1. Статистикалық бақылау туралы түсінік, оны жүргізу кезеңдері



бет3/8
Дата16.02.2023
өлшемі67 Kb.
#68621
1   2   3   4   5   6   7   8
Статистикалық формуляр – бұл бақылау бағдарламасы мен нәтижесінен тұратын бір үлгідегі құжат. Кезкелген формуляр титулдік және адрестік бөліктерден тұрады. Біріншісінде статистикалық бақылаудың атауы мен оны жүргізетін мекеме, осы формуляр формасын кім және қашан бекіткені жөніндегі мағлұмат, оның нөмірі көрсетілсе, екіншісінде есептік бірліктің мекен-жайы, оның бағыныштылығы орын алады.

  1. Бақылау жүргізетін жерді таңдау қойылған мақсатқа қарай анықталады. Егер де мемлекет халқы туралы мәлімет алу қажет болса, онады бақылау осы мемлекет территориясын толығымен қамтиды.

  2. Бақылау уақытын таңдау негізінен 2 мәселені шешумен байланысты:

  • шекті (критический) моментті немесе уақыт интервалын белгілеу;

  • бақылау мерзімін анықтау.

Шекті момент (дата) ретінде зерттелетін жиынтықтың әрбір бірлігі бойынша белгілерді тіркеуге болатын нақты күн мен сағат саналады.
Бақылау мерзімі – бұл статистикалық формулярды толтыру процесі жүргізілетін уақыт. Яғни, жаппай мәлімет жинауға қажетті уақыт.
Осы мәселелермен қатар, бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

  1. Статистикалық бақылау формалары мен түрлері

Қазіргі кезде статистикада статистикалық бақылаудың 3 түрлі ұйымдастыру формалары қолданылады.

  1. Есеп беру – статистикалық бақылаудың негізгі формасы. Оның көмегімен статистикалық мекемелер белгіленген уақытта кәсіпорындар, мекемелерлер мен ұйымдардан заң түрінде бекітілген есептік құжаттар түрінде керекті мәліметтерді алады. Іс жүзінде есеп беру типтік және арнайы деп бөлінеді. Типтік есеп беру формасындағы көрсеткіштер құрамы барлық кәсіпорындар үшін біркелкі болып келеді. Ал арнайы есеп беруде көрсеткіштер құрамы экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып өзгеріп отырады. Есеп беру уақытына қарай апталық, айлық кварталды, жарты жылдық, жылдық деп бөлінеді.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет