1. Мәдениет туралы антропологиялық түснік. Теориялардың мысалдары



бет6/13
Дата27.12.2022
өлшемі57,77 Kb.
#59968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1. М дениет туралы антропологиялы т снік. Теорияларды мысалдар (2)

Бұқаралық мәдени код
Бұқаралық мәдениет немесе поп-мәдениет, көпшілік мәдениеті келесі қасиеттерге ие:

  • аудиторияның анонимдігі мен бұқаралығы;

  • хабарлардың клишелік сипаты;

  • мәтіндердің сериялығы және көп тираждылығы;

  • мәтіндердің қолжетімділігі;

  • коммуникацияның ляззат алуға бағытталуы;

  • мәдени мәтіндерді таратудың коммерциялық сипаты

Бұқаралық мәдениеттің кодтары – бұл реклама, бренд, клип
Умберто Эко: «реклама әрқашанда тұрақталған маңызына ие болатын визуалды таңбаларды пайдаланады, көпшіліктің әдеттегі ассоциацияларын қайта өндіреді. Мысалы, кішкентай баласы бар бақытты жұбайлардың бейнесі бізді «бақытты отбасыдан әдемі ешнәрсе жоқ» деген түсінікке жетелейді, және, олай болса, мына аргументке апарады «егер бұл бақыты отбасы мына өнімді пайдаланса, онда біз де неге солай істемейміз?»

3. Мәдениеттің осьтік формалары дегеніміз не? Олардың осьтік уақытпен байланысын және адамзаттың рухани дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.


Мәдениет кеңістігінің мәдениеттанулық моделіне үш негізгі салалар еңгізілген: рухани, әлеуметтік, технологиялық. Оларға үш өзара қиылысқан мағыналы осьтер (тіректер) сәйкес келеді:


1) X - когнитивті (білім)
2) Y - құндылықты
3) Z - реттеуші (нормалар мен ережелер)

Мәдени кеңістіктің үш осьтеріне (тіректеріне) үш түрлі парадигмалар сәйкес келеді: 1) когнитивті; 2) құндылықты; 3) реттеуші. Олар өзара қиылысқан жалпақтықтарды құрастырады. Бұларда мәдениет қалыптасып жүзеге асырылады.


Рухани мәдениет —(Х пен Y осьтерінің жалпақтығында) білім мен құрдылықтарға негізделеді
Әлеуметтік мәдениет —(Y пен Z осьтерінің жалпақтығында) құндылықтар мен нормаларға негізделеді
Технологиялық мәдениет—(X пен Z осьтерінің жалпақтығында) білім мен нормаларға негізделеді
Рухани мәдениетке мифология, дін, өнер, философия жатады. Бұлар мәдениеттің «осьтік (тірек) формалары» деп танылады. Бұл ұғым Карл Ясперстің «осьтік уақыт» (б.з.д. 800-200 жж.) теориясымен байланысты. Аталған кезде адамзаттың руханилық бірігуі басталды. К.Ясперс: «Бұл кезде ұлы ойшылдар келді. Үндіде Упанишадтар пайда болды; Будда өмір сүрді… Иранда Заратустра ізгілік пен зұлымдық өзара күрескен дүние туралы оқытты; Палестинада пайғамбарлар— Илия, Исайя, Иеремия және Екінші Исайя шықты. Грекияда —бұл Гомердің, философтар - Парменид, Гераклит, Платонның, трагиктердің, Фукидид пен Архимедтің уақыты… Бұл дәуірде біз қазірге дейін ойлауымызда қолданатын негігі категориялар (көлемі кең ұғымдар) дамытылды, қазір де адамдардың тағдырын анықтайтын әлемдік діндердің негіздері қаланды. Барлық бағыттарда әмбебаптылыққа өту жүріп жатты» (Карл Ясперс «Тарихтың мән-мағынасы мен арнауы»)
Рухани мәдениетте бірінші орынды когнитивтік және құндылықты парадигмалардың тіркесімі алып отыр. Реттеуші парадигма рухани құндылықтарды жасаудың тәсілдері, әдістері ретінде ғана қосымша рөл атқарады.
Рухани мәдениеттің ерекшеліктері:
1. Утилитарлық емес, яғни белгілі пайдалы (лат.: «utilitas» - пайда) мақсатқа жетудің құралы ретінде емес, өзінен-өзі керек
2. Шығармашылықтың неғұрлым көп еркіндігі
3. Санада қалыптасқан ерекше рухани әлем
4. Әлеуметтік ортадағы өзгерістерге орасан зор сезгіштікті білдіруі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет