1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Математика сабақтарын жоспарлау және жүргізу



бет19/19
Дата27.02.2022
өлшемі157 Kb.
#26485
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
15-Лекция. Математика сабақтарын жоспарлау және жүргізу
Сабақ дегеніміз – оқытудың ұйымдастырылған формасы, мұнда мұғалім нақты белгіленген уақыт аралығында, әдейі белгіленген орында оқушылардың коллективтік танымдық әрекетіне әрбір оқушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі құралдарды пайдалана отырып, барлық оқушылар оқитын материалдың негізін нақты оқыту процесінде қабылдауын қамтамасыз ете отырып, тәрбиелеуге және танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай тудыра отырып жетекшілік етеді. Қазіргі заман мектебінде оқу үрдісінің сапасын көтеру үшін математикалық білім берудің категориялары, қағидалары және көкейкесті мәселелеріне арқа сүйеніп, оқытудың заңдарын, заңдылықтары мен қағидаларын, интерактивтік технологиялар мен инновациялық әдістемелерді басшылыққа алу керек. математика мұғалімінің жалпы оқыту шеберлігі мен дағдысының және интеллектуалдық іскерліктің параметрлері 22-23-кестелерде көрсетілді. Оқыту – адамға мамандық бойынша ақпараттарды береді, ал тәрбиелеу адами қаситеттермен қоса адамның өзін, жеке тұлғаны қалыптастырады. Білім беру адамның өз өмірі мен қызметінің тұлғасы ретінде қалыптасуының үрдісі болып табылғанда ғана мәдениет құбылысы ретінде көрінеді. Білім берудің басты мәселесі – адамға оның дамуына қажетті нәрселерді беру болса, білім берудің мазмұны: оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту. Оқытушы әрқашан білім алушыны жеке тұлға ретінде қабылдауы керек: толық қалыптасып, ашылып үлгірмеген, бірақ тұлға, болашақ маман. Егер, оқытушы: оқыту заңдарын, заңдылықтарын, қағидаларын ескермесе, сабақта отырған студенттердің қарындарының тоқтығын білмесе, білім алушының айналасындағы құрбыларымен, ата-анасымен қатынасының жақсы немесе жаман екенін білмесе, жатақханадағы тұрмыс жағдайын білмесе, аудиториядағы әрбір студенттің статусын білмесе, ұлттық ерекшеліктерін, дәстүрін білмесе, оларды білім беруге пайдалана алмаса, пәнаралық байланыс орната алмаса, оқыту материалын өмірмен байланыстыра алмаса, білім алушының шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау дәрежесін, креативтілік бейімділігін біліп, оны ары қарай дамытпаса – ол нашар оқытушы. Тәрбие – адамдарды қоғамда еңбек етуге және пайдалы басқа да қызмет істеуге және көптүрлі әлеуметтік функцияларды орындауға дайындаудың нысанды-құқықтық үрдісі. Белгілі гуманист-педагог В.А.Сухомлинский тәрбие жөнінде өзінің «Жас мектеп директорымен әңгіме» деген еңбегінде былай деген: «Кең мағынадағы тәрбие – бұл әрдайым рухани баю мен жаңарудың көпжақты үрдісі». Жоғарыда келтірілгендердің қорытындысында: әдіс – оқытудың мақсаттарына жетуге бағытталған оқытудың тәсілдері мен формаларының сәйкестігі. Сонымен, әдіс студенттердің таным әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілдері мен сипатын қамтиды. Оқыту формасы – оқытушы мен студенттердің ұйымдасқан түрдегі өзара қатынастары. Оқыту формалары: күндізгі, сыртқы, кешкі, өзіндік, (оқытушының бақылауымен және бақылауынсыз), даралық, фронтальдық т.б. Оқыту – тарихи өзгермелі үрдіс. Ол ең алдымен, өндіріс пен өндіріс қатынастарының деңгейімен, қоғамның талаптары және сұраныстарына тәуелді, сондай ақ, әлуметтік шарттарына, қоғамның рухани байлығына, оның мәдени дәстүрі мен білімділік деңгейіне тәуелді өзгереді. Оқыту – бұл адамзат тәжірибесінің, қызметі пен таным тәжірибесінің жеке тұстары көрініс табатын бағытталған, алдын ала жоспарланған үрдіс. Оқыту – жеке тұлғаның қалыптастырылуының, ақыл-ой дамуы мен жалпы білім берудің маңызды құралы болып табылады. Білім алушылардың белсенділігі – бұл олардың оқу үрдісіндегі қарқынды жұмысы, практикалық дайындығы және білімін, қалыптасқан дағдылар мен біліктілігін қолдана білулері. Оқудағы белсенділік білім, білік, дағдыларды саналы игерудің шарты болып табылады. Танымдық белсенділік – бұл өзіндік ойлауға, мәселені (есепті) шешудің өз жолын шешуге ұмтылыс, өздігінен білім алуға, басқалардың ой қорытындыларына сын көзбен қарауға, өз ойының тәуелсіздігіне деген ынта. Студенттердің белсенділігі оған қажетті шарттар орындалмаған жағдайда төмендейді. Студенттерді оқу үрдісінде белсенді оқу-танымдық жұмысқа тарту оқытудың белсенді әдістері деп аталатын әдіс, тәсілдерді қолдануға тікелей байланысты болады. Оқыту әдістері – бұл оқыту-оқу әдістері. Білімді беру және қабылдау әдістері: әңгіме, дискуссия, лекция, текспен жұмыс істеу т.б. Оқытудың практикалық әдістері: жаттығулар, практикалық жұмыстар, лабораториялық эксперименттер. Оқытудың қорытындыларын бақылау мен бағалау әдістері: өзіндік және бақылау жұмыстары, текстік тапсырмалар, зачёттар мен емтихандар, ғылыми жобаларды қорғау. К.Роджерс, оқу үрдісін жеңілдететін оқытудың практикалық әдістерін ұсынады: 1. Оқушыға оқу жұмысын таңдауына мүмкіндік беру; 2. Оқушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемі мен мазмұнына қатысты мәселелерді бірігіп таңдауы; 3. Оқу материалын емханикалық жаттаудың альтернативасы сапасында оқытудың проблемалық әдісі ұсынылады. Ол жаңалық ашуға бағытталған зерттеулерге оқушыны қосу арқылы іске асырылады; 4. Оқушы жұмысының жеке мәнділігіне сабақта шынайы өмірлік ситуацияларды имитациялау жолымен қол жеткізіледі; 5. Әртүрлі топтық тренинг формаларын кеңінен қолданысқа ендіру; 6. Тиімді топтар 7-10 адамнан құралады; 7. Білімі төмен немесе нақты міндеттерді арқаруға қауқары жоқ оқушылар үшін программалық оқытуды саралап қолдану; Мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде –сабақ, ал жоғары оқу орынында – лекция қабылданған. Оқыту формасы – бұл оқу үрдісінің өзінің арнайы құрылымы. Ол оқытушының жетекшілігімен ұжымдық, топтық және жеке тұлғалық жұмыс болып табылады. Оқыту әдістері – бұл білім алушылармен өзара қарым-қатынас тәсілдері. Әдіс белгілі ретпен орындалатын тәсілдерден құралады. Басқаша айтқанда, тәсіл – әдістің органикалық бөлігі болып табылады. Ю.К.Бабанский жасаған оқыту әдістерінің классификациясы 24-кестеде келтірілген. Оқытудың әртүрлі формаларын өткізгенде көрсету, дыбыстық техникалық, кинематикалық және басқа осы сияқты дидактиканың тілі болып табылатын оқыту құралдары пайдаланылады. Бұл дидактикалық мақсатқа жарап жатса, онда оқыту үрдісі бейнелілік және эмоционалдықпен көркейеді. Оқу үрдісі – адамның өзіндік таным жұмысының түрі. Ол оқушының нысандық дүниені тануының жалпы, сондай-ақ өзіне тән ерешеліктерін қамтиды. Егер оқымысты қайсыбір құбылыстарды, үрдістерді зерттеу барысында нысандық жаңа нәрсені таныса, оқушы оқу барысында, субективі жаңалықтарды ашып, яғни ғылым мен адамзатқа белгілі, ғылымның жинақтаған және жүйелегендерін ғылыми ұсыныстар, ұғымдар, теориялар, ғылыми факттар түрінде игереді. Оқудың тиімділі ішкі және сыртқы құрылымдармен анықталады. Ішкі құрылымдар ретінде оқытудың жетістікті болуы және академиялық үлгерім, сонымен бірге білім сапасы, біліктіліктер мен дағдылардың игерілуі, білім алушының даму деңгейі, оқымыстылық және оқуға икемділік деңгейі қабылданады. Білім алушының академиялық үлгерімі оқу жұмысының шын мәніндегі және жоспарланған деңгейі ретінде анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет