120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Қазақ хандығының Хақназар хан тұсындағы жағдайын көрсетіңіз



бет38/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84
58.Қазақ хандығының Хақназар хан тұсындағы жағдайын көрсетіңіз
Қасымхан өлгеннен кейiн сұлтандар арасында хандық билiкке тақ таласы күшейдi. Көршi мемлекеттердiң қазақ хандығына шабуылы жиiлеп кеттi. Соғыстың толассыз жүрiп жатуы елдi күйзелiске ұшыратты. Қазақтардың бұдан әрi шыдамы, төзiмi жетпедi. Сөйтiп, олар өздерiнiң тәуелсiздiгiнiң қауiпсiздiгi үшiн күреске шықты. Бұл күрестi Қасымханның баласы Хақназар (Ақназар) басқарды (1538-1580 ж.ж.). 1560 жылы Моғолстанның ханы қазақтарды өз жерiнен қумақшы болды. Хақназар қарсы тұрып, моғол әскерлерiнiң тас-талқанын шығарды. Қазақ хандығының күш-қуатынан Сiбiр ханы Көшiм де, сырттан көшiрiлген ноғай мырзалары да қауiптенiп, қорқып отырды. Қазақ хандығының айбарлы даңқы Москва патшалығына келiп жеттi.1573 жылы орыс патшасы өз елшiсiн Хақназар ханға жiбердi. Елшiнi Көшiмнiң адамдары қолға түсiрдi. 1574 жылы Иван Строгонов өзiнiң көпестерiне қазақтармен ақысыз сауда жасау граммота сыйлады. Бұл орнатылған сауда байланысы бiртiндеп Москва мен Қазақстан арасында саяси қатынасқа айналды. Хақназар 1570 жылдың аяғында “Патшамен және ұлы князьбен арамызға бейбiтшiлiк орнағанын қалаймын”-дедi.
Бұқараның билеушiсi Абдулла қазақ хандығының күш-қуаты артып отырғанын байқады да, оның өзiнiң үкiмет билiгiн нығайту үшiн пайдаланғысы келдi. Сөйтiп, Хақназармен достық қатынас орнатты. 1579 жылы iрi феодал Баба Сұлтан Абдуллаға қарсы бүлiк шығарып, Ташкенттi басып алды. Абдулла Хақназардан көмек сұрады. Хақназар Баба сұлтанға қарсы аттанып, оны талқандап жеңедi. Жеңiлiс тауып, әзер қашып құтылған Баба сұлтан ендi қулық жасау арқылы Абдулла мен Хақназардың арасына от тастап, олардың достық одағын бұзды. Осыдан кейiн 1580 жылы Баба сұлтан Абдуллаға қарсы соғыс ашты. Сонымен қатар Хақназарға да астыртын күштi сенiмдi отрядын жiбередi. Сөйтiп, Баба сұлтан Хақназарға келiсiм жасаймыз деп алдап, Хақназар ордасына кiредi де күтпеген жерден олардың адамдарын қырып салады. Баба сұлтан астыртын адам жiбертiп, Хақназардың екi баласын және өзiн 1580 жылы өлтiредi
Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды.Ішкі талас-тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті.Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіріп,аймақтық жағынан ұлғайтуға ,мемлекеттің халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.Хақназар хан хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп,өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Қазақ Хандығын Хақназар хан 1538—1580 жылдары биледі. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын жалпы 42 жыл биледі.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.Осылайша, Хақназар хан 1580 жылға дейін Қазақ хандығының батыс пен солтүстіктегі шекараларын қалпына келтіру жолында Ноғай Ордасымен, Сібір хандығымен тікелей қатынастарға түсіп, Қырым, Мәскеу билеушілерімен байланыстар орнатады. Оның атақ-даңқы бұрынғы Алтын Орда аумағындағы саяси өмірде өте танымал болады.
Хақназар ханның билігі тұсында Қазақ хандығының жүргізген саясатының тағы бір басты бағыты – оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт болды. Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы жерлер мен қалалар Қазақ хандығы өте маңызды рөл атқарды. Шаруашылық тұрғыдан алғанда көшпелі қазақ ру-тайпаларының қысқы жайылымдары мен қыстаулары Сырдың сол жағалауында болса, Дешті Қыпшақтың солтүстік бөлігінде табиғи жазғы жайылымдар мен жайлаулар орналасты.
Хақназар хан саясат жолында Бұхар ханы IIАбдаллахпен дос болып,өзара көмектесу жөнінде «ант беріскен шарт»жасасқан.Хақназар ханның дипломатиялық шарасы халық құптаған тиімді шарасы болған.Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап,сауда-саттық қатынасы ұлғаяды.Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей бастайды.
Хақназар хан билігі кезінде Қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара бастады.1569-1573 жылдары орыс елшісі Семен Мальцев пен Чебуков қазақ хандығына елшілік болып келген.Екі мемлекет елшілер арқылы сауда байланыс қатынастарын орнатады.Себебі Хақназар хан Ресеймен қарым-қатынас жасауда өз әкесі Қасым ханның жолын ұстанған.
Хақназар ханды Ташкент маңының билеушісі Баба сұлтан өлтіреді.
Хақназар хан билік еткен тұс саяси өрлеу кезеңі болып табылады.
44. Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет