12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Шаблондарды қолмен даярлау



бет56/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   183
Шаблондарды қолмен даярлау. Шаблондарды даярлауды әуесқой шеберлер де, суретші-графиктер де іске асыра алады.
Мынандай тәсілдер қолданылады:
- Қию. Шаблондардың тасымалдаушы материалдары ретінде фольганы пайдаланады. Оның парақтарынан бейнені қолмен жасайды да, оны торға жапсырады. «Тегістеуші» немесе арнайы еріткіш құралымен ажыратылатын фольга болады.
- Жабу. Шаблондық материал торға лак сиякты, қылқаламмен жағылады.
- Шаю. Басылуға тиісті ақпарат қиындалау кезінде торға негативтік бейне түрінде жапсырылатындығы сияқты, жуылу кезінде бейне негатив түрінде ақпарат торға суға еритін лактың көмегімен жағылады. Осыдан соң тор шаблондық материалмен - басқа еріткіштің, мысалы, ацетонның негізіндегі лакпен толығымен жабылады. Бұдан кейін жағылған көшірім қабаты шайылады да, (бұл мысалда сумен) бейненің басылушы элементтерінің бейнесі түрінде бояудың өтуі үшін учаскелер ашылады.
Басу қалыбын (шаблонды) фотомеханикалық даярлау. Қазіргі кезде трафареттік басылым үшін бояу қалыптарын, көбінесе диазонегіздегі көшірім материалдарын пайдалану жолымен шығарады:
- Тікелей тәсіл. Ол үшін, УФ-сәулелену әрекетінің нәтижесінде қатайған материалдарды қолданады. Басу кезінде бояу қабатының сапасы жоғары және қабаты калың болуы үшін, шаблондарға арналған көшірім қабаты торға бірнеше рет құрғату арқылы салынуы мүмкін. Қабаттар басылатын жағынан да, ракель жағынан да жағылады. Қалыптың бетіндегі тордың құрылымы неғүрлым аз байқалса, басылым нәтижесі соғүрлым жақсы. Оның себебі - бояу процесінде қалып басылатын материалда тегіс жатып, бояу өтетіндей саңылаулардың пайда болуына кедергі жасауы. Көшірім кезінде біркелкі жабыстыру да сапаны жақсартады, өйткені мұндай жағдайда баспа ақпаратын беруде ешқандай күңгірттік пен дәлсіздіктерге жол бермеу керек. Көшірілгеннен кейін жарықсезгіш қабатқа сәуле түспеген жерлері шайылады. Тікелей даярлау тәсілі басылымның барлық талаптарына сәйкес сапалы орындалады және осыған байланысты жиірек қолданылады. Таралым төзімділік қабатының торға жақсы жабысатындығының арқасында таралымы 10-100 мың баспа-таңба жасауға шыдайды. Бұл тәсіл бәрінен де жиірек қолданылады.


1. Көшірудің тікелей тәсілі


а. көшірім материалы;
б. фотопленкаға сәуленің әсерін тигізу;
в. қалып.
2. Көшірудің қосалқы тәсілі
а. көшірім материалы;
б. фотопленкаға сәуленің әсерін тигізу;
в. астарлы көшірім қабаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет