18 қараша 2014 жыл Ел ер «Балдә «алтын күЗ – 2014»



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата09.01.2017
өлшемі3,14 Mb.
#1521
1   2   3   4   5   6   7

Бақыт ЕРҒАЛИ

  М.Мирманов атындағы ЖОББМ-нің  бастауыш сынып мұғалімі

Жаңақала ауданы

Балабақша-

 

мыздағы  

“Сиқырлы 

алтын күз” 

Тәуелсіз еліміздің жеткіншек ұрпақтарын 

тәрбиелеу  әрине  балабақшадан  басталары 

сөзсіз.  Ұлтжанды  бүлдіршіндерді  мектеп 

қабырғасына 

дайындаудың 

өзіде 

сабырлылық пен мейірімділікті талап етеді.  



Бала-біздің  болашағымыз.  Жас  ұрпаққа 

сенім  артқан  Елбасының  мектепке  дейінгі 

ұйымдардың  жұмысының  маңыздылығын 

өз  жолдауында  атап  өткен  болатын.    Жас 

жеткіншектерді 

тәрбиелеу 

барысында 

балабақшамызда  “Сиқырлы  алтын  күз” 

мерекесі  өтті.  Балаларға  күз  аруы,аю  мен 

маша, түлкі кейіпкерлері қонаққа келіп, тамаша 

көңіл күй сыйлады. Біздің бүлдіршіндерде өз 

өнерлерін  көрсетіп,  “Күз  жомарт”,”Дождик”, 

“Күз”  әндерін  шырқап  берді.Сонымен  қатар 

балалар  “Тосап  қайнату”,  “Ягодка  ты  моя” 

билерін  билеп,қазақша,орысша,ағылшынша 

тақпақтарымен  таң  қалдырды.Ата-аналар 

қатысып,тамшалап  ата-аналармен  ойын 

ұйымдастырылды.Бұл  мерекеден  біздің 

балалар  ұмытылмастай  әсер  алды.  Бұл 

өткізілген 

шараның 

мақсаты-мектеп 

жасына дейінгі балалардың  дүниетанымын 

кеңейту,сұлулыққа,табиғатты 

 

қорғауға 



тәрбиелеу 

болатын.Мұндай 

мерекелік 

шаралар  өскелең  ұрпақтың  бойларына 

жақсы  қасиеттерді  сіңіруіне  мол  тәрбиелік 

мәнге  ие  болады.  “Жақсы  тәрбие,жақсы 

атадан,жақсы 

анадан,жақсы 

ұстаздан” 

беріледі.Ендеше,егеменді  еліміздің  ертеңі 

болар  балаларымызды  тәрбиелер  жақсы 

ата-аналар  мен  тәрбиеші  ұстаздар  көп 

болсын.

Гүлмира МҰХАНБЕТОВА

№48 “Мұрагер”МдҰ-ң тәрбиешісі

Орал қаласы

Сары алтындай,сары күз



 

  Ы.Алтынсарин  мектебінде  1-4-сыныптар  арасында 

«Сары  алтындай,сары  күз!»атты  мерекелік  іс-шара  өтті.  Әр 

сынып  оқушылары  күзді  бейнелейтін  жеміс-жидек,  көкөністер 

киімдерін  киіп    күздің  берекесін  кіргізді.  4  «А»  сыныбынан 

Ж.Каримова,  А.Елемесова,  Э.Дуймбаева,  Б.Байзенованова, 

А.Муканбеткалиева,  Л.Танбаева,  М.Кульжанов,  А.Кабекенова, 

А.Ашикова,  Р.Мулдашева    сынды  көптеген    ата-аналар  

мерекелік  шараға белсене 

қатысты.  Ата-аналардың  

көмегімен 

«Бақтағы   

тасбақа»,  «Өрістегі  сиыр», 

«Қолтырауын»,  «Кемедегі 

қарақшы» 

бейнелері  

көкөністерден 

жасалып, 

оқушылар  ән  айтып,  би 

билеп, 


көркем 

тілмен 


көрермендерге    жеткізе 

білсе,  ал  ата-аналардың 

өз қиялдарымен әзірленген  

әр  түрлі  сән  үлгідегі 

киімдері 

өте 


ерекше 

болып,мерекенің    сәнін 

кіргізді.  Сынып  оқушылары 

да кешке қызығушылықпен 

қатысып,  бар  өнерлерін 

ортаға  салды.  Осы  іс-

шараға  белсене  қатысқан 

ата-аналарға  алғысымды 

білдіремін. 

Үнемі 


ата-

аналар  мектеппен  тығыз 

байланыста болады. Қандай да болмасын  қоғамдық жұмыстарға  

ұйымшылдықпен  қатысады.  «Ынтымақ  бар  жерде,  бірлік  бар» 

дегендей  біздің сыныптың да бірлігі  жарасып тұр.

   Гүлжанар  МУХАМЕДРАХИМОВА

Ы Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің 

бастауыш сынып мұғалімі   

Тасқала ауданы                                       

«Жас Ұлан достарын шақырады»


№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

9

Балабақшадағы  алтын  күз  мерекесі



Ұстаз

Ұстазым менің, ұстазым

Мектепте білім ұқтырған.

Болашақта ұл-қыздары

Үлкен ғалым боп тұрған.

РАНИДА ТӨЛЕУОВА

№ 10 орта мектептің 

2 «д» сынып оқушысы

Жайдарлы  жаз  аяқталып,  жапырақты 

бояйтын,  атырапты  бояйтын,  бояп-бояп 

барлығын,  сап-сары  ғып  қоятын,  берекесі 

мен мерекесін сыйлауға асығып күз де жетті. 

Айнала  сары  жапырақтарға  оранды,  сол 

жапырақтарды  теріп,  балалар  да  мәз.  Осы 

күз  мезгіліне,  күз  мерекесіне  орай,    №29 

«Балауса»  мектепке  дейінгі  ұйымында  ата-

аналармен бірлескен жұмыс барысында күзгі 

материалдардан  көрме  ұйымдастырылды. 

Тәрбиешілер 

А.Сарсеева 

мен 


А.Шушанованың ұйымдастыруымен «Алтын 

күз» атты мерекелік іс-шара оздырылды.Көз 

тартарлықтай өте сәнді киінген сары алтындай 

сары  күз  ханшайымы  келіп,  балаларға 

мерекелік  көңіл-күй  сыйлады.  Риза  болған 

бүлдіршіндер  «Жапырақтар»  биін  тарту 

етті. Сол, сол-ақ еді, «Мені кіргізіңдер» деп 

көпшілікпен  таласқан  бақша  қорқытушысы 

келіп кірді. Балалар бақша қорқытушысының 

бау-бақшаны,  саяжайларды,  құстардан 

қорғайтынын түсініп, «Бақша қорқытушысын 

сәнде»  ойынын  ойнап,  «Жидектер»  биін 

билеп берді.Күз мерекесі қызанақ мырзаның 

қызықты  жұмбақтарын  шешу  мен,  «Масақ» 

және  «Күнбағыс»  жаттығуларын  жасап, 

«Аңдарды  тамақтандыр»  атты  қызықты 

ойындармен  жалғасты.Кешке  қонақ  болып 

келген  күз  айлары  –  қыркүйек,  қазан, 

қарашаның тартулары да  өте әсерлі шықты. 

Мереке барысында балалар, күз өнімдерінің 

–  жеміс-жидектердің  адам  ағзасына  тигізер 

пайдасы,    қандай  дәрумендерімен  бай 

екендігіне де қанығып, жеміс-жидек жеп, мәз 

боп тарасты. Мұндай тәрбиелік маңызы зор 

іс-шаралар әлі де жалғаспақ.

Жұлдыз ЕСЕНАМАНОВА

№29  “Балауса” балабақшасының 

ағылшын  тілі мұғалімі

Жанұялар сайысы

                  Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебінде  



«Отбасы 

күніне»  арналған  мектепішілік  спорттық  шара  өткізілді.  Шараға 

бастауыш  сынып  оқушылары  мен  ата-аналарына  арналды.  Бұл 

шарада    4-сынып оқушыларының  Наурызовтар, Дуйенбаевтар, 

Даулетжановтар      отбасылары  қатысты.  Шара  барысында 

өткізілген спорттық сайыстар мен интелектуалды байқаулар өте 

тартымды  болды.    Шараның  тәрбиелік  мәні  зор  екендігі  сөзсіз. 

Өйткені  шараға  қатысқан 

отбасылар ұйымшылдықпен 

шараға қатысып, өнерлерін 

көрсете  білді.  1-ші  орын  

Даулетжановтар, 

2-ші 


орынды 

Дуйенбаетар, 

3-ші  орынды  Наурызовтар 

жанұясы 


қанжығаларына 

байлады.Мектеп  әкімшілігі 

атынан  сыйлықтар  мен 

дипломдар табысталды. Әр 

ата-ананың  тұлғасы  бала 

үшін    жоғары  үлгі  ретінде 

қабылданады.  Қазақта  «Әкеге  қарап  ұл  өсер,  анаға  қарап  қыз 

өсер  »  деген  мақал  босқа  айтылмаған.  Осы  шараға  қатысқан 

отбасыларына,дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімдері  Б.Мусин, 

Е.Умбеталиев  және  Ш.Кондудаеваға    сынып  жетекші  ретінде 

ризашылығымды білдіремін. 

Гүлжанар  МУХАМЕДРАХИМОВА

Ы Алтынсарин атындағы ЖОББМ-нің 

бастауыш сынып мұғалімі   

Тасқала ауданы                                       

Таңдайынан 

бал тамған 

балғын

Қазақ ән өнерін аса құрмет тұтқан 



халық.  Сәбиіне  жөргекте  жатқаннан 

бастап  құлағына  бесік  жырымен 

сіңірген ән өнері бесікте жатқан бөбекті 

әнге  құмар  етсе  керек.  Мектебімізде 

балғын күнінен күміс көмей даусымен 

көптеген  тыңдарманның  жүрегін 

баурап  жүрген  өнерлі  де,  әнші  балғын  Нұрәлінің  орны 

ерекше.    Мектебіміздің  1-сынып  оқушысы,  7  жасар 

Утегалиев  Нұралы  өзі  әлі  кіп-кішкене  болса  да  талай 

асуларды  бағындырған  өнерлі  өрен.  Ол  мектебімізде 

өткізілетін  іс-шараларда,  мерекелік  концерттерде  ән 

айтуымен  қатар  «Ұстаздарға  арналады  аяулы  әнім» 

атты  қалалық,  облыстық  ән  байқауларының  жеңімпазы, 

«Поклонимся  великим  тем  годам»  атты  халықаралық 

интернет-байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Бүгінде  Нұрәлі  Қазақстан  Республикасының  халық  әртісі, 

композитор  Ескендір  Хасанғалиевпен  кездесіп,  елге 

танылған «Атамекен» әнін орындауға дайындалып жатыр. 

Таланттылығмен  көпке  танылып  жүрген  жас  өренімізге 

өнерің өрге жүзсін деп тілек айтамыз. 



 Айнұр ШАЛҚАРОВА

№20 жалпы орта білім беретін мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  Жаңа мектеп 

жаңа өмір

Мен, осыдан бір ай бұрын, мекен-

жайыма  байланысты  М.Б.Ықсанов 

атындағы  №36  ОЖББ  мектебіне 

ауысқан  едім.  Бірақ,    көңілімде  ол 

жердегі оқушылар мен мүғалімім қандай болады деген 

күдігім болғанын жасырмаймын.

     М.Ықсанов  атындағы  білім ордасына  алғашқы 

қадамымды аттағаннан  бастап, бұл күдіктің бәрі сағымға  

айналды. Өйткені, сымдай тәртіпке бағынған оқушылар, 

қазіргі анамдай болып кеткен ұстазымның мейірімі мені 

тез  арада  баурап  алды.  Мектептің  сыныптары  жақсы 

безендірілген. Бөлмелері кең, әрі жарық екен.

      Маған  бұл білім ордасы қатты ұнайды. Өйткені, 

соңғы    кезде    білімге  деген  құштарлығым  артқанын 

байқап жүрмін. Гаухар Абылайқызы  менің сабаққа  деген 

жігерімді  арттырып,  зейінімді  зерделеп  жүрген  білікті 

ұстазыма  алғысым шексіз. Мен қазір жаңа мектеппен 

жаңа  өмірге  енгендеймін.  Жаңа  достар  таптым,  жаңа 

ұстаздан    жаңашыл  тәрбие  алудамын.Ендігі  менің 

мақсатым:  барлығының  сенімін  ақтап,  сыныптас 

достарыма  дал дос, ұстазымның үлгілі оқушысы атану.



   Айнұр БЕРІК

М.Б.Ықсанов атындағы   

    №36 орта жалпы білім беретін мектептің 

    2 «Б» сынып оқушысы 

Менің сыныбым

   Мен Асан жалпы орта білім беру  мектебінде 

1 «а»

 

сыныбында оқимын. Сыныбымда 16 оқушы 



бар. Оның   6 –ы қыз,  10 –ы ер бала. Сыныпта 

7 озат оқушы, 6 оқу екпіндісі бар. Біздің сынып 

өте  тәртіпті,  білім  алуға  құштар,  өйткені  біздің 

сынып  жетекшіміз  шәкірттеріне    білім    нәрін 

беруге  ешқашан  аянбайды.  Сынып  жетекшіміз 

–  Жансұлу  Жұмажанқызы.  Ол  кісі  жүрегі    таза,  жандүниесі  кең, 

мейірімді  жан.  Сабақ  аяқталғанда  қимастықпен  қоштасып, 

сағынышпен  қауышамыз.  Жансұлу  Жұмажанқызы  біздің  екінші 

анамыздай. Сынып жетекшіміздің денсаулығы зор болып, әрдайым 

бізбен бірге болса екен деп тілейміз.



 

 

 

 

 

 

 

 

                      Гүлназ ХАЛИМ

Асан ЖОББМ-нің  1

 

«а»сынып оқушысы



Зеленов ауданы

БАҚЫТТЫ АДАМ – 

БАЙ АДАМ

Бұл өмірге адам боп келген соң, бақытты, 

бай-қуатты  болу  адамның  өз  қолында.  Адам 

баласының  бақыты  байлықпен  өлшенбейді. 

Кей  адамдар  бақытты  байлық,  ақша,  сәнді 

баспана,  көлік  деп  біледі.  Ал  шынында, 

адамның  денсаулығы  болса,  жанындағы 

жанашыр  адамдары  түгел  болса,  сонын  өзі 

үлкен  байлық.  Адамның  екі  жанары,  екі  қолы,  екі  аяғы  сау  болған 

кезде  ол  кісі  ешкімнен  кем  емеспін,  өмірдегі  ең  бай  адаммын  деп 

есептеуі керек. Адамға денсаулық өз ойын еркін айтып ашық жүрсе, 

тілін, дінін ұмытпаса, жан ұясы болса, күші ақылы болса, мал басы 

аман болса соның өзі үлкен байлық.

АНАР БӨЛЕКБАЕВА

№ 10 орта мектептің 4 «а» сынып оқушысы

Қуанышқа 

бөлейді


 

Бүгін 


менің 

туған  күнім  болды.  Көп 

адам  келді.  Достарым, 

туыстарым  маған  көп 

сыйлық 

сыйлады. 



Сыйлықтар  өте  қатты 

ұнады.  Бірақ  маған 

ата-анамның  сыйлығы 

ерекше.  Өйткені  олар 

мені жақсы кореді.

 РАСУЛ 

БАТЫРБЕКҰЛЫ

№ 10 орта мектептің 

2 «а» сынып оқушысы

Менің сыйлығым

 

Мен 



сыйлық 

алғанды 


ұнатамын. 

Менің 


ең 

алғашқы 


сыйлықтарымды  ата-анам  сыйлады, 

олар өте көп және әдемі. Соның  ішінде 

қуыршақтар, көйлектер, ертегі кітаптары 

және  тағы  басқа  көптеген  сыйлықтар. 

Сыйлықтарды көбіне маған жаңа жылда 

және туған күнімде сыйлайды.



ГҮЛХАН ТӨЛЕГЕНОВА

№ 10 орта мектептің 

2 «а» сынып оқушысы

Шын ниетпен 

сыйла 

Мен даярлық тобында оқыған 



кезімде анама қағаздан жасалған 

гүл сыйладым. Анам сыйлығыма 

қатты  қуанып,  маңдайымнан 

сүйіп,  басымнан  иіскеді.  Адамдарға  сыйлық  сыйлаудың 

жақсы іс екеніне көзім сол кезде-ақ жетті.

ДАРЫН НҰРБОЛАТ

№ 10 орта мектептің 2 «а» сынып оқушысы



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

10

Д ү н и е г е    

шыр        етіп    

келген        әрбір    

жанның        өсе    

келе      өз   

дүниетанымы   

мен   өмірге    деген    көзқарасы    қалыптаса   

бастайды      меніңше.      Иә,      есейе      келе   

балалығың   қалып,   үлкен   өмірге   ұмтыла   

бастайсың.   Біреуге   еліктеп,   біреуді   үлгі   

етесің.      Соған      қарап      бой      түзеп,      дәл   

сол   секілді   болуды   армандайсың.   Бұл   

шындық.      Сол      секілді      менің      де      үлгі   

тұтар,      еліктер,      сондай      болсам        екен    

деп   армандайтын   бір   жан   бар,   ол   –   

Азиза Сүйінішқалиева.   Оның   есімі   барша    

Жаңақала   жұртшылығына   кеңінен   таныс   

десем,      артық      айтпағандығым      болар.    

Тек   мен   ғана   емес,   оны   күллі   аудан   

жұртшылығы   біледі.   Аудандық   «Жаңарған  

өңір»  газетіндегі    мақалаларынан  -  ақ    оны  

халық  жақсы  таниды.  Мен  де  алғашында  

Азизаны  газеттегі  мақалаларынан  білетінмін.  

Әлеуметтік    желілердегі    фотосуреттерін  

көріп,  оның  бет - әлпетін  мықтап  жадымда 

сақтап  алдым.  Бірде  онымен  ойда - жоқта  

кездесіп  қалдым.  Дәл  сол  сәтте  қолына  

бума - бума  қағаздарын  алып,  асығыс  аяңдап  

бара    жатса    да,    мені    танымайтындығына  

қарамастан  «Азиза, әпке!»  деген  дауысыма  

жалт    бұрылды.    «Сені    танымаймын»    деп  

кетіп  қалмай,   мені  тыңдап,  біраз  бөгелді.  

Барлығынан  оны ақжарқын  жүзді,  ақ  көңіл,  

мейірбан  қыз  деп  еститінмін.  Шындығында  

да  солай  екен.  Ашық  сөйлеп,  мені  бірден  

өзіне    баурап    алды.    Сол    күннен    бастап  

менің  де  жаным  журналистиканы  қалайтын  

болды.    Азиза    әпкем    сияқты    болғым  

келді.    Ол    сияқты    жас    тілші    атану  

менің  арманыма  айналды.  Сол  сәтте  

өзімнің    кумиріме    айналған    әпкемнен  

қолтаңба  алып  қалдым.  Қиналғанымда  

да    әпкемнің    сөздерін    жаныма    медет  

тұттым.  Соның  арқасында  өмірге  деген  

құштарлығым  қайта  оянғандай  болады.   

Әлеуметтік  желілер  арқылы  да  телефон  

арқылы    да    онымен    байланысымды  

үзбедім.    Көкейімдегі    сұрақтарға    үнемі  

толық    жауап    беретін.    Маған    оның  

турашылдығы  қатты  ұнайды.  Тік  мінезінен  

бастапқыда    сескеніп    қалғанмын.    Себебі,  

адамдар  шындықты  естігісі  келе  бермейді  

ғой.  Қате  болса  қате  екендігін  бірден  сарт  

еткізіп    айтып    салғандығы    менің    өмірге  

деген  көзқарасымның  дұрыс  қалыптасуына  

оң  әсерін  тигізді. 

Бүгінде        Азиза  Сүйінішқалиева   

–        республикалық        балалар        мен    

жасөспірімдер        журналы        «Ақ    желкен»    

журналының    жас    тілшісі.   Ойлап   қараған   

адамға   он   алты    жасында    республика    

деңгейіндегі   журналға    мойындатудың    өзі   

оңай          шаруа      емес.        Ол        журналдан   

«жас   тілші»    деген    куәлік    алмақ    түгілі,   

мақалаңды   жарыққа    шығартудың   өзі   бір   

қиямет.    Мен   мұны   жақсы   білемін.   Өйткені   

«Ақ   желкенге»   мақаламды   жібере  -  жібере   

сағым      сынып,      тауым      шағылғандардың   

бірі      мына      менмін.      Сонымен      қоса    ол   

Жаңақала        аудандық        мектептен        тыс    

жұмыс        орталығы        жанындағы      «Жас   

журналист»   үйірмесінің    мүшесі.    Көпжасар    

ауылдық     кітапханасы     жанынан     құрылған     

«Қаламұш»    атты     жас     журналисттер     

мен     талапты       балаларды      дайындайтын      

үйірменің     жетекшісі.    Үйірме    мүшелері     

де    бүгінде    «Самал»    газетіне     мақала     

жазып    жүр.    Оны     өздеріңіз     де     оқыған     

шығарсыздар.     Ал     осыдан    екі   ай    бұрын   

«Жаңалықтар»      бағдарламасын        түсіріп    

үлгеріпті.   Құрылғанына   көп   уақыт   өтпесе   

де,   ондай   батылдыққа   бару   екінің   бірінің   

қолынан  келе   бермейтін   іс.   Әрине,   оның   

өзі   асқан   төзімділік   пен   қаржыны   талап   

етеді.   Бірақ   еңбекшіл   қыздың   оған   мойын   

бұрар   шамасы   да   жоқ.    Ал,   жақында   

«Самал»      балалар      мен    жасөспірімдер     

газетінің      жас      тілшісі      атанды.      Мұның   

барлығы   оның   талабы   мен   талантының   

арқасы   деп   білемін.   Әрі   ол   бұл   атқа   

лайық   жан.   Оның   әрбір   жетістігіне   шын   

Әпкетайым!,  мен  сіздің  болашағыңыздың   

нұрлы,   келешегіңіздің     кемел   болғанын   

қалаймын.   Солай   болады   деп   мен   сізге   

сенім      артамын.      Бүгінгі      жетістігіңе      де   

қызғанышпен   қарайтындар    көп    шығар.   

Бірақ   сіз   оларға   налымаңыз! Жұрт   не   

демейді   дейсіз?   Өзіңіз   айтқандай   «Ит   

үріп,      керуен      көшетінін»      ұмытпағайсыз!   

Алға        қойған        мақсаттарыңыз        бен    

асыл    армандарыңыз    орындала    бергей.    

Мен    соған    шын    жүректен   тілекшімін.    

Жүрегіңіздің          шырағы          анаңыз        бен    

әжеңіздің        үмітін        ақтаңыз.        Жаратушы   

жар    болсын!    Келер     жылы    Ұлттық    

Бірыңғай        Тестілеуден      сүрінбей          өтіп,   

өзіңіз        армандаған,        жан        жүрегіңіз    

қалаған      Әл  –  Фараби      атындағы      Қазақ   

Ұлттық      Университетінде      журналистика   

мамандығында   білім   алыңыз.    Қазақтың    

атын        шығаратын        әйгілі        журналист    

болыңыз!        Нәзік      те        сүйкімді        әпкем    

менің,      қаламыңызға      тіл,        қадамыңызға    

гүл    бітсін!    Армандарыңыз    аласармай,    

тек    биіктен    көрініңіз!  

 

Динара САПАР

  Жаңақала ауданы

Мақтанышым - 

Азиза

Батыр бабаның 



ұрпағымын

          Сұм  соғыс  қаншама  ардақты 

азаматтардың өмірін қыршыннан қиды?!

Қамысты 


ауылынан 

да 


қаншама 

азаматтар  өз  Отаны  үшін  жанын  пида  етті. 

Сол азаматтардың ішінде  атам Мұқанғалиев 

Абуталип Рысалыұлы да болды.

     Ол 1925 жылдың 4 маусымында Батыс  

Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты 

ауылдық  округінде  дүниеге  келген.  1943 

жылдың сәуірінде Кеңес  армиясында әскери 

қызметте  болған.  Оңтүстік  орал  әскери 

округінің  Чкалов  пулемет  училищесінің 

курсанты.  Оқуды  аяқтағаннан  соң  1944 

жылдың  тамызында  жолдамамен  59  полк 

офицерлық құрамына жіберілді. 

        1994  жылдың  қараша  айында 

869  атқыштар  полкінің  271  атқыштар 

дивизиясының  пулеметшілер  взводының 

командиры  болып  тағайындалды.  Чкалов 

училищесін  аяқтаған  соң  лейтенант  әскери 

шеніне  ие  болды.  Чехословакияны  азат  ету 

үшін  болған  соғыста  1945  жылы  10  сәуірде 

оң иығына оқ тиіп жараланды.  «Германияны 

жеңгені  үшін»  ІІ  дәрежедегі  медалімен 

марапатталды.  1945  жылы  «Старый  Двур» 

ауыл  үшін  болған  шайқаста  қарсыластар 

күшпен  1  атқыштар  батальонына  шабуыл 

жасады. 5 рет жаудың шабуылың қайтарды. 

Осы ерлігі үшін «Отан соғысының ІІ дәрежелі» 

орденімен  марапатталды.  12  наурыз  1945 

жылы Воршавец ауданында Мукангалиевтың 

жауынгерлері жауға соққы берді, нәтижесінде 

шайқаста жеңіске жетті. Аға лейтенант шеніне 

ие  болды.  Соғыс  аяқталғаннан  соң  әр  түрлі 

қызметте  жұмыс  атқарды,  десекте  осындай 

ардагер атамыз қазіргі таңда дүниеден озды.

    Мен осындай батыр бабаның ұрпағы 

болғаныма мақтанамын!



Әсет МҰҚАНҒАЛИЕВ

Е.Ниеткалиев атындағы ОЖББМ-нің

5-сынып оқушысы  

Жәнібек ауданы

  Менің 

ерекше 


құрбым

   


Әр  адамның  жақын  досы  болады.  

Менің ең жақын, ақылды досым-Айнара. Мен 

Айнара  құрбыммен  кішкентайдан  доспын. 

Достық  екіге  бөлінеді:  адал  дос  және  амал 

дос.  Мен  Айнараны  адал  дос  деп  нақты 

сеніммен  айта  аламын.  Менің  Айнарадан 

басқа да құрбыларым өте көп. Оларда адал, 

сенімді,  сөзге  берік  жандар.  Бірақ,  менің 

бұларданда жақын, ерекше құрбым-Айнара. 

Мен онымен бірге қуанамын, бос уақытымды 

бірге  өткізіп,  ойымды  еркін  айтамын. 

Қазіргі  кезде  қыздар  жан  аналарына 

айта  алмағанын,  ренішін,  қуанышын  жан 

құрбыларына  айтып,  жеңілдеп  қалады. 

Достық  адамдар  арасындағы  берік,  ерекше 

қарым-қатынас.  Құрбылар  өз  ойларын 

ортаға  салып,  бірінен  кеткен  кемшіліктерді 

байыппен жеткізіп, енді бұдан былай істеген 

кемшілігін қайталамауға көмектесетін бірден-

бір  адам.    Айнара  екеуімізде  аузымыздан 

артық  сөз  шығып  кетсе  бір-бірімізді  түзеп 

отырамыз.    Мен  Айнарамен  болашақта  да 

жан құрбы болып қаламын деп айта аламын. 

Айнара  өте  ұқыпты,  таза.  Тіпті,  үйіндегі  үш 

інілерін баға жүріп, үй шаруасына да, сабаққа 

да үлгереді. Ол оқу озаты. Ал арманы әнші 

болу.  Мен  құрбымның  жақсы  қасиеттерін 

айтатын  болсам  өте  көп.  Оның  жақсы  бір 

қасиеті  үлкенді  құрметтеп,  кішіні  қамқорлай 

білетіні.  Ал  кемшілігі:  ұнамаса  бетке 

айтады.  Мен  оның  осы  қасиетін  барымша 

жеткізіп отырамын. Олда мені осылай түзеп 

отырады. Біз 1-сыныпта оқып жүргенде бір-

бірімізге «енді сабақты тек 5-ке оқимыз» деп 

серт бердік. 6-сынып оқимыз. Оқу озатымыз. 

Міне,  біздің  адал,  сөзге  берік  құрбылар 

екенімізді  осыдан-ақ  білуге  болады.  Біз 

адал  дос,  ақылды  қыз  болып  өсіп  келеміз. 

Болашақтада  осындай  құрбылар  болып 

қаламыз.  Менің ерекше жан құрбым, досым, 

сырласым  ол  тек-Айнара.  Айнараға  нұрлы 

болашақ тілеймін.

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет