120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығын сипаттап жазыңыз



бет41/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
61.Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығын сипаттап жазыңыз
Тәукенің әкесі салқам Жәңгір туралы алғашқы мәліметтер 1635 жылғы оқиғаға байланысты айтылады: «... қара қалмақ тайшылары : Талай тайша, Қонтайша (Батур), Тургоча тайшы бүкіл қара қалмақтарымен қыстың күні Қазақ Ордасын шапты, ал Қазақ Ордасы қалмақтарға қарсы шықты... қара қалмақтар Қазақ Ордасындағы адамдарды өлтіріп, Есімнің ұлы Жәңгірді тұтқынға алды...». Басқа деректер бойынша Жәңгір 1635 жылы дүрбіт қалмақ билеушісі Талай тайшы мен тоғауыттарға қарсы соғысты. Бұл кезде тоғауыттар өзге қалмақ тайпаларынан батысқа қарай орналасты және олардың кейбір топтары Жайықтың ар жағында болды.
1643 жылы Орбұлақ шайқасы. 50 мың әскермен келген жоңғарларға 600 сарбазымен Жәңгір хан қарсы тұрып жеңіп шығады. Қосқолаң тауының арасында бекініп 10 мың әскерін талқандайды. Көмеккен Самарқандтың әмірі, қолбасшы Жалантөс 20 мың әскерімен келіп жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдайды. Бұл соғыста қазақтар өздерінің ерліктерін көрсете білді. Қалмақтарды басқарып келген Батур қонтайшының ірі әскери жорығына тойтарыс берді. Бұл қақтығыс Орбұлақ деген жерде болғандықтан бұл шайқас осылай аталды. 1644 жылы Жәңгір ханның қалмақтарға тағы да қарсы тұруына тура келеді, бірақ бұл жолы халық көп қырғынға ұшырап, Жәңгір ханның ағасы отбасымен және көптеген адамдармен тұтқынға түседі. 1652 жылы Ресейден жоңғарлар әскеру қару сатып алып қазақтарды ойсырата жеңеді. Ақыр соңында 1652 жылы Жәңгір хан қалмақтармен болған осы шайқаста қаза табады. Бұл уақытта сыртқы саяси жағдай өте ауыр болды. Халық оның ерлігі үшін «Салқам Жәңгір» деп атаған.
Жәңгір хан 1628-1652 жж. билік құрған. Салқам Жәңгір — туған жылы белгісіз, 1652 жылы қайтыс болған. Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң 1628 жылы отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны “Салқам Жәңгір” атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарларыарасында үш ірі шайқас болған:
1. 1635 жылы
2. 1643-1644 жылдар
3. 1652 жылы
1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді. 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады. 1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан қаза табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет