12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Жұқа болат басу қалыптары



бет58/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   183
Жұқа болат басу қалыптары қалың басылым қалыптарына қарағанда тиімділеу, жарықтандыру мен күйдіру процесі заводтарда жағылған пластиналар түрінде келеді. Жұқа болат пластиналардағы болат клише мұқият тазаланып, жылтыратылған бетіне бейнелеуші сюжет ретіндегі күйдірілетін болат пластинадан тұрады. Алдымен, ол жарықсезгіш материалдың қабатымен жабылады. Бейне фотоқалыпқа пластинаға салған кезде жарықтандырылады. Жарық түсірілген қабат айқындалады, одан кейін күйдіру іске асырылады. Басылым бейнесі күйдірудің деңгейлігі есебінен пайда болады. Пластина түріндегі болаттан жасалған клише тасымалдаушыға бекітіледі. Осы тәсілмен дайындалған арзанға түседі. Екі жағдайда да даярлау процесі бірдей.
Фотополимерлік басылым қалыптарын дайындау үшін, жұқа төсеніш беті сульфидтік қабаттан (адгезия) және фотополимерден құрастырылады. Олар фотополимерлік қабаттың түрі мен қалыңдықтарына қарай ажыратылады. Негізгі айырмашылығы — спиртпен немесе сумен шайылаын фотополимер. Фотополимерлік қабаттың түрі мен қалыңдығы клише дайындау технологиясына онша әсерін тигізбейді.
Металл немесе полиэфирлік негізді фотополимерлік пластинадан басылым қалыбын дайындау. Негізгі қалыңдығы 30-200мкм фотополимерлік қабат жағылған және қорғағыш пленкасы жабылған пластинаның фотополимерлік қабатына депозитивті көшіреді де, фотополимердің түріне қарай басушы элементтерді суда немесе спиртті ерітіндіде шаяды. Мұндай қалыптар растрлықта, штрихтықта бейнелерді көшірмелеу (оның ішінде, толық түстіде) үшін қолданылады. Фотополимерлік қалыпты даярлау мынандай жұмыстарды қамтиды:
1. Полимерлік пластинаны даярлау.
2. Полимерді диапозитивпен жинақтап құрастыру;
3. Пластинаны депозитив арқылы сәулемен әсер ету;
4. Диапозитивті алу және растрлық пленканы бетіне салу;
5. Пластинаны растрлық пленка арқылы сәулемен әсер ету. Сәуле түсіру уақыты диапозитивті сәуле түсіргенмен бірдей. Жарықтау уақыты УФ-жарық көзінің түрі мен оның сәулелену қуатына сай, тәжірибелік жолмен таңдалынады.
б. Пластинаны жуу. Жуу щеткамен механикалық үйкеу жолымен іске асырылады. Жуу уақыты — 1-2 мин шамасы.
7. Пластинаны таза жуу, ерітіндімен шаю.
8. Пластинаны құрғату.
9. Пластинаны 8-10мин уақыт қосымша жарық түсіру, басу қалыбынан таралым өзімділігін арттыру үшін басу пластиналарын 20-30мин бойына термошкафта қыздыруға болады (сумен жуылатындарын 80°С, ал спиртпен жуылатындарын — 120°С температурада).
Сақтау. Жарықтандырылмаған пластиналарды құрғақ және салқын жерде жарық өтпейтін жабық пакетте үй іші температурасы мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-60% жағдайындағы сақтаған жақсы.
Даяр фотополимерлік басу қалыптары тоттанбауы үшін, оларды ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 және ауаның температурасы 20-22°С сақтаған жөн. Тампондық басылымның қалыбын дайындау процесін ұйымдастырғанда, тек дұрыс даярланған басу қалыптарының жоғарғы сапалы баспа-таңба алуға мүмкіндік беретіндігін есте ұстау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет