12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет67/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   183
Рулонды қондырғылар – рулонды қондырғыға бекіту, жұмыс жағдайына көтеру және оны машина жүріп тұрғанда осьтік жетекке жеткізу үшін қолданылады. Олар, сонымен бірге, басу кезінде қағаз алаңын басылым қондырғысына біркелкі беруді қамтамасыз етеді.
Рулонды басылым машиналарының қағаз өткізгіш жүйелерінің құрамына мыналар жатады: рулонды қондырғылар, рулондық тежеулер мен жетектер, таспалы автоматты реттеу қондырғысы, қағаз таспаларын тарту амортизаторы, жапсыру механизмі, қағаз таспаларын басуға дайындайтын қондырғылар, шаң тозаңнан тазарту т.б.
Рулондық қондырғылардың конструкциясына қарай, бұл жұмыстар механикаландыру мен автоматтандырудың әр түрлі деңгейінде іске асырылады. Жылдамдықтары жоғары машиналарда қағазды тарту автоматты түрде, ал рулондар жұмыс барысында ауыстырылады. Рулонды бекіту қондырғылары бір рулон бекітілсе – бір иінді, екі рулон – екі иінді, үш рулон бекітілсе үш иінді деп аталады. Екі иінді және үш иінді қондырғылар жылдамдығы жоғары машиналарда қолданылады, мұнда әрбір рулон 15-20 минут ішінде таусылып отырады. Мұндайда, ауыстырылатын рулонның қағазына, келесу рулон автоматты түрде жабыстырылады және пайдаланылған рулонның қалдығы кесіледі.
Тікелей басудың басылым машиналарының басу қондырғысы басылым қалыбы орналасатын негізден, басылатын материал мен оны басылым қалыбымен байланыстыратын тіректен құралады. Негізі мен тірегінің геометриалық пішініне қарай, басу қондырғылары үш түрлі болады: тигелді, жазық басылымды және ротациялды.
Тікелей басылым әдісінде ротациялық басылым қондырғылары пайдаланылады, ол үш цилиндрден тұрады: басылым қалыбы бар қалыптық цилиндр, басылым және резеңке маталы пластинамен жабылған офсеттік (беретін) цилиндр. Қағаз офсеттік және басылым цилиндрлері арасынан өтеді.
Офсеттік басылым әдісі – ең көп тараған және негізгі басылым әдісінің бірі. Офсеттік машинаның жұмыс жасау принципі, бейнені басылым аралық иілімді бет арқылы қағазға түсіру болып табылады. Офсеттік машиналарда жазық басылым қалыптары пайдаланылады, баспа және ашық элементтер іс жүзінде бір жазықтық бойында жатады. Қалыпты химиялық өңдеу нәтижесінде ашық элементтері таңдамалы түрде ылғал ерітіндісімен, ал баспа элементтері бояумен жағылады.
Бояу аппараты — айналғанда бір-бірімен түйісіп тұратын біліктер мен цилиндрлерден және бояу салатын құрылғылардан тұрады. Бояу аппаратының құрылымдары әр түрлі болып келеді. Басылым әдісі мен түрлеріне қарай, әр мөлшерде басылым қалыбына сұйық және созылмалы бояу қабаттары жағылады. Шығыңқы және жазық басылым машиналарының бояу аппараты тұтқыр бояуды пайдаланатын үш топтан тұрады: бояу беретін, жағатын және жаятын. Бұл топтар машинаның типіне қарай, жұмыс істеу принциптері бірдей өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Бояу беретін топ бояудың белгілі мөлшерін ауық-ауық жағатын топқа беріп тұруға арналған, бұл операцияны айналмалы білік орындайды. Ол бояуды белгілі уақыт ішінде бұрылып тұратын дукторлық цилиндрден бояуды жағатын топтың цилиндріне беріп тұрады.
Дукторлық цилиндрға бояу бояу жәшігінен беріледі, дукторлық цилиндр мен иілімді пышақ арасындағы реттеуші саңылау арқылы іске асырылады.
Жағатын топ металл цилиндрлері мен иілімді біліктерден тұрады, ол берілген бояуды біркелкі тегіс қабатпен жағып, жаятын қабатпен басылым қалыбының баспа элементіне жағады. Бұл топ, әдетте, үш немесе төрт иілімді (көбінесе, резеңкелі) біліктерден тұрады, басылым қалыбы мен жағатын цилиндрмен байланыста болады.
Ойыңқы басылым машиналарының бояу аппаратарының құрылысы – қарапайым. Бұл қалыптық цилиндр шайылып тұратын бояу жәшігі немесе бір жайылымды білігі бар бояу резервуары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет