1 Тақырып. Деректер қорына кіріспе. №1-дәріс. Тақырыбы


Тақырыбы:Microsoft Access берілгендер қоры туралы түсінік. Microsoft Accessтің интерфейсі



бет5/129
Дата16.03.2022
өлшемі21,39 Mb.
#28241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Тақырыбы:Microsoft Access берілгендер қоры туралы түсінік. Microsoft Accessтің интерфейсі

Жоспар:

  1. Microsoft Access берілгендер қоры туралы түсінік

  2. Microsoft Access ортасында кесте құру және кесте құрылымын сипаттау


Microsoft Access берілгендер қоры туралы түсінік.

Берілгендер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген программалар дайындалған: DВАSЕ, FОХРRО, FОХВАSЕ, МІСRОSОFТ АССЕSS, т.б. оларды берілгендер қорын басқару жүйелері (БҚБЖ) деп атайды. Яғни, БҚБЖ - берілгендер қорымен жұмыс істсуге арналған   программа.

Алғашқы кездерде қолданылып жүрген DВАSЕ- тің түрлі варианттары, FОХРRО, FОХВАSЕ, т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі БҚБЖ болатын және олар МS DОS жүйссінде жұмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызғаны белгілі. Осы себепті, соңғы жьшдары пайдаланушыдан лрограммалауды   қажет ете бермейтін Місгоsоft office (Windows) құрамына кірістірілген Ассеss атаулы жан-жақты мүмкіндікті БҚБЖ-ның бірнеше варианттары  жарық көрді: Ассеss95, Ассеss88 97 (Ассеss-кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар. Ассеss-те файлдар кесте түрінде қүрылады. Ассеss , Ехсеі,  Word сияқты программалар арқылы дайындалған, берілгендер ерекшеліктерінің бірі — олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде  жіберіле және қабылдана алынады. МS Ассеss-ті пайдаланатындар көбінесе есептеу техникаларымен жұмыс істейтін, бірақ, программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушьшарды бүл программаны  оқып үйренудің жеңілдігі, көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ  шешу мүмкіндігі, сондай-ақ БҚ-дағы қажетті объектілерді жылдам қүруға мүмкіндік жасайтын қүралдары бар болғандығы қызықтырады. Windows жүйесінің элементтерімен таныс ксз-келген қолданушының Мs Ассеss   программасын оқып үйренуіне және оны қолданып БҚ-мен жұмыс   істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Ассеss программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде   ашылады.

МS Ассеss-ті басқарудың әртүрлі тәсілдері бар: мәзір жүйесі саймандар  тақтасы, контексті мәзір тышқан көрсеткішін және клавиштер комбинациясын қолдану. Бұлардың көбісі бір команданы қайталауы мүмкін, сондықтан олардың бірдей қолданудың мәні жоқ. Негізінде ең   ыңғайлысы — контексті мәзір мен тышқан. Контексті мәзір барлық   уақытга қол астында, яғни, оның керек уақытында тышқанның оң жақ  түймесін басу арқылы кез-келген объектіге байланысты шығаруға болады.  Сондай-ақ контексті мәзірден осы объектіге байланысты қандай операциялар жасауға болатыны да  көрінеді.

MS Access-ті стандартты іске қосу командасы: ПускПрограммы MS Access. MS Access программасы жүктелгеннен соң экранда көрсетілген сұхбаттық терезе шығады.

Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан  бар ДҚ-рын ашу.

ДҚ-рын жаңадан құру қажет болса, тышқан нұсқағышымен Жаңа ДҚ-рын құру жағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-ның атын және оның орналасу бумасын көрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе шығады

Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл типі көрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ терезесі көрінеді .

Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль және беттер.

Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі, Кестелерде берілгендер сақталады.

Сұраныс–берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді.

Қалып (форма) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал.

Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды.

Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады.

Модуль – Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.

Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі  Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады.

ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма орналасқан:

1) Ашу – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады;

2) Конструктор – таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету және оны өзгертуге мүмкіндік береді. Егер объект кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет;

3) Құру – жаңа объектілерді құру үшін керек.

MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі  .accmdb болып келеді.

MS Access- те кесте құрудың 3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет