12 – дәріс Ауыл шаруашылық малдарының сәулемен зақымдануы


Сәуле ауруының өте жоғары түрде өршіген кезеңі. 450 Р дозамен сырттай сәулеленген (түпнұсқа)



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі7,58 Mb.
#136550
1   2   3   4

Сәуле ауруының өте жоғары түрде өршіген кезеңі. 450 Р дозамен сырттай сәулеленген (түпнұсқа).

  • Ауру малды емдеу кезінде сәулеленген организімнің дәрілік заттарға реактивтілігінің өзергенін ескеру қажет, өйткені бұл кезде жүйке және эндокринді жүйелерінің реттеуші – бейімділік функциясы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Мысалы, сәуле ауруының алғашқы кезеңдерінде мал есірткілерге өте сезімтал келеді, атап айтсақ оларда эфирлі немесе хлороформды наркоз қалыпты жағдайға қарағанда терең және ұзақ уақыт өтеді. Сәуле ауруының жасырын кезеңінде эфир мен хлороформ тыныс алуды ауыратады және артериальдық қан қысымын төмендетеді. Сауыққаннан кейін малдың есірткі дәрілеріне жоғары сезімталдығы ұзақ уақыт сақталады. Коразол және камфора да сәуле ауруының клиникалық белгілері айқын көрінген кезде тыныс алуды және жүрек қзыметін нашарлатады. Сәуле ауруы кезінде диуретин мен каломельдің диуретикалық әсері төмендейді. Сәуле ауруының ауыр және өте ауыр деңгейінің алғашқы және жасырын кезеңдерінде пентоксил, антианемин, камполон, фоли қышқылы, В12, В6, В2, С дәрумендері гемопоэзге оң әсер етпейді.
  • Ірі – қара малының сәуле ауруы. Алғашқы үш күннің ішінде қозу және дененің дірілдеуі байқалады. Кейбір малдың температурасы 41 – 42оС – қа дейін көтеріледі. Келесі 7 – 10 – шы күндердің аралығында латентті (жасырын) кезең өтеді, бұл кезде аурудың клиникалық белгілері байқалады. Үшінші аптаның басында аурудың 3 – ші кезеңі басталады. Ол кезде малда жалпы әлсіздік, артқы аяқтарының ісінуі, депрессия, жүрек соғуының, тыныс алуының жылдамдауы, қиға қан араласқан диарея болуы байқалады.
  • Сәулеленген барлық малдың тыныс алуы бұзылады. Бастапқыда тыныс алу жиілейді, қатаң дыбысты және кеуделік болады. Танау тесіктерінен созылмалы мөлдір немесе ақшыл – сары бөлінділер бөлінеді. Кейінен тыныс алу қиындайды, сырылдау, жөтел пайда болады, танаудан бөлінген бөліндінің түсі қызғылт болады. Жиі, өкпенің, жұтқыншақтың ісінуі байқалады. Өлімнен аман қалған малдың массасы 30 күн ішінде 10% - ға және одан да жоғары мөлшерде төмендейді.
  • Жылқының сәуле ауруы. Мал мазасызданады, жанаспалы сезімдік жоғарылайды, тыныс шуы пайда болады, түрткілі мен саздары күшейеді. Айғырлар мен пішілген аттардың сыртқы жыныс мүшелері умасынан шығып кетеді. Сәулеленгеннен кейін 30 минөттен соң төс және аяқ бұлшық еттерінің дірілі пайда болады. 1 сағат өткеннен кейін бүкіл дененің бұлшық еттерінің дірілі басталады. Мал азық пен суға қарамайды. Жүректің соғу жылдамдығы 1,5 -2 есе, тыныс алу жылдамдылығы 5 есе және одан да көп мөлшерде артады, іш өту пайда болады. Одан кейінгі сағаттарда малдың қызуы күйзеліске жалғасады. Дірілдеу сақталады. Мал көбінесе жатады, мойнын созып басын жерге салады, мойнын бұрып ішіне қарай береді, орнынан әрең тұрады. Дене температурасы 0,5 – 1оС – қа көтеріледі.
  • Бір тәуліктен кейін малдың жағдайы күйзелген, жүрегінің соғуы минөтіне 120 соғуға дейін көбейеді, тыныс алу жылдамдығы қалпына келеді, қиы сұйық.
  • 3 – 5 тәуліктен кейін малдың жағдайы салыстырмалы жақсарады. Қан құрамындағы лейкоциттердің саны 50% - ға дейін, ал лимфоциттердің саны 4% - ға жоғарылайды. Латентті кезең басталады.
  • 7 – 9 тәуліктен кейін аурудың үшінші кезеңі басталады, ол 1 – 3 аптаға созылады. Малдың жалпы жағдайы нашарлайды, қоңдылығы төмендейді. Тамыр соғуы жиілейді, тәбеті нашарлайды. Көзінен ақшыл шырышты сұйық бөлінеді. Кілегей қабықтары солғын. Гематологиялық көрсеткіштері төмендейді. Олар,сау малдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, төмендегідей болады: гемаглобин 50-70%; эритроциттер 60-70%,лейкоциттер 20-40%, және тромбоциттер 20-30 %. Геморрагиялық диатездің белгілері біртіндеп жоғарылайды. Кейде энцефаломиелитке тән белгілері байқалады. Ауыр жағдайларда көз зақымданады.
  • Өлерден 1-2 күн бұрын мал күйзелген, көтерем болған, қызыл иектен қан ағуы, кілегей қабықтарының жарақаттануы, өте көп мөлшерде қан араласқан сілекейдің бөлінуі, көзден жас ағуы байқалады. Қабақтары ісінген, көзі жартылай жұмылған. Тәбеті мүлдем жоқ. Анустан шіріген иісті, қан араласқан бөлінді бөлінеді. Ішектің жиырылуы нашар, малдың аяқ басуы қалыпты емес: алдыңғы аяқтары алға шығыңқы, артқы аяқтары – артқа. Жүні жылтыр емес, оңай жұлынады.Тамыр соғуы жиі, әлсіз, аритмикалық.Тыныс алуы минөтіне 30 қозғалысқа дейін, қиындаған ,танау тесіктерінен қан араласқан сұйық, ал кейде қан бөлінеді.
  • Қой мен ешкінің сауле ауруы. Алғашқы 2-3 күнде малдың үріккіштігі, тәбетінің төмендеуі байқалады. Содан кейін жасырын кезең басталады, ол 10-15 күнге, кейде одан да жоғары, созылады.
  • Ауруының үшінші кезеңінің басында малдың куйзелүі, тәбетінің төмендеуі, терісінің ауырсынуы, кей жерлерде жүннің түсуі басталады. Мал көбінесе жатады. Терінің жүні түскен аймақтары қызарған және нүктелі, жайылған қан құйылулары бар. Серозды ринит байқалады, ас қорыту жолдарының жұмысы бұзылады, дене температурасы жоғарылайды, қоңдылығы төмендейді.
  • Қой мен ешкінің қанындағы өзгерістер өзге малдың қанындағыдай болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет