1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет31/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
6.1 Рационализм және эмпиризм
Рационализм (лат. Ratio - «разум») - болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:
1) онтологиялық;
2) гносеологиялық;
3) этикалық рационализм.
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастан ақылды.
Осынысымен рационализм - идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) - рационалистер.
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы - «дүниені танып білетін бірден-бір құрал - адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық теология мен схоластикаға қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім - күш» ұранын ұстанатын эмпириктер таным негізінде сезімдік тәжірибе жатыр деп сенді («Сезімде болмаған нәрсе - ақылда болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпириктерге қарсы қоятын дәлелдері:
1) ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2) ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
 «Моральдық - этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады.
6.2 Декарт философиясы
Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650 жж.) деп саналады.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1) дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2) субстанция, оның атрибуттары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3) философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;
4) танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.
Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:
1) дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
2) есесіне кез келген құбылыс пен затқа күмәндануға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3) түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шынайы процесс және дәлелді қажет етпейді;
4) күмәндану - ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
5) шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
6) ойлау - ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ақыл ғана жата алады.
Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымын тұжырымдады.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтіннің бәрі. Ондай қасиетке (өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі.
Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие - тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай).
Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1) материалды (заттар);
2) рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттары) болатынын атап көрсетеді:
дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау - рухани идеялардікі.
Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді.
Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, керісінше, бөлінбейді.
Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары - форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Адам, Декарт пікірінше, екі - материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.
Адам - өз бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.
Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынды: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер. Ол білімдер екі түрде:
1) ұғымдар;
2) пікірлер түрінде беріледі.
Туа біткен ұғымдарға жататындар: «Құдай» бар; «сан» бар; «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.
Туа біткен пікірлер: «бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.
Декарт практикалық танымды жақтады.
Декарт ойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:
1) адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2) ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану;
3) адамды жетілдіруге және тәрбиелеуге бағыттау.
4) түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.
Идеялар адамдарға туа бітеді, ол идеяларға сезімдік тәжірибенің еш қатысы жоқ. Таным әдісінде материалдық нәрселерді қажетсінбейді, тек ақыл шешуші болып келеді, ал ойлау материядан тәуелсіз, ұғым интеллектуалды интуицияның жемісі деген тұжырымдарын ережелер түрінде былайша ұсынады: «І. Ереже: Ғылыммен айналысатындарының мақсатында мынандай ақыл бағыттары болу керек; кез келген кездескен заттар жөнінде шын ақиқат, мықты пікірлер алып шығу керек; ІІ Ереже. Мынандай заттармен ғана айналысуы керек: біздің ақылымыз сенімді, күдіксіз танымдарды бере алатын қабілетке ие болатындармен ғана; ІV Ереже. Әдіс – ақиқатты іздеу үшін қажетті; VІ Ереже. Барлық заттарды да, оларды басқалардан бөлінген зат ретінде, бірақ салыстыру керек, біреу арқылы біреуін тану үшін, абсолютті немесе салыстырмалы деуге болады; VІІ Ереже. Білім үшін бәрі керек: біздің мәселемізге қатысты, жүйелі, үздіксіз ой қозғалысы және жеткілікті, әдіс дедукция; ІХ Ереже. Өткір ақылымызды мәнсіз, қарапайым заттарға, ондағы ақиқатқа есепті, тиянақты, анық көз жеткізбейінше, ұзақ уақыт бағыттауымыз керек... Ақыл интуициясын қалай пайдалану қажет, көру бойынша: бір уақытты көп объектілерді көргенде, интуиция оларды жеке анық тани алмайды, ол ойдың бір актісімен көңіл аударғанда көп объектіге, бұлыңғыр ақыл болар еді. Ал шебер жеке заттардың өте ұсақ бөлшектерін, олардың айырмашылықтарын бірден тани алады... Х Ереже. Ақыл зерделі болу үшін, оны заттарды зерттеуге, шынықтыруға бағыттау қажет, бәрін де әдістер арқылы игеру керек, тіпті ең елеусіздерін де» т.б.
Декарт дуалистік ұстанымды қуаттап, материя мен сананың, рух пен тәннің қатар өмір сүретіндігін көрсетті. Әлем біртұтас емес, ол бір-біріне тәуелсіз екі бастамадан тұрады: рухани және материалды немесе жан мен тән. Рухани субстанцияның негізгі қасиеті – ойлау, материалдық субстанцияның белгісі-тереңдік, ұзындық, ен өлшемдері дей келе, жан мен тәннің арақатынасын: тән ойламайды, жан тән қозғалысын шақырмайды деп шешеді.
Қозғалыстың бәріне механикалық сипат беруші ретінде тірі организмдердің өмірлік әрекеттерін механикалық машина қозғалысына теңеді. Басқа организмдерде туа біткен идеялар болмайды. Қозғалысты, әлемді құдай жаратқан, бірақ заттарды, құбылыстарды өзіндік даму үстінде қарастыру керек дей отыра, әлемнің жаратылуы теориясында алғашқы үш элементті ажыратты: от тәрізді (Күн, жұлдыз); су сияқты (аспан); жер тәрізді (жер, басқа планеталар т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет