1. Психолгия пәні дегеніміз


Психологияның зерттеу әдістері



бет30/41
Дата18.10.2023
өлшемі102,87 Kb.
#118621
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
64.Психологияның зерттеу әдістері.
Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс. Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
65.Баланың зейінін тәрбиелеу жолдары, мектепке дейінгі балаларға арналған ойын түрлерін көрсет.
Баланың зейін ерекшелігі және оны тәрбиелеудің негізгі құралы ойын болып табылады. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ойынның төрт түрде сипатталуы: сюжетті рольдік, ережелермен ойын, бейнелік-рольдік, режиссерлік. Коррекцияда ойынның үшінші және төртінші түрі қолданылады. Балалармен жүргізілетін түзету жұмысы үш кезең жорамалында. Алдымен балаға бейнелік-рольдік ойын көмегімен режиссер көзқарасты ұстауға көмектесу қажет, аффектілі мінез-құлықты балалар өздерінің жекедаралық ерекшеліктеріне қарай режиссерлік рольді ойнай алмайды. Олардың енжарлығы ойынды түсінуінің төмен деңгейі заттарды қарапайым ғана басқаруға алып келеді. Сондықтан ойындағы бейнелік-рольге енгізерде балаға қандай көзқарас ұстанатынын айту маңызды, бұл әртүрлі заттармен ойыншықтарды басқаруға көмектеседі. Осы кезеңде баланы сюжет ойлап табуға үйрету қажет. Ойында бала тек рольді ғана алмайды, күшті, әлсіз, батыл, қу адам бейнесіне енеді, бұл рольдер баланы сенімді сезінуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет