1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Белоктардық құрамына кіретін амин қышқылдары. Полярсыз



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Белоктардық құрамына кіретін амин қышқылдары. Полярсыз,
полярлы бейтарап, полярлы қышқыл, полярлы негізді амин қышқылдары.

Белок құрамына кіретін амин қышқылдары 


Қышқылдың немесе ферменттің көмегімен гидролиз жасаған кезде белоктардың 
аминқышқылдарына ажырап, бөлшектенетіні анықталған. Амин қышқылдары дегеніміз әр түрлі
белоктардың молекулаларын түзетін мономерлі жеке заттар. Табиғатта сексеннен астам
аминқышқылдары белгілі болып отыр. Олардың 20ғана белок құрамына кіреді. Химиялық 
құрамына және бүйірдегі топтардың құрылымына байланысты аминқышқылдары полярлы 
(гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі немесе оларды бейтарап, қышқылдық 
және негіздік амин қышқылдары деп бөледі. 
Полярсыз бейтарап амин қышқылдары 
Бұл қышқылдарда органикалық радикалдар бар, ондай радикалдар протондарды қабылдайды да, 
бере алмайды және сумен әрекеттесе де алмайды. (олар – гидрофобтар, суды кері тебеді). Мұндай 
қышқылдарға жататындар: Глицин, аланин, валин, лейцин, изолейцин, метионин фенилаланин, 
пролин. 
Полярлы бейтарап амин қышқылдары 
Бұл қышқылдардың тобында C-O. O-H. S-H. C-N сияқты полярлы байланыстары бар, олар сумен 
әрекеттесе алды (гидрофилдер- су сүйерлер): Серин, треонин, цистедин, тирозин, триптофан, 
аспарагин, глутамин.
Полярлы қышқыл (гидрофилбді) амин қышқылдары 
Мұндай қышқылдардың бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық 
қасиет береді: Аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы. 
Полярлы негізді (гидрофильді) амин қышқылдары 
Бұл қышқылдардың бүйірлік радикалдарында негіздік қасиет беретін топ бар: Лизин, аргинин, 
гистидин. 


5-тақырып.
Амин қышқылдарының физикалық, қышқылдық-негіздік, химиялық қасиеттері 
Амин қышқылдарының физикалық қасиеттері 
Амин қышқылдары- түссіз, кристалл зат, суда ериді. Глициннен өзге амин қышқылдарының 
бәрінің құрамында көміртегінің ассиметриялық атомы бар. Көміртегінің ассиметриялық атомы бар 
әр түрлі төрт химиялық топпен байланысады. Мұндай кезде амин қышқылдарының екі түрлі 
пішіні болуы мүмкін.
Амин қышқылдарының қышқылдық- негіздік (амфотерлік) қасиеттері 
Амин қышқылдарында химиялық қасиеттері біріне- бірі қайшы, фунциональдық екі топ бар. Олар 
сулы ортаның рН жағдайына байланысты қышқылдық та негіздік те қасиет көрсетеді.
И.Н.Бренстед (1923) теориясына сәйкес осы заманғы түсінік бойынша, өзінің протонын (Н
+
) бере 
алатын қосылыстар қышқылдар деп аталады да, протон қосып алатын қосылыстар негіздер деп 
аталады. 
Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері 
Құрамындағы карбоксил және амин оптарының реакцияға қатысуы барлық амин қышқылдарына 
тән қасиет. Амин қышқылдарының амфотерлік ерекшелігі болғандықтан, олар негіздермен де, 
қышқылдармен де әрекеттесіп тұз түзеді.спирттермен әрекеттесу нәтежиесінде күрделі эфирлер 
түзеді және декарбоксилдену, дезаминдену құбылыстарына ұшырайды.
 


6-тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет