12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет60/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   183
Басылым қағаздарды шығару әдісіне қарай, былай жіктеледі: борланған және борланбаған; өңдеуіне қарай — күңгірт және жылтыр, талшықты құрамына қарай кластарға бөлінеді, олар нөмірлермен белгіленеді (№1 таза целлюлоза, №2,3 ағаш массасынан жасалынған); пішімі (өлшемі) бойынша рулондық және табақтық; басылым әдісіне қарай, шығыңқы, офсеттік, ойыңқы; басылым өлшемінің сипатына қарай — газеттік, кітап-журналдық, картографиялық, афишалық т.б.; қаситеттеріне қарай – түрлері мен белгілерге (таңба (клеймо)) бөлінеді, олар әріптермен және нөмірмен белгіленеді; мысалға 1А, 1Б нөмір 2Б т.б.
Кітап-журналдық қағазын үш нөмірмен шығарылады; 1,2 және 3 жылтыр және күңгірт (не блестящий). Ол талшықты құрамының тегістілік және бір-бірімен байланысқан өзіндік қасиеттеріне байланысты, А, Б әріптерімен белгіленетін бірнеше маркілерге бөлінеді. Шығыңқы басылым қағаздары желімделінбейді, басылым процесі кезінде сумен жанаспайды. №1 таза целлюлоза қағазының тегістігі 250с кем емес, бұл бейнелік басылымдарды басу үшін толық жетіп жатыр. №2,3 ағаш массалы қағаздар үшін иілімділігінің жоғарылығымен ерекшеленетін тегістік мөлшерін біршама төмендетуге болады. Қағаз канифолды желім массасында 1% крахмалды қосумен немесе штрихтық әдіспен карбамидті шайырдың желімделу дәрежссі 1,75мм кем емес желімделінеді.
Офсеттік қағаздарға офсеттік басылым процесінің ерекше жағдайларына байланысты, құрылымның біртектілігі, беріктігі, бетінің шаң жұқпайтындығына байланысты ерекше қатаң талаптар қойылады. Офсеттік жылтыр қағаздың жиі қолданылатын маркісінің тегістігі - 30-80с.
Офсеттік басылым үшін қағаз бетінің беріктігі мен оның шаң жұқтырмайтындығының маңызы зор, өйткені офсеттік цилиндрдің беті маталы резіңкемен (резинотканевый материал) қапталған, қағазбен беттескенде, оның (қағаздың) майда талшықтары мен толтырғыштың кейбір бөліктері оның бетінен алынып, маталы резіңкенің бетіне жабысады. Осы себепке байланысты, офсеттік қағаз құрамында толықтырғыштар 15% аспауы керек.
Борланған қағаздың аөтығы мен бетінің тегістігі өте жоғары болады. Ол шығыңқы, офсеттік және ойыңқы басылым әдістерімен – жоғары бейнелік басылымдарды, репродукцияларды, суретті көокемшығармаларды, түсті фотосуреттерді, кітап, альбом, әртүрлі жарнамалық өнімдерді басу үшін қолданылады.
Бір бояулы және көп бояулы бейнелік және мәтіндік басылымдарды шығыңқы, ойыңқы, офсеттік басылым әдістерімен басу үшін, екі жағынан бір мәрте жабылған борланған қағаз, қорғаныш қабатында полиакрилатты латексі бар, массасы 60-70г/м2 екі жақты жұқа борланған өте тегіс қағаз бен массасы 70-80г/м2 жеңіл жұқа борланған қағаз қолданылады.
Сапасы өте жоғары, екі жағынан да екі рет борланған, массасы 200-300г/м2 , тегістігі 400с кем емес борланған қағазды жоғары бейнелік журнал мұқабасын, проспектілер, кітап, альбом және басқа да жоғары көркемдік басылымдарды басу үшін қолданады.
Жоғарыда аталғандардан басқа, полиграфияда қағаздың белгілі бір сапасы белгіленген арнайы түрлері де шығарыла бастады:
- оқушы дәптерлері, әр түрлі кеңсе бланкілері, тауарларды басу үшін, жабысқақтығы жоғары тығыздығы 70 г/м2 жазу қағазы;
- кітап өңірбеттерін жасау үшін - иілімді, жыртылмайтын берік, тығыздығы 80-90г/м2 өңірбеттік қағаз;
- ә ртүрлі акциденциялар, жұқа мқабалар, визит карточкаларымен қоса, басқа да өнімдерді шығару үшін — күңгірттелінген, фактуралары (тауарлардың аты, бағасы жазылған қағаз) әр түрі және тығыздығьі 250-300г/м2 қағаздар;
- сандық (цифровая) техника үшін жылтыр, шаң жұқтырғыштығы төмен, 80-90м2 целлюлоза қағазы қажет;
- бағалы қағаздарды басу үшін - зығыр және мақта талшықтарын қосқан сапалы (водяные знаки) тығыздығы 60-80 г/м2 таза целлюлоза қағаздары;
- тамшылы басылым мен электрографиялар үшін жұқа қағаздар.
Кітап – журнал өндірісінде қатырманың алатын ролі де өте зор.
Қатырма — бұл көпшілігі өсімдік тектес талшықтан тұратын, 1м2 массасы бойынша жеңіл және ауыр қатырма боп бөлінетін материал. Қатырма бір немесе көп қабатты, массасы 150-600г/м3 болып келеді. Қабаттарының қалыңдықтары (жалпы % бойынша алғанда) бет жағында -25%, қаттамасы үшін - 55%, ал сырт жағынан - 20%. Түптеме қораптар үшін «құйылмалы», борланған қатырма – борланбағанмен салыстырғанда басу және лактау кезінде жақсы нәтиже алуға мүмкіндік беретін қатырма. Борланбаған қатырма қойма қораптарына арналған – тегіс, беті жылтыр басылым қасиеттері жоғары.
Ауыр қатырма — бұл қатырманың барлық бір қабатты және көп қабатты тығыз сорттары үшін басты ұғым. Ауыр қатырма жайында, көбінесе, өнім қарапайым шикізаттан (ағаш массалары немсе талшық қалдығынан) жасалған және массасы 600г/м2 артық болған кезде айтылады.. Қағаз бен қатырма Қазақстан рыногында бұрынғыша Ресейден, ТМД елдері мен шетелдерден әкелінетін импортты өнімдер болып табылады.
Қазақстанға әкелінетін қағаз бен қатырманың барлық түрлерінің құрылымында Ресейде шығарылған целлюлоза мен қағаз өнімдерінің үлесі басым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет