1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы



бет22/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
34. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы.
Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті.
Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.
Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді.
Қазақ-орыс қатынастарының ертеден келе жатқан тарихы бар. Ресей, Қазан (1552 ж.), Астрахан (1556 ж.) хандықтары және Еділ бойы халықтардың қосылуымен орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы қатынастар күшейе түсті. Ресейдің басты мақсаттарының бірі Орта Азия және Үндістанмен сауда қатынасы жолдарының қауіпсіздігін күшейту, Шығыс елдерімен байланысын бекіту болды. Қазақ даласы толық азиялық елдерге апаратын жол саналды.
Қазақ хандығы Ресеймен байланыс жасап, жоңғрарлармен және азиялық хандықтарымен күресте одақтас болуға тырысты.
XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғында Орынборда 150 сауда дүңгіршектері және қоймалары салынды, ал 1754 жылы қазақтарға және азиялық көпестерге арналған күзде, қыста және жазда сауда жасайтын арнайы орындар ашылды. Бұл тұрақтар алғашқыда бекініс ретінде тұрғызылып, кейіннен Ресей мен Қазақстанның арасында сауда орталықтарына айналды. 1750 жылдары Ресей империясы мен қазақ елі арасындағы сауданың өсу қарқыны байқалды.
35. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.[2]
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады.Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды.Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.
Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты.Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Бірақ осы шайқаста Әбілхайыр мен Қайыптың алауыздығы кесірінен қазақ қолы жеңіліске ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет