15-Дәріс. Қазақстандағы келелі мәселелерін шешу жолдары


Озон қабатының жұқаруы проблемасы



бет5/8
Дата13.12.2022
өлшемі41,51 Kb.
#56836
1   2   3   4   5   6   7   8
Озон қабатының жұқаруы проблемасы.Озон қабатының Жер ғаламшарын ғарыштан келетін ультракүлгін сәулелерден қорғайды. 1984жылы британдық ғалымдар Халли-Бей станциясына соңғы 10жыл ішінде атмлсфера құрамындағы озонның 400/–ға азайғанын анықтады.Бірнеше рет зерттеу сынақтарын жүргізген соң, 1985 жылы озон қабатының жұқаруы туралы әйгілі мақала жарық көрді. Ал америкалық ғалымдар 1978 жылдан бері жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Антарктида үстінде, әсіресе көктемге қарай озон мөлшерінің күрт азаятындығын анықтап, озон қабатының жұқару картасын жасаған.Озон қабаты жұқарған бөлік ауданы жағынан АҚШ жерімен шамалас болып шыққан. Ғалымдар арасында күтпеген тосын жаңалық болған бұл құбылыс атмосфера құрамында хлорфторсутекті қосылыстар – фреондардың көбеюі салдарынан болатындығы дәлелденеді.
Фреондар әсерінен озон қабатының жұқаруы мына жолмен жүреді.Қыс кезінде Антарктида үстіндегі атмосфера қабатында полюс маңы құйыны пайда болады.Ол материк үстіндегі ауа қабатын өзімен бірге қозғалысқа келтіріп, жоғары тартып әкетеді. Осы ауамен бірге көтерілген фреон ғарыштық сәулелер әсерінен ыдырап, оның құрамынан хлор бөлініп шығады. Хлор озон молекуласымен әрекеттесіп, пайда болған қосылыс төмен температура (-900С) әсерінен қатады.Көктемге қарай Күн сәулесі әсерінен бұл қосылыстар қайта ыдырап , енді озон мен хлор орнына оттек пен хлор түзіледі.Босап шыққан хлор қайтадан озон молекуласымен қосылып, озонды қайтадан оттекке айналдырады.Хлордың озон молекуласын ыдырату әрекеті тоқтаусыз жалғаса береді.Мысалы, 1 хлор атомы 10000 озон молекуласын ыдыратады.Сөйтіп көктемнің бірнеше аптасы ішінде Антарктида атмоферасының құрамындағы озон мөлшері 970/0-ға дейін азаяды. Жазда полюс маңындағы құйын әрекеті бәсеңдеп, озоны азйған ауа Жер шарының басқа аймақтарына ауысады. Антарктида үстіне басқа аймақтарын келген құрамында озон мөлшері жеткілікті ауа есебінен озон қабаты келесі көктемгі дейін қалпына келгендей болады.Қорыта айтқанда, Антартида үстінде фреондар әрекетінен жер шарының озон қабатының жұқаруы жылма-жыл қайталануда.Сонымен қатар озон қабатының жұқаруы Арктика үстінде де байқалуда, бұл құбылыс қоңыржай белдеудің кейбір бөліктерінде де тіркелген. Соңғы кезде ғалымдар озон қабатының жұқаруына дыбыстан жылдам ұшатын реактивті ұщақтар мен ғарыштық зымырандарды жиі ұшырудың да әсері болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Ауадағы ультракүлгін сәулелердің көбеюі адамдарда көз аурулары мен тері обырының жаппай белең алуына себепші болады. Сонымен қатар ДНҚ молекулаларын бұзу арқылы қайтымсыз өзгерістерге алып келуде. Озон қабатының жұқаруы Жер шарындағы тіршілік дүниесіне, адамзат өркениетіне зор қауіп төндіруде. Осы себепті бұл апатты құбылыс адамзаттың ғаламдық проблемасына айналып отыр. Озон қабатының жұқаруын мейлінше тежеу мақсатында 1985 ж.
Вена конвенциясы, 1989 ж. Монреаль хаттамасы бойынша озонды ыдырататын қосылыстарды шығаруды шектеуге қол қойылды.Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығы бұл шарттарды орындауға басты назар аударуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет