12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Трафареттік басылым қалыбын дайындау сұлбасы



бет57/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   183
Трафареттік басылым қалыбын дайындау сұлбасы


- Тікелей емес тәсілдер. Бояу қабатының қалындығының дәлдігіне жоғарғы талаптар қойылғанда, мысалы, күн батареясының элементтеріне өткізуші пастаны жылтыратқышпаста жаққанда немесе панельдер қабатының белгілі қалыңдығымен бекіту кезінде қолданылады. Тасымалдаушы қалындығына фотоқабат жарықтандырылады, шығарылады, тек содан кейін ғана торға орналастыралады.
- Құрама тәсіл. Қазіргі кезде таралым төзімділігі жоғары (12-45мың баспа-таңба) трафареттік қалыптарды даярлаудың құрама тәсілі қолданылады, бұл бейненің ұсақ элементтерін де анық кескіндейді.
Бұл тәсілдің мәні сонда - астары бар және оған көшірім қабаты жағылған материалға арнайы кәсіпорынның жағдайларында диапозитив салынып, көшірім жақтауында сәулемен әсер етеді. Сәуле әсер етпеген жарықсезгіш қабаттарынан басушы элементтерден көшірім қабатын кетіріп, алынған көшірмені өңдейді. Ылғалды көшірмені даярланған торға төсейді, содан кейін ауыр салмақ астында ұстап, құрғатады. Осының барысында босаралық элементтері тормен ұстасады. Материалдың астарын алып тастайды. Бақылау жасап, түзейді. Бейнені түзетуге тор қатыспайды, сол себепті, басушы элементтердің қырлары әруақытта анық, өйткені көшірім қабаты тордың бетіне орналасады, осыған байланысты оның жабысқақтығының шамасы аса көп емес, 500-5000 дана ғана.


Қайталау үшін сұрақтар

1. Трафареттік қалыптарды даярлаудың қандай тәсілдері бар?


2. Таралым төзімділігі күшті қалыпты қандай тәсілмен алуға болады?
3. Трафареттік басылымда тұпнұсқаны жаңғырту сапасы неге байланысты?
4. Трафареттік басылымның негізгі артықшылықтарын атаңдар.
6. Трафареттік тәсілмен қандай өнімдер басылады?


7.2. Тампондық басылым қалыптарын даярлау

Тампондық басылым — ойыңқы басылымның бір түрі, бояу басылым қалыбынан материал бетіне серпінді-созылмалы тампон арқылы беріледі. Тампондық басылым басқа басылым түрлерін қолдануға болмайтын немесе қолдану көптеген қиыншылық туғызғанда, яғни басылатын материалдар (тегіс емес, иілген, томпақ және сатылы беттерге басқанда) болған жағдайда қолданады.


Қалып ретінде (жиірек) ойыңқы басылымның негізіне сәйкес, металдан немесе фотополимерден жасалған пластиналар пайдаланады. Тампон басылымы, көбінесе, электрон өнеркәсібінде, аспаптар жасауда, жеңіл өнеркәсіпте, балалар ойыншықтарын, керамика, ыдыс-аяқ, бизнес-сувинерлер т.б. өндіруде қолданылады.
Қалың болат басу қалыптарын шыңдалған болаттан жасайды. Қалыпты жасау процесі болат пластинаның басатын үстіңгі бетін тегістеп, қырнап өңдеуден басталады. Одан кейін тазаланған бетке фоторезист қабаты жағылады. Фоторезист — бұл УФ-сәулелендіруге сезімтал органикалық ерітінді. Позитив арқылы жарықтандыру жасалынғаннан кейін сәуленлендірілмеген жерлері органикалық ерітінділермен кетіріледі. Сәулеленген жерлері қалады да, аса жоғары химия төзімді қабатты құрайды. Пластинаны, одан кейін, күйдіретін ортасы бар арнайы ваннаға салады, ол орта хлорлы темір немесе азот қышқылы (60-65%) қосымша тұзқышқылды тазартылған су болуы мүмкін (1:1).
Күйдірудің қажеттілігі жеткен кезде, фоторезист қабаты тиісті иіссіздендіргіштің көмегімен кетіріледі, содан соң пластинаны жұмсақ қағазбен тазалайды. Бұл басу қалыптарының кемшіліктері - даярлаудың күрделілігінде, қоршаған ортаға зияндығы мен құнының жоғарылығы.
Қалыптарды металл пластиналарда механикалық тәсілмен даярлау үшін мынандай жұмыстар жүргізіледі:

  1. Дайындама — пластиналарды шығару (тегістеу, жылтырату);

  2. Қалыптың өзін даярлау;

  • көшірім қабатын жағу және оны кептіру;

  • диапозитивтерге сәулемен әсер ету;

  • көшірмені айқындау;

  • көшірмені бояу;

  • қалыпқа ерітінді қышқылдарға қарсы төзімділік беру;

  • сыртқы кері бетіне және қырларына лак жағу;

  • хлорлы темір ерітіндісімен күйдіру;

  • қорғағыш лак пен көшірім қабатын кетіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет