5.Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проектор сызба-кестелер.
6.Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
7.Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Деңгейлік тапсырмалар: Жеңіл деңгей: 1-тапсырма. «Ой Жүйе». Мәтін мазмұны бойынша тезис жазыңыз. Онда оқу материалындағы ең иаңызды деген 5 мәселені бес абзац түрінде жинақтаңыз.
Орташа деңгей: 2-тапсырма. Қосымша ақпараттарды пайдаланып, «Тілді оқыту және эстетика» тақырыбында эссе жазыңыз.
3-тапсырма. Тақырып бойынша айтылған ойлардың негізінде «функционалдық сауаттылық», «сөз мәдеиеті», «тұлға мәдениеті» ұғымдардың оқу мотивтерін қалыптастырумен байланысын ашып көрсетіңіз. Ол үшін арнайы сызба дайындаңыз.
Күрделі деңгей: 4-тапсырма. Тілдік-эстетикалық талғам қалыптастыруға бағытталған 2 тапсырма түрін әзірлеңіз. Олардың қай сынып оқушысына қандай мақсатпен берілетінін және күтілетін нәтижесі туралы дәйектеп айтыңыз.
5-тапсырма. Төмендегі сурет бойынша сипаттамалық мәтін құрап жазудың тәртібі мен жүйесін жасаңыз. Осы тапсырманың оқушының қызығушылығы мен талғамын тәрбиелеудегі маңызын түсіндіріңіз.
8. СӨЖ, ОБСӨЖ тапсырмалары: 1.Глоссарий. Пән мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық 30 тіректермин анықтамасы дайындау.
2.Тақырып мазмұны бойынша тест құрастыру.
3.Сөйлесім түрлері: монологтік, диалогтік, полилогтік сөз. Сәйкес тапсырма үлгілерін жасау.
4.Диалогтік алаң-2. «Инновациялық технологиялардың оқу мотивін қалыптастырудағы мүмкіндіктері» Жобаның нәтижелерін анықтау.
5.Тақырып мазмұнына қатысты презентация жасау.
9. Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. -А., 1984. -120 б.
2 Әміров Р. Қоғам реформасына сай қазақ тілін оқыту концепциясы //Қазақ тілі мен әдебиеті. -1992. -№4.
3 Аймауытов Ж. Психология. -А. 1995. -310 б.
4 Қазақ тілін оқыту методикасы. -А., 1988. - 240 б.
5 Эльконин Б.Д. Введение в психологию развития. -М., 1994. -168 с.
6 Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. -А., 1995. - 25 б.