1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет27/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
Әдебиеттер тізімі
1. Ортағасырлық діни философия. Жиырма томдық. 5-том. – Алматы: Жазушы, 2005.
2. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б.
5 Ренессанс философиясы
1. Қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері.
2. Неоплатонизм және натурфилософияның дамуы.
Антикалық өмір сезімімен туыс, орта ғасырлық философиядан кейінгі және оған көп жағдайда идеялық жағынан қарама-қарсы келіп, жаңа өмірлік сезіну мен түйсінулер қалыптасқан, мәдениет пен философия қайта өркендеген Еуропадағы 14-16 ғасырлар аралығын қамтитын кезең ренессанс деп аталады. Орта ғасырдағы құдайға ұмтылатын теоцентрлік көзқарастар үстемдігінің орнына адам мәселесін алға қоятын ой-пікірлер қалыптасты, бұл кезең туындылары антика дәуірінің мұраларын кеңінен пайдалану үрдісіне көшті, сондықтан да бұл уақыт қайта (қайтадан даму) өрлеу дәуірі деп аталады. Ол шартты түрде үш кезеңге бөлінеді: бастапқы ренессанс (14 ғ.), ренессанстың гүлденуі (15 ғ.), соңғы ренессанс (16 ғ.).
Яғни, қайта өрлеу дәуірінің аймағындағы мынандай ерекшеліктері бар:
- көне Грекия мұраларын қайтадан жаңғыртып, оларға сүйеніп отырады: аристотелизм, платонизм, эпикуреизм, стоицизм т.б. ілімдер қайтадан өңделе бастады.
- теоцентризмнің орнына антропоцентризмнің келуі: адамның әлемдегі орны мен жалпы жағдай, тағайындалуы, микрокосм идеясы т.б.
- гуманизм, яғни, адамсүйгіштік қағидалардың үстемдік ете бастауы: құқықтылық қағидалары, адамды басты құндылық деп табу, оның еркіндігі мен бақыт туралы идеялар т.б.
- пантеизм, яғни, құдайдың жеке жақтылығын түсіріп, оны жалпы табиғатқа апарып таңу;
- әлемнің жаңаша ғылыми картинасын космологиялық тұрғыдан байыптау: геоцентризмнің терістелуі мен гелиоцентризмнің орнықтылуы;
- утопиялық социализм идеялары: әділетті қоғам орнату идеялы;
- реформация мен саяси – әлеуметтік мәселелердің қойылуы т.б.
Осыған орай, бұл дәуірді мынандай сатыларға бөледі:
1) Гуманисттік (14 ғасырдың ортасы мен 15 ғасырдың орта шені): Данте, Ф. Петрарка, Эразм Роттердамский, Мор, Монтень т.б.
2) Неоплатоншылдық: Плетон, Фичино, Мирандола, Николай Кузанский (15 ғасырдың орта шені мен 16 ғасырдың басы).
3) Натурфилософиялық (16 ғасырдың екінші жартысы – 17 ғасырдың басы): Леонардо да Винчи, Коперник, Бруно, Галилей т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет