Байланысты: 1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келт-emirsaba.org
83. С витамині, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. С витамині, аскорбин қышқылы, антискорбутты немесе цингағақарсы витамин. Құрылысы/хим.табиғаты: С витаминінің құрылысы глюкозаға ұқсас - гамма-лактон (гексозаның туындысы) болып табылады. Оның молекуласында 2 ассимметриялық көміртек атомы (4С, 5С) және 4 оптикалык изомер бар. L-аскорбин қышқылы ғана биологиялық активтілікке ие. Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылымен редокс-жұп тузеді. Биологиялық әсері: Аскорбин қышқылы келесі процестерге қатысады: 1) триптофанды 5-гидрокситриптофанға гидроксилдейді 2 ) холестериннен бүйрек үстi безінің гормондарының синтезінде стероидтарды гидроксилдеуге қатысады 3) фенилаланиннің тирозинге, тирозиннің диоксифенилаланинге, диоксифенилаланиннің норадреналинге айналуын катализдейді 4) фоль қышқылының ТГФҚ айналуын; 5) коллаген синтезінде пролин мен лизиннің гидроксилденуіне қатысады; 6 ) ішекте аскорбин қышқылы Fe3 -тi Ее2+-ке тотықсыздандырады, оның сіңірілуіне жағдай жасап, ферритиннен темірдің босауын тездетеді 7) С витамині жасушаішілік антиоксиданттық қорғаныс жүйесінде басты орын алады, ол жасушаішілік антиоксидант болып табылады. 8 ) С витамині цитохром Р450 оксигеназды жүйесі жузеге асыратын токсиндердің, антибиотиктердің және т.б. бөгде заттардьң залалсыздануына қатысады. 9) аскорбин қышқылы қатерлі ісіктің алдын алады (асқазан ішек ауруларында). 10) Тыныс алу тізбегінде цитохром с үшін электрондардың доноры 11) Көп мөлшерде бактерицидтік активтілікті және нейтрофилдердің миграциясын стимулдейді 12) Ig А жэне Ig М антиденелерінің түзілуін күшейтеі 13) Интерферондардың түзілуін және бөлінуін күшейтеді.
Авитаминозы: С витамині жетіспегенде тез шаршау, асқа тәбеттің төмендеуі, жұқпалы ауруға төзімділіктің төмендеуі, теріде көгерген (қанталау) аймактар пайда болады. Қызыл иек канауы - С витаминінің гиповитаминозының асқынған бейнесi, С витаминінің мүлдем болмауы цинга (скорбут) ауруына шалдықтырады. Цинганыц негізгі симптомы капиллярлардың өткізгіштігінің. Сонымен қатар гиповитаминоздың клиникалық көріністepi: кызыл иектің қанауы, тістердің босауы, байламдардың iciнуі, сүйектің зақымдануы, терінің солғын тартуы, жараның жазылуының кешігуi. С гиповитаминозы кезінде организмнің иммундық қорғаныс реакциялары әлсіреп, сәуле, iciк , атеросклероз, диабет жэне т.б. аурулардың патогенезң негізінде жатқан бос радикалды тотығу реакцияларының кушеюі байқалады.
Тағам көздері: өсімдік текті тағамдар, әсіресе бұрыш, қара қарақат, аскок, балдыркөк, орамжапырак, цитрустар, жабайы бүлдірген, итмурын С витаминіне бай. Тәуліктік қажеттілігі: 60-100 мг