1,083 млрд км3, ауданы 510 млн



бет16/31
Дата27.05.2022
өлшемі83,91 Kb.
#35747
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
2) Трилатерация әдістер
Трилатерация әдістері. III және IV класты мемлекеттік геодезиялык жүйелер, трилатерация әдісімен де қүрылуы мүмкін. Трилатерация триангуляция тәрізді, барлык қабырғапар узындықтары өлшенген үшбұрыштар жүйесі болып саналады. Үшбұрыштарды шешу аркылы горизонталь бұрыштарын, ал одан кабырғаларыныц дирекциондық бұрыштарын анықтайды.
3) Полигонометрия әдісі
Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын есептеп шығаруға болады
43. Геодезиялық жиілендіру және түсіру желілері. Мемлекеттік нивелирлеу желісі.
Геодезиялық жиілету жүйелері мемлекеттік геодезиялық жүйелер негізінде дамиды, әр қалалар мен ауылдарды, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс аландарында, тау-кен өндірісі территориясында атқарылатын ірі масштабтағы түсірулерді, сондай- ақ инженерлік және геодезиялык жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді. Топографиялык түсіруді белгілі бір масштабта жасау үшін геодезиялык жүйелерді керекті тығыздыққа жиілендіру, түсіру жүйелерін немесе осылай аталатын геодезиялық түсіру негіздеулерін дамыту есебінен жасалады, негіздеу пландық және биіктік болып бөлінеді
Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау.
Нивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі.
44. Топографиялық түсіріс және оның түрлері.
Топографиялық түсіріс- жер беті бөлікшесінің жергілікті заттары мен бедерін шартты белгілермен қағазда белгіленген масштабта бейнелеу мақсатымен жүргізілетін далалық және камералық жұмыстар кешені. Топографиялық түсіріс ортогональді проекцияда 1:100 000 және одан ірірек масштабтарда жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет