1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Тірі организмдердің химиялық құрамы



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Тірі организмдердің химиялық құрамы 
Адам тірі организмнің химиялық құрамы. Адам табиғаттың құрам бөлігі. Адам организмнің 
химиялық құрамы, тіршіліктің басқа түрлері сияқты планета- әлемде бар элементтерден құралады. 
Жер қыртсындағы элементтердің биологиялық маңызын бұдан 100 жыл бұрын В.И.Вердандский 
зерттеп бастаған. Тірі организмдер қоршаған ортадан тек өзіне қажет элементтерді ғана алады. 
Тіршілік құрамына кіретін болғандықтан- оларды биогенді элементтер деп атайды. 
Адам организмінде 30 астам химиялық элементтер болатыны анықталған. Салмағы 70кг. Оның 
жетеуі негізгі элементтер- себебі организмдердің органикалық қосылыстарының құрам блігі және 
олардың құрылымдық элементтері, мыс: белоктардың, нуклеин қышқылдарының, липидтердің, 
көмірсулардың. 
Бұл элементтер барлық мүшелер мен ұлпалардың құрғақ заттарының негізі. О2-46000 г, С- 
13000г, Н2-7000 г, Са-1,200 г, Р- 700 г, т.б. 
С,Н,О,N бір- бірімен реакцияға өте жеңіл түсе алады, сөйтіп дара және қос байланыстар түзіп, 
көптеген қосылыстардың алғы заты болады. 
Фосфор- нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді, құрылымын жасауға қатысады, одан кейін 
АТФ,ГТФ т.б энергияға бай қосылыстардың құрамына кіреді. Ы- болса құрамында күкірт бар 
амин қышқылдарының құрамына кіреді. 
Стронций сүйектің құрамында анықталған. Стронцийдің радиоактивті изотобы 90сп ядролық 
жарылыстан кейін пайда болады, сумен, тағаммен адам организміне түсіп, сүйек ұлпасында 
жинақталады. 90с В – жарық бөлшектерін шығарады, ал ол сүйектің , сүйек миының 
паталогиялық өзгерістеріне ұшыратады. Ондай ауруды «стронцийдан болған рахит» деп атайды. 


3-тақырып 
Белоктар. Белоктар белоктарды зерттеудің дамуы. Белоктардың элементтік құрамы.
Белоктардың химиялық құрамы.
Белоктар бүкіл тірі организмдер құрамына кіретін заттардың ішіндегі ең маңыздысы және
олар клетка протоплазмасының негізгі бөлігі. Тіршілік процесстеріне негіз болып табылатын 
белоктың маңызы жөнінде Ф.Энгельс: ”Өмір дегеніміз-белоктық денелердің тіршілік ету тәсілі, 
ондай тіршілік тәсілінің маңызды кезеңі өзін қоршаған ортамен үнемі зат алмасып отыру
болып табылады, мұндай зат алмасу тоқталысымен тіршілік те бітеді, сөйтіп белок ыдырап 
бұзыла бастайды” деген болатын /Ф. Энгельс, Диалектика природы/. Ф.Энгельстің көрегендік
пікірін қазір биолдогия ғылымдарының жетістіктері толық дәлелдеді.
Белок жөнінде ең алғаш ғылыми мәлімет берген голландиялық ғалым Мульдер болатын.
Ол белоктың құрамында азот бар екенін анықтады және “протеин” деген терминді енгізді. Орыс
ғалымы А.Я.Данилевский /1891/ алғаш рет белок қүрамындығы амин қышқылдары бірімен-бірі
пептидтік байланыстар арқылы өзара қосылатыны жөнінде болжам үсынды.
Белоктардың элементтік құрамы қарапайым ол бес элементтен тұрады: С, О, Н, N, S;
Қышқылдың немесе ферменттің көмегімен гидролиз жасағанда белоктар ажырап амин
қышқылдарына айналады. Амин қышқылдары дегеніміз әртүрлі белоктардың молекуласын түзетін
мономерлі жеке заттар. Табиғи белоктардан тек, α-амин қышқылдары табылған.
И.П.Павловтың, әсіресе белоктардың ферменттік табиғатын анықтаған Дж.Самнердің (1926), 
Дж.Нортроптың (1930) бағалы жұмыстарынан кейін белоктарды зерттеу кең көлемде қолға 
алынды.
Белок жөніндегі ілімнің дамуына М.С.Цвет аса зор үлес қосты (1906). Ол хроматографиялық 
әдіс негізінде белоктарды, пептидтерді және аминқышқылдарын анықтаудың және ажыратып 
бөлудің жолдарын ашты. У.Стейн мен С.Мур (1946) ең алғашқы рет белоктардың амин 
қышқылдық құрамын, Л.Полинг пен Р.Кори (1951) белок молекуласында α спиральдік, β- 
қатпарланған қабаттың бар екенін, М.Перутц пен Дж.Кендрью рентген құрылымды анализ жасап, 
гемоглобин мен многлобиннің кеңістік құрылымын анықтады. 


4-тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет