1. Психолгия пәні дегеніміз



бет6/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
13.Сөйлеу дегеніміз не.
Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылсаСөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.[1]
Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи — белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.
14.Темперамент түрлері.
Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.

  1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.

  2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді

  3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.

  4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет