1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Дағдыны қалыптастыру деңгейлері



бет26/57
Дата19.10.2023
өлшемі375,48 Kb.
#119290
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

40. Дағдыны қалыптастыру деңгейлері.
Н.А. Бернштейн, кез-келген дағдының жасалуы екі кезеңнен тұрады.
• Бірінші кезең – дағдыны меңгеру – төрт фазаны қамтиды:
• 1) жетекші кезеңді анықтау;
• 2) іс-әрекет құрылымын анықтау, ол басқаның әрекетін бақылау мен талдау деңгейінде болады;
• 3) «әрекетті іштей– өзіндік түйсіну» ретінде сәйкес түзетулерді айқындау;
• 4) фондық түзетулердің төменгі кезеңіне ауысуы, яғни автоматтандыру процесі.
Дағдыларды қалыптастыру критерийлері:
Қалыптасқан дағдының немесе оның пысықталуының объективті көрсеткіштері ретінде мыналар табылады:
дизайн дағдыларының дұрыстығы мен сапасы (қателердің болмауы),
жеке операциялардың орындалу жылдамдығы немесе олардың реттілігі (сыртқы критерийлер);
сананың әрекетті орындау формасына бағытталуының болмауы,
Дағдының даму заңдары
Тиімділік (эффект) заңы – 1921 жылы Э.Торндайк ашқан. Дағдыны дамыту үшін әрбір пысықтаудың нәтижесін білу қажет, сонда ғана келесі пысықтауда оны жетілдіруге деген ниет туады.
Дағды дамуындағы жылдамдықтың өзгеру заңы – алғашқы пысықтаудағы дағды өнімділігін жетілдіру, қарқыны көп кешікпей өз қарқындылығын баяулатады.
Дағды дамуындағы біркелкі еместік заңы – дағдының ілгерілеуі олардың өнімділігіне әсер ететін субъективті және объективті себептер қатары әсерінен уақытша дағдының төмендеуімен алмасады.
Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
• Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы түсініксіз.
• Дағдыны сезіну – мақсатқа жету жолы туралы түсінік пен зейінді шоғырландыру болғанымен әрекет өте баяу жүреді, қажет емес қозғалыс пен қателіктер байқалады.
• Дағдыны автоматтандыру – зейін мен ерік біртіндеп төменгі концентрацияны (шоғырлануды) қажет еткенмен, қозғалыс рационалды болмақ.
• Дағдыны жоғары деңгейде автоматтандыру – әрекет рационалды нақты және сенімді түрде орындалады, жаңа және күрделі дағдылардың алғы шарты пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет