1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет32/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
6.3 Спиноза философиясы
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677 жж.) - европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р.Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1) субстанция мәселесі;
2) таным теориясы;
3) этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізінде Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен, Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойып, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты.
Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзінен өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция – Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігінде.
Субстанцияның атрибуттары бар екендігіне назар аударып, оларды шексіз деп түсіндірді, адамдық ақылға оның тек басты екі атрибуты ғана танылады - жайылу (кеңістік) және ойлау. Ойлау - табиғаттың атрибуты, материя атрибуты сияқты ешқашан пайда болмайды, жойылмайды, ол тастан адамға дейінгінің бәріне тән материяның мәңгі қасиеті, демек, барлық материя ойлайды деп, гилозоистік ұстанымды қуаттады. Спиноза нақты субстанция қалпын модустар деп көрсетті. Ол модустарды екіге бөлді: мәңгілік модусы, шексіздік модусы және уақытшалық, шектілік модустары. Алғашқы субстанция атрибутына (ұзындыққа) сәйкес келетін: қозғалыс пен таным, ал ойлау атрибутына: интеллект пен ерік, екінші модусқа - жеке заттар және ойлар мен тілектер енеді деді.
Ол қозғалыс материалды субстанцияның өз мәнінен шығады. Қозғалыс субстанция «негізінде» бар, бірақ ол жеке заттардан ғана байқалады, ал субстанцияның өзі уақыттан, қозғалыстан, өзгерістен тыс мәңгі. «Мәңгілікте ешқандай да: қашан жоқ, алдымен де, соңымен де жоқ» екендігі туралы көзқарастарын ұсынды да, субстанцияның өзі уақыттан тыс, қозғалмайтын нәрсе болғандықтан, өзгермейтін субстанция мен өзгермейтін заттар байланысын көрсетті.
Спиноза – детерменист. Әрбір заттың пайда болуының, өмір сүруінің, өлуінің әлемдегі, қандайда бір объективті себептері бар. Себеп екі түрлі болады: имманенттік, сыртқы. Имманенттік субстанция үшін, «өз себебі өзінде» болып келсе, сыртқы - механикалық себеп, тіршілік ету сферасы үшін бір текті модустардың өзара қатынасын анықтайды. Ал кездейсоқтық объективті емес, кездейсоқ деп есептелгендер олардың шығу себебін білмегендіктен деген ойларын түйіндейді. Кез келген жеке зат субстанция модусы ретінде қажеттілік, ол оның тіршілік ету, етпеуі кездейсоқтық болады деп тұжырымдайды.
Оның түсінігі бойынша, адам субстанция модусы, физикалық пен психикалықтың нақты бірлігі, яғни жан мен тәннің тұтастығы. Тән бір уақытта көп әрекеттерге қабілетті болса, жан да бір уақытта көптеген нақты заттарды қабылдай алады. Тән мен жанның осындай бірлігінен, сәйкес келуінен ол дүниетанымның негізін көрді. Сезімдік таным – бұлдыр, үстірт, ақылға көмекші және ақиқат емес, ақыл-ой танымы айқын, дұрыс деп рационалистік ұстанымды қуаттайды. 
Спиноза этикасының өзекті мәселелері:
1) детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы);
2) бостандық пен қажеттілік арақатынасы.
Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:
1) субстанцияда бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;
2) Құдай (Табиғат) толық бостандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;
3) модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;
4) адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;
5) жаны азаттықты қалағанымен, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат» болып табылады);
6) сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру –бостандыққа апаратын жол;
7) бостандық – бұл танылған қажеттілік.
Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:
1) табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;
2) аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.
Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет