Жазбаша мәдени кодтары: Алғашқы жазбаша мәдениеттер б.з.д. 4-3 мыңжылдықтың аралығында Ежелгі Шығыс елдерінде басталған. Жазудың пайда болуы әлеуметтік өмірдің күрделенуімен, алғашқы мемлекеттердің пайда болуымен, еңбектің дамуымен және бөлінуімен, әрекеттің жаңа түрлерін игерумен байланысты болған. Таңбалық әрекеттің жаңа түрлері пайда болды: жазу-сызу, сандар, есеп, сандармен, сызумен дара жұмыстар және т.б.
Жазу өзінің дамуында 3 кезеңнен өтеді, әрқайсысына сәйкес мәдени код қалыптасады:
пиктограмма – сызба сурет;
иероглиф – шартты кескін;
алфавит (б.з.д. 7 ғ. Финикияда).
Жазбаша мәдениеттің кодтары қасиетті кітаптарда (Өлгендер кітабы, Көне Өсиет және т.б.) қолданылған
Жазбаша мәдени кодтың қайта құру кезеңі 15 ғ. екінші жартысында (Қайта Өрлеу дәуірде) басталды. Ол кітапты баспадан шығарумен байланысты болды. 1445 г. И. Гуттенберг кітап басатын станокты шығарды. Бірінші Библия баспадан шықты.
15 ғ. Еуропада 1100 типография ашылған, оларда білімнің барлық салаларынан барлық тілдерде әдебиет басылған. Кітап басу сауаттылық деңгейін көтеруге, ағартушылық пен білім беруге болысты.
Жаңа мәдени код біржолата 18 ғ. екінші жартысында бекітілді
Жаңа дәуірдегі Батыс Еуропаның мәдени кодының – кітап мәтіннің - негізіне ғылыми білім салынды.
Экрандық мәдени код Экрандық мәдениет кинематограф пайда болғанда басталды - 28.12.1895 (француз ойлап тапқыштар, ағайынды Люмьер).
ХХ ғ. аяғында 20-шы жж. дыбыс пен экрандағы суреттің синхронизациялау проблемасы шешілді. Дыбысы бар кино дәуірі басталды(1928г.).
Экрандық мәдениеттің кодтары – визуалдық және аудиовизуалдық кинокадрлары
Сандық мәдени код ХХ ғ. екінші жартысынан бастап экрандық мәдениеттің дамуындағы жаңа кезеңі ретінде теледидардың, одан кейін компьютердің шығуы болды. Қазіргі кезде сандық мәдениеттің қалыптасу үрдісі жүріп жатыр.
Сандық мәдениеттің ерекшеліктері:
1) интернационалдық сипаты, ұлттық және мемлекеттік шекараларды еркін кесіп өтуді көздейтін;
2) мәдени кеңістіктің орталықсыздандырылуы: орталықтандырылған жүйелердің орнын коммуникациялық желілер басты
3) мәдени кеңістіктің біртектілігі, бірақ ол ұлттық мәдениеттердің бірдей болғанын алдын-ала көздемейді, керісінше, бұл жағдайда олардың төл мәдениеті мен қайталанбас сипаты ерекше құндылық деп саналады
Сандық мәдени код – мәтіндердің көптігі, олар таңбалар мен рәміздердің көптеген түрлерін - вербалдық, визуалдық, аудиовизуалдық - өздеріне кірістіреді