12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Шығыңқы тік басылыммен баспа-таңба алу сұлбасы



бет64/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   183
Шығыңқы тік басылыммен баспа-таңба алу сұлбасы

Бояуды тасымалдауға мыналар әсер етеді:


-басылатын материалдың ылғалдану жағдайы;
-пайдаланатын материал бетінің қасиеті;
-қағаз қасиеттері;
-бояудың созылмалдылығы;
-қысым;
-басылым жылдамдығы;
-басылым қалыбы мен ұяшық көлемі.


Ойыңқы тік басылыммен баспа-таңба алу сұлбасы

Жазық басылымда баспа-таңба алу басылым қалыбына (1) бояу (2) жақпас бұрын, оған ылғал ерітіндісін (6) жағу әрекетіне негізделген. Қысым арқылы басылым қалыбы резіңке мата пластинаға бояу мен ылғал ерітіндісін береді. Резіңке маталы пластина қағазбен (5) түйісу аумағында пластинадан бояу қабаты мен ылғал ерітіндісінің бір бөлігін қабылдайды.




Жазық офсеттік басылыммен баспа-таңба алу сұлбасы

Бояуды қабатты ажырату және бір бөлігіне басылатын материалға немесе тасымалдаушыға көшіру жолымен жағу, негізінен, мынандай өлшемдерге байланысты:


-басылым қалыбындағы бояу қабатының қалыңдығы (бояудың берілуі);
-байланыс уақыты (басу жылдамдығы мен басу цилиндрінің геометриялық өлшемі);
-басылым бояуының қасиеті;
-температуралық жағдайы;
-басылатын материал мен басылым қалыбының немесе аралық тасымалдауышының беткі қасиеттері (ылғалдануы, сіңіру қабілеті, кедір-бұдырлығы т.б.).
Бояуды осылайша қосарлап жаққанда баспа-таңбада бояу қабаты жұқа болып бекіп, бейне береді.
Басылым процесінің басты факторларына мыналар жатады: басу қысымы, оттискіде бояудың бекуі, ұдайы өндірілген бейненің дәлдігі, басылым қалыбының таралымға төзімділігі, басу жылдамдығы, полиграфиялық материалдар мен электр энергия шығындары.
Басылым процесі кезінде тікелей басуда бояу қабаты қысым арқылы басылым қалыбындағы баспа элементтерден қағазға өтеді, ал офсеттік басылымда басылым қалыбы, резіңке маталы пластина, қағаз арасында жүреді. Бұл қажетті байланыс басу кезіндегі ең маңызды шарттардың бірі болып табылады. Басу байланысының барлық аумағындағы қысым бояудың жиынтық күші, ал осы аумақтық бірлігіне жатқызылатын күш технологиялық қажеттілік қысым деп аталады.
Бояу қабаты қағаз бетіне түсуі үшін, белгілі бір қысым болуы шарт, ол көптеген жағдайларға байланысты:
-басылым түріне – жоғары басылымда ең жоғары (4,0-15,0МПа), ойыңқы басылымда төмендеу (1,5-4,5МПа), ең азы жазық офсеттік басылымда (0,4-2,0МПа);
-басылым қалыбының сипатына (баспа элемент ауданы) барлық жағдайда реңкті ұдайы өндіру үшін аз мөлшерде қысым қажет, растрлық бейнелер үшін аз, мәтін үшін одан да аз қысым керек, қалыптың иілімділігі артқан сайын қысым азаяды;
-декельдің серпімді-иілімді қасиеттеріне декельдің қаттылығы артқан сайын, оны деформациялауға қажетті қысым көбейеді, ал жұмсақ болса, қысым азаяды;
-басу жылдамдығы – басу жылдамдығы артқан сайын қалыптың қағазбен байланысының уақыты қысқарады, баспа-таңбада бояу қабатының қалыңдығы қалыпты болғанша, қысымды арттыру қажет және керісінше, басу жылдамдығын азайтқанда – қысымды кеміту қажет;
-қағаздың түрі мен баспа-техникалық қасиеті, мысалы тегіс және жұмсақ қағаздар қысымды аз, ал қатты және кедір-бұдырлы қағаздар көп талап етеді.
Қысымның мәні әрбір нақтылы жағдайда қатаң анықталуы қажет. Қабылдаушы бетке беретін бояудың мөлшері оған тікелей байланысты. Қысым жеткіліксіз болған жағдайда, қабылдаушы бетке бояу аз түседі және баспа-таңба түспей шығады. Артық қысым бояудың жиырылып қалуынан бейненің бұзылуына: реңнің өзгеруіне, штрихтік және растрлық элемент мөлшерінің жоғарылауына алып келеді. Ол, сонымен қатар, басылым қалыбының уақытынан бұрын істен шығуына алып келеді.
Сіңудің негізінде бояу мен басылым материалының өзара байланысы жатыр. Бояуды қағазға түсіргеннен кейін оның негізгі бөліктерінде сіңіру процесі басталады. Оған басылатын материалдағы капилляр жәрдемдеседі. Процестің жылдамдығы басылатын материалдың қабілеттілігіне (кеуектілігі және ылғалдануы) байланысты болады.
Сіңіру, яғни, бояудың бекуі тез арада іске аспайды, арнайы уақытты қажет етеді. Кеуекті қағаздың бетіне жұққан бояудың тез , жақсы жабысуы және қабыршықтануы (прочной несмазывающейся пленки) - күрделі физика-химиялық процесс. Кей жағдайда қағаз бетіне жұққан бояудың қабыршықтануы бірнеше сағатқа, ал кейде секунд немесе секундтың бірнеше бөлігі қажет. Баспа-таңба бетіндегі бояудың қабыршықтану механизмі мен жылдамдығы, оның құрылымы мен беріктігіне, көптеген жағдайларға, ең алдымен бояудың байланыстырғыш құрамына, белгілі бір мөлшерде қағаздың қасиеттеріне, сонымен бірге, басу процесінің режиміне де байланысты болады. Кей жағдайда бояудың бетіндегі қабыршықтар алынған баспа-таңбада берік болмай шықса, ал кейде тегіс, жылтыр, механикалық берік болып бекиді.
Кебетін табиғи және синтетикалық олифаларда даярланған бояулар қағазға берілгенде, ауадағы оттекпен қосылады да, химиялық процестердің нәтижесінде (қышылдану және полимерлену) баспа-таңба бетінде қабыршықтар пайда болады. Осы кезде бояудың қағаз бетінің жоғары қабатына сіңуі жүреді.
Бұдан өзгешелігі, кеппейтін майлары бар газеттік бояулар баспа-таңбадағы беріктігі осалдау жұқа қабыршықтар, бұл қағаз қабаттарының бояуды ішінара сіңіруі мен одан кейінгі байланыстырғыштың пигмент пен шайырды сүзіп және адсорбциялап, қағаз талшықтарына бұрынғыдан гөрі тереңірек енуінің есебінен іске асады.
Ойыңқы басылымның бояулары баспа-таңбаның ұшатын ерітінді есебінде тез бекіп, қағаздың беткі жағында ішінара сіңеді. Баспа-таңбаның бетінде қалған қабыршықтар пигмент бөлшектері қосылған шайырдан құралады.
Бояулар байланыстырғыш ретінде көп құрылымдық лактардан құралып тез бекиді, бірақ қабыршықтану процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бояудың қағаз бетіне тасымалдану кезінде байланыстырғыш ретіндегі еріткіш пен сұйықтық қағазға сіңеді де, шайыр көшеді, ол пигментпен қосылып жұмсақ қабыршықтар кейінірек қатаяды.
Көп бояулы басылымда бояудың қағазға түсуі күрделі процесс болып табылуымен ерекшеленеді, бұл жағдайда бояу қабаты бір-бірінің үстіне түседі. Бұның екі нұсқасы: «құрғақ» басу және «ылғалды» басу пайдаланылады. Бірінші жағдайда, бір бояулы басылым машиналарында басады. Мұнда бірінші бояу тікелей қағаз бетіне түсіреледі де, келесілері бір-біріне бірнеше сағаттан соң немесе бірнеше тәуліктен кейін жағылады. Екінші жағдайда, өнімділігі жоғары көп бояулы машиналарда басылады. Мұндай бояулар бір-бірлеріне секундтың қас қағымдай бөліктерінің ішінде әлі бекімеген «ылғалды» бояу қабатына жағылады, бір-біріне жапсырылған бояулардың өзара әрекеттесу жағдайлары (ылғалдануы мен жабысуы), сонымен бірге, басу-техникалық қасиетіне қойылатын талаптар, бірінші және екінші жағдайларда бірдей болмайтындығы, өзінен-өзі түсінікті. «Ылғал» нұсқасы бойынша басылымда бояулар алғашқы кеуіп үлгірмеген қабаттарға жағылып, баспа-таңбаға жылдам бекулері тиіс.
Бояулардың бекітілуін тездету үшін оларды мүмкіндігінше жұқа қабатпен жағады, бұл олардың толық қанығуын талап етеді. Сонымен бірге, басқа бояуларды жаққанда олардың басылым қалыптан (немесе резеңкематалы пластина) қағазға өту пайызы, әдетте, төмендейді. Баспа-таңбадағы берілетін бояудың қалыңдығы түс бір-бірінің үстіне басылудың ақырғы нәтижесіне әсер етеді. Бояулардың ретімен жағылуы түпнұсқаның сипаты мен бояудың қасиеттеріне – мөлдірлігіне, созылмалдылығына т.б. байланысты анықталады.
Бояулардың баспа-таңбаға бекітілу жылдамдығы көпбояулы басылым машиналарының өнімділігіне және белгілі бір дәрежеде баспа өнімдерінің сапасына әсер етеді. Сол себепті, бояулардың баспа-таңба бетінің қабыршықтануын жеделдету мәселесі көп бояулы машиналарда басу технологиясы мен олардың өнімділігін арттыру үшін үлкен маңызы бар. Бояудың беку жылдамдығы бояуға кейбір кұрауыштар енгізілген және температураны жоғарылатқан жағдайда, әр қағазға берілетін бояу қабатының қалыңдығын азайтқанда арта түседі. Бояудың беку жылдамдығына қағаздың ерекшеліктері мен басқа да жағдайлар әсер етеді. Жылдам айналатын машиналарды басқанда баспа-таңба бетінде қабыршықтануын жеделдету үшін, көбінесе баспа-таңбаларды машинаның қабылдау қондырғыларына шығудан бұрын қыздырып–кептіру әдісін қолданады. Жылу көзі ретінде басу әдісі мен басылым машиналарының құрылысына қарай, ыстық ауаны, инфрақызыл (ИҚ) сәулелерді пайдаланады. ИҚ сәуле көзінің көмегімен көшірілген бояу қабаты басылатын материалмен бірге қыздырылады. Сонымен, ИҚ – кептіргіштің офсеттік машинада жұмыс істеу принципі былай түсіндіріледі:

  • жылудың әсері басу бояуының созылмалдылығын кемітеді, бұл бояудың жылдам сіңірілуін қамтамасыз етеді;

  • тез қышықылдану қағаз орналасқан жылы столдардың үстінде іске асады;

  • бояу қабатында су аз болса, қышқылдану жылдамдайды.

Сипатталынған процестер барлық офсеттік бояу қабатын кептіруге жиі падаланылады.
Офсеттік басылымдағы кептірудің химиялық әдістерінде бояу қабыршықтары түпкілікті қүрғату, қышқылдандыру және кебетін майлар мен шайырларды одан әрі полимерлеу жолымен іске асырылады. Бояуды құрғату басқа да жолдармен реттеледі, мысалға электронның импульстік ағынының әсерінен. Мұндай жағдайда байланыстырғыш қағазға сіңбей жатып полимерленеді де, онда жылтыр қабат пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет