80.РР витамині, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. Асқорту працесстерінің бұзылуы.Диарея.Шеткі жүйке жүйелерінің терең бұзылуы.Ақыл-есінен айрылу.Сандырақ.Галлюцина-ция.Тілдің атрофиясы және ауырғыштығы. РР дәрумені – көпшілікке түрлі аттарымен белгілі зат. Олардың ішінде ниацин, никотинамид, никотин қышқылы бар. Бұл атаулардың әрқайсысы РР дәруменінің белсенді формасын көрсетеді. Тәуліктік мөлшерінәрестелерге — 6 мг дейін;балаларға — 8 мг;ер адамдарға — 20 мг дейін;әйел адамдарға — 6 мг дейін;
РР дәруменінің ағзадағы мөлшерінің жетіспеушілігінен ауыр салдарлар орын алуы мүмкін. Жетіспеушіліктің басты белгілерін жатады:енжарлық;күштің азаюы;депрессия;агрессияның туындауы мен ашушаңдық;пассивті жүріс-тұрыс;шаш пен тырнақтардың түсуі;терінің дызылдауы;терінің бөртуі, дерматиттер;терінің қабыршақтануы;
81. В6 витамині, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.В6 витамині, пиридоксин, антидерматитті. Құрылысы/хим.табиғаты: В6 витаминінің негізгі құрылымы пиридин сақинасы. В6 витаминінің 3 формасы бар: пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин және бір-бірінен азот атомына паражағдайда орналасқан 4-ші көміртек атомында алкогольдің, альдегидтің немесе амин тобының болуымен ерекшеленеді. Биологиялық әсері: В6 витаминінің барлық формалары организмде коферменттер: пиридоксальфосфат, пиридоксаминфосфат түзуге жұмсалады. Коферменттер пиридоксалькиназа ферменттің және АТФ-ң қатысуымен фосфорланады. Пиридоксальдық фермент амин кышкылдарының алмасуында негізгі роль атқарады: амин қышқылдарының трансаминдену және декарбоксилдену реакцияларын катализдейді, жеке амин қышқылдарының алмасу реакцияларына қатысады.
Авитаминозы: Балаларда В6 витаминінің жетіспеушілігі орталық жүйке жүйесінде қозудың артуымен, шеткі жүйке жүйесінде тырысып қалумен сипатталады, бұл тежеу медиаторы - гаммааминомай қышқылының (ГАМҚ) жеткіліксіз түзілуімен байланысты. Ересектерде В6 гиповитаминозының белгілері туберкулезды ұзак уақыт бойы изониазид препаратымен (В6 витаминінің антивитамині) емдегенде байқалады. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің зақымдануы (полиневриттер), дерматиттер, стоматиттер және глоссит дамиды.
Пиридоксаль тапшылығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін.
Тәуліктік қажеттілігі: 2-4 мг