1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Білім сапасы мәселесін зерттеудің негізгі бағыттарын нақтылап айт



бет31/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
43. Білім сапасы мәселесін зерттеудің негізгі бағыттарын нақтылап айт.

Білім сапасын арттырудың негізгі шарты-жаңа иновациялық технологиаларды қолдану.

«Білім беру мен басқарудың дәстүрлі мазмұнын өзгертіп, жаңа мыңжылдық

мектебіне түбірлі бетбұрысқа батыл қадам жасауға тура келеді. Біреулер оны

ертеңге қалдырады, біреулер бүгін бастайды. Кей баланың бағы бүгін жанады, басқасына 100жылдан кейін сәті түседі»

(Д.И. Менделеев)

ХХ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:

1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау» және т.б. әдістер жинақталған. Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс—әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.

2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өзен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту әдістері бар.Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

3.Ой-толғаныс — тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап,басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін,ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет