12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет68/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   183
Қабылдау қондырғысы — басылым машиналарының түрлеріне қарай, әр түрлі құрылымды болып келеді. Мысалы, парақтық қағаз пайдаланылатын машиналарда басылған парақтар басу қондырғысынан басылым цилиндріне, әдетте, парақ шығаратын транспортермен шығарылады да, стапельдік (қабылдау) столға жинақталады. Жинақтау алдында парақтар автоматты түрде алдыңғы және бүйір тірек итергіштерімен теңестіріледі. Стапельдік столға табақ баспа-таңбалары түскен сайын автоматты түрде ол төмен түседі. Қазіргі жаңашыл басылым машиналарының табақ қабылдау қондырғылары стапельдік столды машина қосылып тұрған кезде ауыстыратын механизмдермен жабдықталған.
Рулонды қағаз пайдаланатын басылым машиналарында парақтың қабылдау–шығарушы қондырғылары болуы мүмкін, олардың жұмыс істеу принципі жоғарыда қарастырылғанға ұқсас немесе басылып шыққан қағаз төсемін рулонға орайтын рулондық қабылдау қондырғысы болады. Кітап–журнал, газет басатын машиналар дәптерлерді қабылдау және шығару үшін қондырғысы бар бүктемелеу–кесу аппараттарымен жабдықталған. Бұл аппараттар басылып шыққан қағаз төсемін ұзына бойы бүгу, оны жеке парақтарға кесу және ол парақтарды дәптерлерге бүктеуге арналған. Бүгу саны мен олардың бір–бірлеріне қарағанда орналасулары бүктейтін аппараттың құрылымдары және басылым өнімінің түрімен анықталады. Мысалы, газетті екі, ал кітап–журнал дәптерлерін үш немесе төрт мәрте бүгеді.
Өңдеуге түсетін таспаның еніне қарай, бүктейтін аппараттары біршұңғымалы (бірізділік машиналарды), екі, үш шұңғымалы болып шығарылады. Екі немесе үш шұңғымалар машинада қатар орналастырылады, ал олардың алдыңғы жағында таспа дискілі пышақтармен ұзынынан кесіліп отырады.
Газеттік бүктеу аппараты екі бүгуге арналған. Басылып шыққан қағаз таспасы шұңғымаға келіп түседі, ұзынынан бүгіледі, біліктермен қосылып, қағаз жетелеуші цилиндрлермен ұсталынады.
Кесетін және бүктейтін пышақтық цилиндрлер арасында таспа пышақпен кесіледі. Олар бүгуді қалыптастырып, бұрынғыға перпендикуляр бүктеме жасап, газетті жинақтауға жібереді, мұнда ол транспортерға түседі. Парақ екінші рет бүгілгенде, кесетін пышақ қуысқа еніп, келесі парақты кеседі.
Кітап–журналдық бүктеу аппараты үш бүгілмелі бүктемеге және 16 немесе 32 беттік дәптерлерді құрастыруға арналған.
Кітап–журнал басылымдарының 16 және 32 беттік дәптерлерін бүктеуді құрылысы күрделірек бүктемелеу–кесу аппараттары орындайды. Сонымен бірге, бұл аппараттарға көбінесе есептеу–қабылдау–қысу қондырғыларын жалғайды, олар бүктелінген дәптерлерді есептеп, оларды белгілі бір көлемдегі бумаларға жинақтап, қысуға арналған.
Жоғары және жазық офсеттік басылымының көптеген рулондық машиналары басылым бояуларының қағаз төселімінде бекуін жылдамдататын кептіру құрылғыларымен қамсыздандырылған. Жылу кептіру құрылғысы машинаның жоғары жылдамдық кезінде бояудың жабысуына мүмкіндік береді, бірақ, сонымен бірге қағаздың физика-химиялық қасиеттерін төмендете отырып, оның ылғалдылығын кемітеді. Сондықтан да, соңғы кезде қағазды кестіру кезінде ылғалдылығын өзгертпейтін прогрессивтік кептіру құрылғылары қолданыла бастады. Оларға мысалға, жоғары жиілікті сәулелендіру мен кептіру, микротолқындық кептіру, УК кептіру құрылғылары жатады. Кептірудің электронды-сәулелі әдісі жасалынуда.
Ойыңқы басылым машиналарында баспа-таңбаларды кептіру үшін қыздырылған ауа ағынымен жылытатын цилиндрлер қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет