12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет69/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   183
Қайталау үшін сұрақтар



  1. Басылым әдістеріне қарай басылым машиналарының құрылысы қандай болып келеді?

  2. Басылым машинасының негізгі қондырғыларын ата?

  3. Басылым машинасында жабдықталған қосымша қондырғыларды тізіп шық?

  4. Басылым машинасының әмбебап реті қалай?

  5. Басылым машинасының қағаз өткізу жүйесінің қызметі?

  6. Өзісалғыштың жұмыс істеу принціпі?

  7. Рулонды басылым машинада қағаз төсемінің бірқалыпты берілуін не қамтамасыз етеді?

  8. Басылым аппараттарының негізгі тораптарын ата?

  9. Басылым машинасының бояу аппаратының қондырғыларының әртүрлілігін ата

  10. Бояу аппаратының топтарын атаңдар, әрқайсысына жеке – жеке сипаттама беріңдер.

  11. Басылым машинасының қабылдау құрылғысының қызметін атаңдар.

  12. Бүктеу аппараты, оның қызметі мен қолданылуы.

  13. Кептіру қондырғыларын не үшін қолданылады және олардың қандай түрлері болады?

8.5. Басылым машиналарын жіктеу

Басылым машиналарының конструкциясы мен технологиялық мүмкіндіктері түрлі басылым әдістерінде әртүрлі болып келеді. Бұл ең алдымен басылым өнімдерінің колемі, таралымы, өлшемі, бояулығы, шығару мерзімдері және басқада көрсеткіштеріне байланысты.


Сол себепті басылымның нақтылы тотары үшін пайдаланылатын басылым машиналарын олардың барлық өндірістік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және басылым өнімдерінің жоғарғы сапасын алу тұрысынан таңдайды.
Басылым машиналарын маңызды белгілеріне қарай жіктейді:

  • басылым әдісіне қарай, жоғары, жазық және ойыңқы басылымның қалыптарының сипатына қарай;

  • басылым аппараттарының қалыптық және қысатын беттерінің геометриясына қарай машиналар екі жақ бетті жазық тигельдік

  • жазық басылым қалыбы мен цилиндрлік қысатын бетті және ротациялды — екі цилиндірлік бетті болып бөлінеді

Тигельді және жазық басылым машиналарында қалып талерге орналасады, ротациялықта басылым цилиндрі қурайды.
Бейнені басылым қалыбынан басылатын материалға көшіретін аралық (офсеттік) цилиндрдің бар жағына қарай офсеттік және тік басылым машиналарға бөлінеді.
Берілген басылатын материалдың түріне қарай машиналар табақтық және рулондық болып бөлінеді: Табақтық машиналарда кез келген типтегі басылым аппараттарды қолданылса рулондық – ротациялық қолданылады.

  • өлшемдеріне байланысты шартты түрде басылым машиналары кіші (54х 75см), орташа (70х92см) және (84х108см және одан жоғары)өлшемдерге жіктеледі.

  • Бір айналымда басылып шығарылатын жақтардың санына қарай машиналар бір және екі жақты болып бөлінеді;

  • Бір айналымда жағылатын бояу оттискісінің санына қарай бір, екі және көп бояулы машиналар болады.

  • Парақтарды беру және жинаудың автоматтандырылу дәрежесіне қарай парақтық машиналар, машина-автоматтар және жартылай автоматты болады. Рулондық машиналардың барлығы автоматтар. Ақырында басылым машиналары әртүрлі өнімдерді басуға мүмкіндік беретін әмбебап және өнімнің арнайы түріне мамандандырылған (мысалы газеттік машиналар, кітап журналдық т.б. болып келуі мүмкін

Әрбір басылым машиналар белгілі бір технологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Онда белгілі сападағы тиісті басылымды басу мүмкіндігі жұмыскерлердің машинамен жұмыс істеудің ыңғалылығы мен қауіпсіздігі, оның барлық механизмдерінің жоғарғы өнімділігі мен ұзақ пайдалануға төзімділігі пайдаланудың шығынының аздығы (электр энергиясының шығынының аздығы мен қызмет көрсететін штаттағы персоналдық ең аз саны) машина құнының мүмкіндігінше арзандығы. Бұл талаптар машиналарды жобалау мен дайындау кезінде реттелінеді.
Басылым машинасының өнімділігін оның маңызды сипаттамасын уақыт бірлігінде алынған баспа табақ – оттискімен белгіленді. Ол машинаның түрі мон конструкциясына, түсі мен өлшеміне, басылым өнімінің күрделілігі мен тарамына, уақыт мөлшелі мен дайындау – аяқтау операциаларына байланысты. Машинаны шығаратын зауыттар паспорттық мәліметтерде әдетте машинаның жұмысының максималды техникалық жылдамдығын көрсетеді, ал машинаның тоқтаусыз жұмыс істегендегі сағат ішінде жасайтын айналымның санын (айн/с) көрсетеді.
Машинаның жұмыс істеу жылдамдығының ең төмені (4-5мың айн/с)тигельдік және жазық басылым машиналарда, үлкен (10-15мың айн/с) ротациялық табақтық машиналарда, жылдамдықтары ең жоғарғысы (40-50мың айн/с) ротациялық рулондық машиналарда. Басу жылдамдығы яғни табақ пен төсеніштің басылым қалыбы мен (немесе рәзіңкематалы пластинамен) байланысқа түседі қозғалу жылдамдығы 2,5-3 тен 10-14м/с дейінболуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет