1-тарау. ҚАзақстанда жер қатынастарын реформалау жер меншігі және жерді пайдалану



бет23/29
Дата05.12.2023
өлшемі2,93 Mb.
#134387
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Жер салығы объектiсi
Өндiрiс құралы ретiнде жер ресурсы бiр қатар спецификалық өзгешелiктерге ие болады. Бұларды басқа өндiрiс құралдарынан айырады. Яғни:
- Басқа өндiрiс құралдарына қарағанда жер табиғат өнiмi болып табылады. Бұл адам еңбегiнiң нәтижесi арқылы көруге болады.
- Жердi территориялық шектелгендiлiгi. Жер кеңiстiк жағынан шектеулi, оның бетiн үлкейтуге болмайды. Бiрақ та оның барлық өндiрiске қажеттi қорлары таусылды деуге болмайды.
- Жердiң бағалылығы. Жер өте бағалы, онсыз өндiрiс процесiнiң ешқандай жұмысы немесе iсi атқарылмайды.
- Тұрған жерiнiң тұрақтылығы. Жердi өндiрiс құралы ретiнде пайдалану.
- Босалқы Запастағы жерлер.
- Жер қатынасының әр категориясына байланысты оның толық қолданылуы анықталады.
Кестеде жердi категориялар бойынша бөлу келтiрiлген, уақытқа туралау арқылы жер қатынасының базалық заң негiзiнде институционалдық өзгерiстерiне байланысты. Кестеден көрсетiлген көрсеткiштерден мынаны көруге болады. Көбінесе ауыл шаруашылық негiздегi жерлерде көптеген белгiлi өзгерiстер болған. Олардың алаңы 127,6 млн. гектарға азайтылған немесе 2,4 есе, ал барлық жер қорының үлес салмағы 8,4% -дан 34,5% -ға дейiн қысқартылды. өндiрiстiк жерлер, көлiк, байланыс, қорғаныс және т. б. ауыл шаруашылығындағы емес негiздегi жерлердiң алаңы 1,8 есе -азайды.

7-тарау. ЖЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ




7.1. Жерді нарықтық айналымға еңгізуді ұйымдастырудың – экономикалық және құқықтық тұрғылары, жермен жүргізілетін іс-әрекеттер

Қазақстандағы жер реформасын іске асырудың маңызды жолдарының бірі - жер нарығының қалыптасуы мен дамуы және азаматтар мен мемлекетті жеке меншіктікке, соның ішінде жерге меншік құқығымен нақты қамтамасыз ету болып табылады. Республикамызда жер қатынастарының дамуына тиісті заңдық және нормативтік құқықтық актілерді дер кезінде қабылдап қамтамасыз етілуі керек. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жер туралы", "Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы", Жылжымайтын мүлікті және онымен мәміле жасауды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлықтары, сондай-ақ осы заңдық актілерді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының қабылдануымен елімізді нарықтық жер қатынастарына көшіруді қамтамасыз ететін толық заң негіздері жүйесі құрыла бастады.


Ауылда ең кең тараған шаруашылық түрін-шаруа /фермерлік/қожалықтарын құру және жұмыс істеу құқықтық негізін жетілдіру, отандық тауар өндірушілерге көмек беру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін жақсартуға бағытталған жер қатынастарын әрі қарай реттеу бойынша 1998 ж. бір қатар заңдық жеке нормативтік -құқықтық актілер қабылданды.
1998 ж. 31 науырызда шыққан Қазақстан Республикасының- "Шаруа /фермерлік/ қожалығы туралы" заңында шаруа қожалығын ұйымдастыруда жер учасклерін беру тәртібі, жағдайларды, олардың мөлшері және тегін беру нормасы, пайдалану тәртібі, жер учаскелерін пайдаланымы бойынша пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ басқа да нормалар жөнінде жер қатынастарын реттеу нормалары белгіленген.
"Жер туралы" Жарлықтың 8-бабына қосымша еңгізілген сызықша пәтер иелерінің кооперативтеріне және кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жерді тұрақты пайдалану құқығы тегін беру көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.08.98 ж. №763 қаулысы мен 8-мамырдағы 1996 ж. №576 "Жеке меншікке немесе мемлекеттік жерді пайдалануға" берілген жер үшін төлем ставкасын бекіту туралы қаулыға мемлекеттің немесе мемлекеттік жер пайдаланушының жер учаскесін жалға беру төлем мөлшерлерінің шектері жөнінде өзгерістер еңгізілді.
Жер құқық қатынастарын белгілейтін көптеген заң және нормативтік актілерді іске қосу, кейбір санаттағы жерлерге жеке меншіктің пайда болуы, жерді және пайдалану құқығының нарықтық айналымға қосылуы, жер қатынастрының жаңа субъектілерінің пайда болуы дауалардың көбеюіне, ал кейде түсініксіз, реттелмеген сұрақтардың пайда болуына әкелді.
Осыған байланысты жер құқық қатнастарынан шығатын барлық даулар, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Жер туралы " Жарлығының 119-бабына сәйкес шешіледі. Бірақ, бұл мәселелерді сот арқылы шешуде, қаралған істер бойынша соттар әртүрлі шешімдер қабылдады. Бұның себептері соттардың жерге қатысты іс қарау тәжірибесінің жеткіліксіздігі және сотта қарау әдістемесінің жоқтығы бірден көрінді.
Заң нормаларын жүзеге асыру, сондай-ақ жер заңын дұрыс, бірдей қолдану мақсатымен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот пленумі 1998 ж. 14 мамырда
"Соттардың Жер заңын қолдану тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" №2 қаулысын қабылдады. Бұл нормативтік акт жер қатынастарын реттеу мәселелерін, соның ішінде, жер пайдалану, иелену, билік етумен байланысты азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын сот арқылы қорғау бойынша бар құқықтық негізді толықтырды. Сөйтіп, бұл құжат жер қатынастары саласындағы заңдылықты бекітуге бағытталды. Сонда да жер қатынастары бойынша өзгерістердің дамуы, олардың мемлекет, ең алдымен заң құрушы органдар тұрғысынан реттелуі жер заңының әрі қарай жетілдіру керектігін дәлелдейді.
Жерге құқықты заңды бекіту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет