір теңіз деңгейінің төмендеуіне байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеуі. Аридті климат үдеді, батпақтардың, қамысты комплекстер мен тоғайлардың ауданы азайды. Кейбір жерлерде өзен, көлдер құрғап, сортаң және сор шұңқырлар пайда болды. Осы процестердің нәтижесінде табиғи комплестердің ауысуы, тұз шоғырлану, өсімдік пен топырақтың нашарлауы, жалпы алғанда, эолдық процестер ұлғайды. Мұндай процестер бүкіл Қазақстан территориясына тән.
Осы процестердің тарихи кезеңде дамуы мен кеңістік бойынша алмасып отыруы бірнеше факторға байланысты. Әсіресе территорияның морфоструктуралық және морфоскульптуралық құрылымын, неотектоникалық қозғалыстардың режимін, климат және антропогендік факторларды ерекше атап кетуге болады. Осы процестерге байланысты аккумуляция мен денудация, экзогендік процестердің қарым-қатынасы кеңістік бойынша әртүрлі . Бағыты мен қарқыны әр түрлі эолдық процестер бүкіл Қазақстан территориясында дамыған.
Ландшафттардағы органикалық өмір биоценоздардың комплекстердің күрделілігімен сипатталады. Фацияларға қарағанда ландшафттарды тек бір ғана өсімдікпен немесе өсімдіктер тобымен сипаттау мүмкін емес. Бір ғана ландшафт аумағында әртүрлі өсімдіктер типіне жататын көптеген топтар кездесуі мүмкін. Мысалы, тайга зонасының әрбір жекелеген ландшафт құрамында орманның, батпақтардың, шалғындардың, кейде тіпті тундралық өсімдіктер де кездесуі мүмкін. Екінші бір жағынан бір ғана өсімдіктер формациясы немесе ассоциациясы әртүрлі ландшафттарда кездесіп, негізінде, оның біреуіне де тән болмауы мүмкін. Сонымен, әрбір жекелеген ландшафт өз аумағында белгілі бір топо-экологиялық қатар құрып әр алуан өсімдіктер топтарының заңдылықты құрамымен сипатталады. Топо- экологиялық қатарлар нақтылы ландшафттардың өсімдік топтарының ерекшеліктерін анықтайды да геоботаникалық карталардың негізіне алынады. Осының нәтижесінде территория бойынша ландшафтқа геоботаникалық аудан сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет