1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жіктелуі



бет10/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жіктелуі.
Дауыссыз дыбыстардьщ жасалуында сөйлеу мүшелері түрліше қызмет атқарады. Мысалға п дыбысы екі еріннің қатты жымдасуы арқылы жасалса, з дыбысын айтқанда, тіл тіске жақындайды, ауа тістінң арасынан шығады.
Сөйтіп, п дыбысының жасалуында екі ерін ерекше қызмет атқарады, з дыбысының жасалуында тілдің қызметі басым болады. Сол сияқты әр дауыссыздың жасалу орны бар.
Қазақ тіліндегі дауыссыздар жасалу орнына қарай төмендегіше жіктеледі: тіл арты дыбыстары: қ ,ғ , х , һ; 2) тіл ортасы дыбыстары: к, г; 3) тіл алды дыбыстары: н, р , л, ш, ч, ж , й, т , с, д, з; 4) еріндік дыбыстар: а) қос еріндіктер: п, б, м; б) тіс еріндіктері: ф, в.
18-жаттығу. Тексті оқып, әр дауыссыз дыбыстың үннің катысына қарай, жасалу тәсіліне, орнына қарай дауыссыздар екенін ажыратыңдар.
— Ия, халайық, бұл бір асыл мереке болды, шын қуаныш, қалтқысы жоқ халық қуанышы. Солай болғанда, бір жағынан Абай үшін қуанамыз. Ал, осы куаныштың екінші бір тарауы тағы бар. Ол өзіміздің еңбегіміз үшін қуаныш, жақсылық үшін бірігіп, ынтымақ, тілек қосып, өз дегеніне жеткен адам, момын ел үшін қуанбасқа бола ма? Бұл анық елдік жол еді, әмсе осындай елдіктің жолы болсын. (М.Ә)
Дауыссыз к,қ,г,ғ әріптері.
К-қ, ғ-г дыбыстары жуан-жіңішке жұп болып қолданылады. Сондықтан жуан буында қ, ғ жазылады да, жіңішке буында к, г әріптері жазылады. Мысалы: қал, қаз, қақ, көк, күл, көмек, қағаз, гүл. Қалған дауыссыздар жуан-жіңішке болып бөлінбей, жуан буынды сөзде де, жіңішке буынды сөзде де қолданыла береді. Мысалы: бар, бер, сан, сен, базар, безер.
19-жаттығу. К, г, қ, ғ дыбыстарының жуанды-жіңішкелі ыңғайда қолданылып тұрғанын ажыратыңыздар.
1. Аспанда ұсақ қана ақ мамық бұлттар қалқиды (М. Ә.). 2. Мұқан серігіне бір рет көзінің қарашығымен емес, ағымен қарағандай болды (3. Қабд.). 3. Ал, шырақ, құрғақ әңгіме болмасын, іске кірісейік (Ғ. М.). 4. Келісімге келе алмаған екі батыр «қай күшіміз асқанымыз әкетейік» деп, жекпе-жекке шығады (С. М.). 5. Шәкірт бала ұзап кеткенде, бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып, қуып жетеді (М. Ә.). 6. Биік басқышы бар үйге келгенде, оның қақпасы таныс сияқты болды (X. Ес.). 7. Рақмет қабырғаға сүйенген күйінде қалды (С. Е.).

Орыс тілінен енген сөздерде жуан-жіңішкелікті талғамай жазыла береді. Мысалы: каталог, диалог, физика.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет