1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет30/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Гуманизм дегеніміз не?
2. Қайта өрлеу заманы адам мәселесін қалай шешеді?
3. Н. Кузанский сенім мен ақыл-ой мәселесін қалай шешеді?
4. Н.Макиавелли саясат пен моральді қалай бір-бірінен айырады.
5. Н. Коперниктің ғылымға енгізген төңкерісі неде?
6. Дж.Бруноның натурфилософиясының ерекшелігі неде?
Әдебиеттер тізімі
1. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б.
2. Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. Учебн. Пособие. – М.: Высшая школа, 1980. – 368 с.
 
6 Жаңа заман философиясы
1. Рационализм және эмпиризм.
2. Декарт философиясы.
3. Спиноза философиясы.
4. Фр. Бэкон философиясы.
5. Т. Гоббс философиясы.
6. Дж. Локк философиясы.
7. Лейбниц философиясы.
Жаңа Заман философиясы - XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын - капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам - ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның шыңы, демек - дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Жаңа заман кезеңіндегі философия ренессанстан кейін өркендеуді жалғастырған ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларды қамтитын ғылыми танымдық ой-пікірлер жүйесі болып табылады. ХҮІІ ғасырда Еуропада ғылым мен өндірістің дамуы, жаңалықтардың ашылуы, білімге айрықша назар аудару, нарықтық қатынастардың белең алуы дүниеге ақыл тұрғысынан қарауды басшылыққа алды. Себебі, қоғамның саяси - экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі – ғылым болып табылатындығын адамзаттық өркениет толықтай ұғынды. Сондықтан тың ізденістер мен жаңашылдық, ілгерішіл өрлеудің жалпы бағдарлары, адамның әлемге қатынасының жетілген формалары ғылым дамуының нәтижелеріне сөзсіз қатысты болды. Бұл кезеңдегі тәжірибелік-қолданбалы ғылымдардың өркендей түсу қажеттілігі қоғамдық ғылымдар әдіснамасымен астасып жатты. Осыған орай, философия өзінің бұрынғы дәстүрлерін де сақтай отыра, жаңа даму бағдарларын іздестірді, тың танымдық дәстүрді қамтамасыз етуге тиіс болды: рационализм, эмпиризм, волюнтаризм, сенсуализм, идеализм, материализм сияқты әр бағытта даму бағдарлары қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет