1. Мәдениет туралы антропологиялық түснік. Теориялардың мысалдары



бет9/13
Дата27.12.2022
өлшемі57,77 Kb.
#59968
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Материалдық мәдениет дегеніміз – тұрмыстық және өндірістік білім, өндіріс техникасы мен технологиясы және т.б. Материалдық мәдениет бұл адамдардың материалдық өндірісінің, қызметінің нәтижелерін: өндіріс пен тұрғын үйді, тұрмыста тұтынатын заттарын, киім, көлік, байланыс құралдары мен дене тәрбиесін және т.б. қамтиды, қысқаша айтқанда, адамның қолымен жасалынған өзін қоршаған заттық ортасы.
5. Мифтің, діннің, өнердің, саясаттың рәміздері. Мысалдар. Өзара байланыс.
Рәміз, яғни символ - (грек тілінен. «симболон»- «таңба») – белгілі мән-мағынасы бар таңба. Бұл рөлде антикалық әлемде сынған керамикалық бұйымдардың бөлшектері, бір тиынның екі жартысы қолданылған. Бұларды өзара одақтасқан адамдар айырбастап, бірі-біріне көрсеткенде, бір тарап екінші тараптың туыстарына немесе достарына қонақжайлылықты көрсеткен.
Мифтің рәміздері
Миф ежелгі грек тілден «мифос» — «аңыз, әпсана») –бұл дүние туралы, ондағы адамның орны туралы, бәрінің қалай пайда болғаны туралы аламдардың түсініктерін жеткізетін мәдениет формасы.
Жер үстіндегі ежелгі халықтар мифологиясының аса маңызды рәмізі - «Әлемдік Ағаш». Бұл ағаш үш әлемді -Үстіңгі, Ортаңғы, Төменгі – біріктіріп, бүкіл дүниенің біртұтастығын құрайды. Әлемдік Ағаштың басында Үстіңгі әлемнің патшасы – Самрұқ (Семиург) құсы орналасқан. Әлемдік Ағаштың түп- тамырларын орап алып, зұлымдық кейіпі ретінде айдаhар-жылан бұратылып жатыр. Ағаштың етегінде адам тұр. Ол айдаhарға садақтан жебесін атайын деп тұр. Ағаштың төбесіндегі құстың ұясында болашақтың кейіпі ретінде балапандар жатыр.
Ұлттық діндердің рәміздері
Дін - жоғары күштердің тіршілік етуіне сенім білдіретін және өзінің рәміздер жүйесіне ие болып тұрған мәдениет формасы
Зороастризмнің рәміздері:
1) От және соның ыдысы (аташдан);
2) Фаравахар - адам-құс, оның екі ұзын қанаттарының үш қатар қауырсындары бар, олар – ізгі ой, ізгі сөз, ізгі іс рәміздері
3) ақ түс- тазалық пен ізгілік рәмізі, жасыл түс— гүлдену мен қайта туылудың рәмізі
Тәңіршілдіктің рәміздері:
1) шеңбердің ішіндегі крест және төрт әріптен тұратын «тәңір» сөзі;
2) Әлемдік Ағаш
Иудаизм рәміздеі:
1)Менора (жеті шырақ);
2) Давидтің алтыбұрышты жұлдызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет