15-Дәріс. Қазақстандағы келелі мәселелерін шешу жолдары



бет4/8
Дата13.12.2022
өлшемі41,51 Kb.
#56836
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция-1664192262888

Табиғи ортаның ластануы.Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келеді.Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіптік қалдықтармен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.
Ең «лас» өнеркәсіп түрлері тау-кен мен құрылс материалдарын өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, мұнай өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өндірісі, тамақ өнеркәсібі жатады.ИМысалы, 1 т шойын өндіру барысында атмосфераға 4,5 кг қатты заттар, 2,7 кг күкіртті заттар, сондай-ақ мышьяк, қорғасын, сынап буы бөлініп шығады. 1 т алюминий алу үшін 38-47кг фтор пайдаланылады, кейіннен оның 65 0/0 атмосфераға шығарылады.Кен байыту фабрикаларының мұржаларынан улі түтіннің маңайындағы тірішілік үшін зияны шексіз. Химия өнеркәсібі ауға стирол, фенол, ацетон,күкірт диоксиді, күкірт ангидриді тәрізді улы қосылыстарды бөледі.Ал жылдан-жылға саны артып отырған автокөлік ауаны өнеркәсіптен кем ластамайды, қазіргі кезде оның үлесіне атмосфера ластануының 60 0/тиесілі. Қара қошқыл фотохимиялық тұманның
түзілуіне автомобильдер шығаратын газдар тікелей әсер етеді.
БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.
Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортаға өзіндік қауіп қатер төндіреді.1986ж.сәуірде Чернобыль АЭС-інде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің(МАГАТЭ) қызметі атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.
Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүние жүзі ғалымдары»жылыжай эффектісі» деп атаған қауіпті жағдайға апарып соғуы мүмкін.Оның мәнісі – көмірқышқыл газы күн сәулесін әйнек тәрізді өткізіп отырғанымен, жер бетінен бөлінетін жылудв өткізбейді, соның салдарынан климат жылынады.
ХХғ. 80-жылдарынан бастап жер шарындағы «климаттың ғаламдық жылынуы»туралы жиі айтылуда.Ғалымдардың болжамы бойынша, Жер ғаламшарында 2020 жылға қарай ауа температурасы қазіргімен салыстырғанда 2,50С-қа, ал2050 жылға қарай 40С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде мұздықтар көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлщерінің, желдер мен мұхит ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді.Нәтижесінде дүниежүзілік мұхиттың деңгейі көтеріліп, кейбір аралдар мен жағалауларды су басып қалуы мүмкін.Кейбір ғаымдар керісінше ауа температурасының жоғарылауынан оң нәтижелер күтеді:жоғары ендіктер есебінен ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ұлғаяды, Солтүстік теңіз жолын жыл бойы пайдалануға болады, жағалау сулары ірі кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие болады.Бірақ климаттың ғаламдық жылынуы Жер тіршілігіне қалай әсер ететіндігі айқын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет