1. Мәдениет туралы антропологиялық түснік. Теориялардың мысалдары


Айырмашылык Материалдық мәдениет



бет8/13
Дата27.12.2022
өлшемі57,77 Kb.
#59968
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Айырмашылык
Материалдық мәдениет
Адамды қоршап тұрған және оның қолдары, дағдылары, технологиялары және ақыл-ойының көмегімен адамның өзі жасаған объектілік-заттық әлем адамзаттың немесе жеке адамның материалдық құндылықтарын білдіреді.
Рухани мәдениеттің материалдық негізі жоқ. Ол ең алдымен адамға немесе адам қоғамына сезім, эмоция, психика арқылы әсер етуге арналған. Ол адамның адамгершілік жағынан дамуына ықпал етеді, оның бойында тұрақты дүниетанымын қалыптастырады және өмірде дұрыс әлеуметтік және жеке шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Адамның жасаған әрекеті алдымен ойда, рухта пайда болады, тек содан кейін ғана белгілер мен нәрселерде көрініс табады. Мәдениетті адамдар өздері жасайды, оған үйретеді. Әрбір жекелік мәдениетті әлеуметтік мұра ретінде қабылдап, қажет болғанда оған өзгертулер ендіреді. Сондықтан соғыс немесе апаттар кезеңінде қираған ғимараттар, көпірлер адамдардың санасындағы мәдениеттің бөлігі ретінде қайтадан қалпына келтіріле алады. Сөйтіп мәдениет екі бөліктен тұрады: материалды және рухани.


Материалды мәдениет (артефактар) қолмен жасалынады, рухани мәдениет, ол-парасаттың жемісі. Материалды мәдениетті сақтап қалу үшін ол материалды емес мәдениеттегі сөздерге, ойларға, дағдыларға, әдет-ғұрыпқа және сенімдерге меңгеріліп алынған рухани дүниесіне айналуы керек. Әрине, ежелгі мәдениеттердің материалды қалдықтарын ескерткіш ретінде мұражайларға сақтайды, бірақ олардың мәдени маңызы жоғалғандықтан, бүгінгі ұрпақтар оны қайтадан қалпына келіруді керек етпейді.
Рухани мәдениет дегеніміз - білім, идея, заң, мінез-құлық, ережелер, белгілер, әдет-ғұрып, дәстүр мен тіл болып табылады. Рухани мәдениет – философия, құқық, этика, эстетика, ғылым, білім, әдебиет, діни-мифологиялық сенімдерді, яғни адамдардың рухани дүниесін қамтитын сананы қарастыратын таным, адамгершілік, тәрбие беру және білім алуды қамтиды. Рухани мәдениет ол көп салалы болып келеді де философиялық, адамгершілік, көркемдік, құқықтық, педагогикалық, діни-танымдық және интеллектуалдық мәдениеттерді қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет