1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар



бет34/39
Дата28.11.2023
өлшемі186 Kb.
#130833
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келт-emirsaba.org

82. В12 және Вс витаминдері, қан жасау процесіне қатысуы, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы.
Фолацин, фоль қышқылы, Вс витамині
Құрылысы/хим.табиғаты: Фоль қышқылы 3 құрылымдық бөліктен: птеридин қалдығынан, пара-аминобензой қышқылынан, глутамин қышқылынан тұрады.
Биологиялық әсері: Фоль қышқылы тотығу дәрежелері әр түрлі бip көміртек радикалдарының тасымалдану реакцияларын катализдейтін коферменттердің синтезі үшін субстрат болып табылады. Бұл коферменттер пуриндік нуклеотидтердің синтезіне, УМФ ТМФ-қа айналуына, глицин, серин, метионин амин қышқылдарының алмасуына қатысады. Авитаминозы: қан жасалуының бұзылуы және осымен байланысты қаназдықтың әр түрлі түрлері (мегалобласттык, макроцитарлык анемия), лейкопения дамиды, бой өcyi тежеледі. Вс гиповитаминозы кезінде эпителийдің регенерациясы тежеледі, әcipece ас қорыту жолдарының бұзылыстары байқалады. Витамин ішек микрофлорасында жеткілікті мөлшерде синтезделетіндіктен, оның авитаминозы сирек кездеседі. Алайда, кейбір ауруларды емдеуде сульфаниламидтік препараттарды көп қолдану авитаминозды тудырады. Бұл препараттар - парааминобензой қышқылының структуралык аналогы, олар микроорганизмдердеп фоль кышкылы синтезін тежейді. Тағам көздері: Вс витамині жасыл жапырақты өсімдіктерде: шпинатта көп, салатта,
Орамжапырақта, сонымен қатар томатта, жабайы бүлдіргенде кездеседі. Бауыр, ет, жұмыртка сарысы осы витаминге бай. Тәуліктік қажеттілігі: 0,3-1 мг
В12 витамині, кобаламин, антианемиялық витамин. Құрылысы/хим.табиғаты: В12 витамині басқа витаминдерден құрылысының күрделілігімен және молекуласында металл ионы - кобальттьң болуымен ерекшеленеді. Кобальт пopфиpинтәpiздi (коррин ядросы деп аталады) структураның құрамындағы 4 азот атомымен жэне 5,6-диметилбензимидазолдағы азот атомымен координациялық байланыс арқылы байланысады.
Биологиялық әсері: В12 витамині арқылы реттелетін 15 шақты реакция белгілі , солардың тек eкeyi сүтқоректілірдің жасушаларында жүреді:
  • Метил В12- гомоцистеиннен метиониннің тузілуіне қатысатын кофермент. Сонымен қатар, метил В12 ДНК мен РНҚ-ң алғы заты – нуклеотидтер синтезіне қажет фоль қышқылының қатысуымен жүретін үрдістерге жағдай жасайды.


  • Дезоксиаденозилкобаламин коферменті ретіде тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдарының және тармақталған тізбекті амин қышқылдарының метаболизміне қатысады




Авитаминозы: Жануарлар тіндерінде В12 витаминінің жеткіліксіздігі Каслдың ішкі факторының синтезінің бұзылуымен байланысты (Касл факторы кальций иондарының қатысуымен В12 витаминімен байланысып, оның ішекке сіңірілуіне әсер етеді). Авитаминозының негізгі белгісі: моноцитарлык (мегалобласттык) анемия. Бұл аурудың негізгі белгілері қанда үлкен эритроциттердің болуы, эритроциттер санының азаюы, гемоглобин концентрациясының төмендеуі. Қан жасушаларының бұзылуы ең алдымен қан жасау жүйесінің тез бөлінетін жасушаларындағы нуклеин қышқылдарының алмасуының, соның iшінде ДНК синтезінің бұзылуымен байланысты. В12 витаминінің авитаминозына жүйке жүйесіндегі бұзылыстар тән, бұл тақ санды көміртек атомы бар май қышқылдары ыдыраған кезде жиналған метилмалонил қышқылының улылығымен, тармақталған амин қышқылы жиналуымен түсіндіpyгe болады. Тағам көздері: бауыр, сиыр, шошқа, қой еті, жұмыртқа, сүт, ірімшік, сиыр бүйрегі, скумбрия, асшаян және мидия.
Тәуліктік қажеттілігі: 0,003 мг


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет