65. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз.
66. Исламды қабылдау және Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орнын көрсетіңіз .
Х ғасырдан, яғни Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап қарлық бірлестігінде этникалық процестердің жаңа бір кезеңі басталды. Бір жағынан ислам дінінің қабылдануы, екінші жағынан, ХІ ғасырда шығыстан келген миграция толқыны қарахандар билік жүргізген мемлекет ішіндегі этникалық процестерді одан әрі күрделендіре түсті.
Қарахандар мұсылман дінінен тек өзінің идеологиялық қаруын ғана көрген жоқ, сонымен бірге қоғамды діни бірлік негізінде тұрақтандыруды көздеді: исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік интеграция мен құқықтық тәртіп орнатуға сайды . Қарахандар қоғамы өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы Араб халифаты қоғамына ұқсас еді.
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатұқ, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. X ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырды. Бірінші бағыт Платон,Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Сонымен бірге, қарахандардың ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдау фактісін тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарымен немесе мемлекеттің идеологиялық қажеттіліктерімен ғана түсіндіру бұл мәселеге біржақты қарағандық болар еді. Іс жүзінде, түркілердің рухани сұраныстарының жауап бергендіктен, яғни діннің негізгі қағидалары халықтың жүрегіне жақын болып, оның діни дәстүрлеріне қайшы келмегендіктен де ислам діні көп ұзамай мемлекеттік дінге айналған болуы керек. Қарахан мелекетінде исламның мемлекеттік дін статусын алуы бұл діннің Орталық Азия халықтарының жаппай дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |