12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Машиналарды өнім басуға дайындау



бет77/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   183
9.4. Машиналарды өнім басуға дайындау

Кез-келген басылымның таралымын басу алдында тікелей басу машинасында бірнеше дайындау операцияларын орындау қажет. Бұл жұмыстардың күрделілігі, оларды орындауға жұмсалатын уақытына, ал кей жағдайда басылым машинасының түрлеріне және оның автоматтандырылу дәрежесіне, басылымның тәсілі мен материялдың сапасына (қағаздың, бояулардың, резеңке маталы пластинаның т.б.) байланысты. Бірақ басылымның тәсілә мен машинаның түрлерінен басқа барлық дайындау жұмыстарын мынадай топтарға бөлуге болады:



  • басылым қондырғысын дайындау;

  • бояу және ылғалдағыш аппараттарды дайындау;

  • қағаз беретін аппарат және қабылдау-шығару қондырғысын дайындау;

  • реттеу, былғануға қарсы, құрғату, бақылау қондырғыларын дайындау (машинада бар-жоғына қарай).

Машиналарды басылымға дайындау үшін, арнайы автоматтандырылған қондырғылары жоқ, басылым машиналарындағы дайындау жұмыстарын қарастырып қөрейік.
Басылым секциясын (бөліктерін) дайындау үшін, қазіргі офсеттік машиналардың мына элементтеріне мән берген дұрыс: тұғырының (станина) дұрыс мықты бекітілуі, қысым жасайтын басылым, офсет және қалыпты цилиндрлердің орналасуы, қағаз беру және қағаз қабылдау аппараттарының жұмыс істеуі.
Бұл элементтер геометриясының дәлдігі мен қозғалыстағы өзара әрекеттері басу сапасын анықтайды. Басылым қондырғысын дайындауға декель мен басылым қалыбын орнатуды, сонымен бірге, қысымды реттеуді жатқызамыз. Жазық офсеттік басылым машиналарындағы декельдің қызметін астында астарлық декельдік материалы бар резеңке маталы пластина (техникалық мата, резеңке маталы пластина немесе қатырма қағаздары) орындайды. Резеңке маталы пластина, әдетте, бояуды жақсы бере алатын қабілеті бар және серпімді-иілімді қасиетті, көп-көп құрамды резеңке қабатымен жабылған негізден (өзара жабыстырылған тығыз матаның бірнеше қабаты) тұрады.
Серпімді-иілімділік қасиеттеріне қарай, декельдер шартты түрде: қатты, жартылай қатты, жұмсақ болып бөлінеді. Декельдің қасиеттері көп жағдайда өнімнің сапасы мен басылым қалыбының таралымға төзімділігін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет