1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет4/9
Дата18.10.2023
өлшемі478,54 Kb.
#118104
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Әлеуметтік өзара әрекет-бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар–адамдар және топтар арасындағы болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбыларымен,-достық, жолдастық қатынаста; өндірісте-еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

2. Қоғамның типологиясы мен әлеуметтік құрылымы.


Қоғамды және қоғамдық құрылымды функционализм тұрғысынан қарастыруды ең алғаш болып ХIХ ғ. Герберт Спенсер бастады. Спенсер функционализмнің негізін салды. Ол қоғамды тірі организмен салыстырды. Біздің организімімізде әрбір орган өмір үшін өзіндік ерекше қызмет атқарады. Бірақ бұл органдар бір-бірімен байланысты болғандықтан, олар өзара тәуелді жүйені құрайды. Егер олардың біреуі қызмет істеуден қалса, онда бүкіл организм істен шығады. Функционалистер қоғамды бірқатар өрістерден тұратын организм ретінде қарастырады. Қоғамның осындай әрбір өрісі өз қызметін атқарады, ал олардың қызметтерінің айырмашылығы неғұрлым көп болғансайын олардың тіршілік етуі қиындай түседі. Герберт Спенсердің теориясын Э.Дюркгейм жалғастырып жетілдірді - қоғамдағы нормадан ауытқулар мәселелеріне баса көңіл қойды; мұндай ауытқулар позитивті роль атқарады, себебі олар негативті қылмысты әрекеттерге тиым салынатын жаңа заңдар мен тәртіптерді жасауға мәжбүрлеп отырады.
Функционализмді қолдаушылар қоғамды әр түрлі сфералардан тұратын организм ретінде қарастырады. Қазір функционалистер Герберт Спенсердің, Э.Дюркгеймнің жолын жалғастыруда. Олардың негізгі баптары қоғамның өрістерін анықтау, олардың жағымды жағымсыз қызметтерін айқындау. Келесі 5 пункт қазіргі замандық функционализмнің теориялық шеңберін құрайды: 1.Қоғам- бір тұтастыққа біріктірілген бөлшектер жүйесі. 2.Қоғамдық жүйелер тұрақтылықты сақтайды, себебі олардың ішінде құқық қорғау органдары мен сот жүйесі сияқты ішкі бақылау механизімі болады. 3.Дисфункция болады, бірақ олар өздігінен реттеледі немесе қоғамға тамыр жаяды. 4.Өзгерістер революциялық емес, олар біртіндеген сипатта болады. 5. Әлеуметтік ынтымақтасу немесе сезіну, басым көпшілік азаматтардың бір құндылықтар жүйесін ұстануға келісу негәзәнде қалыптасады. Мысалы, тең мүмкіншіліктер принципі, қоғамдық жүйенің ең маңызды «фундаменті».
Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе, элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады. Координация - жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулер қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет