19. Бүйректің микроструктурасы, құрылымдық функционалдық бірлігі. 20. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары. 21. Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі


Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары



бет4/13
Дата19.09.2023
өлшемі55,67 Kb.
#108384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
анатомия

20.Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
Зәр бұл сұйықтық,оның өзіне тән иісі және де түсі болады,әдетте сарығыш түсті болады.Зәр медицинада көптеген ауруларды анықтау үшін қолданылып жатады.Мысалы келтірсек зәрдің бір ғана түсі бізге бірнеше ақпарат бере алады,сонымен қатар оның иісі де назарсыз қалмайды.Зәр бүйрек несеп мүшесінде түзіледі.Зәрдің түзілуі екі кезеңге бөлініп жүреді,олар:бірінші алғашқы зәр түзіледі,екінші кезеңде соңғы зәр түзілуі өтеді.Немесе зәрдің түзілуін басқаша сүзілу және қайта сіңірілу кезеңдеріне бөліп қарастырсақта болады.Бірінші кезеңде алғашқы зәр нефронда пайда болады.Ары қарай қан капсула ішінде сүзілу процессінен өтеді себебі,капсула шоғырындағы қан қысымы жоғары болады.Осы капсула қуысына сүзіліп түскен сұйықтықты алғашқы зәр дейміз,осылайша бірінші кезең алғашқы зәр түзіліуі немесе фильтрация,сүзілу кезеңі бітеді.Екінші кезеңде каналдардағы алғашқы зәр құрамындағы қажетті делінген минералды тұздар,сулар,глюкозамен амин қышқылдары қанға сіңіріліп,ал қажетті емес делінгендері,мысалы несеп қышқылы,неше түрлі сульфаттар сол сияқты зиянды заттар кері сіңірілмейді.Ал осы кері сіңірілу процессі каналдар қабырғасының эпителий жасуша қызметтеріне негізделеді,сөйтіп барлығы өз қызметін дұрыс атқарған жағдайда соңғы зәр түзіліп екінші кезең реабсорбция яғни,қайта сіңірілу аяқталады.Зәрдің шығарылуында айта кетер болсақ бір өзіндік ерекшеліктер бар.Зәрдің шығарылуы тек несеп мүшелеріне ғана емес,ауа райына және тағамға байланысты болады.Мысалы,ауа райы жоғарылап,күн ысуы мен құрғақ тамақ жеу зәрдің шығуын төмендетеді.Ал күн суытуы кезімен суды көп тұтыну зәр шығуын арттырады.Зәрдің шығарылуы оның түзілуі секілді кезеңдерге бөліп қарастырылмайды.Бүйрек түбегіне келген зәр ары қарай несепағар арқылы өтіп,кейіннен уақытша аялдама несепқуық мүшесіне келіп аялдайды.Несепқуық мүшесінен кейінгі жолы үрпі жолы болады яғни ,зәршығару өзегі.Зәршығару өзегі арқылы зәр сыртқа шығарылып,зәрдің шығарылу жолы осымен аяқталады.

21.Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі,
Несепқуық, құрылысы, қанмен қамтамасыздануы (vesica urinaria) - несепті жинап оны әрі карай шығаратын так ағза. Несепкуыктын сиымдылығы 300 ден 500 мл-ге дейін. Несепкуыктын келесі бөліктерін айырады: денесі (corpus vesicae), ұшы (apex vesicae), түбі (fundus vesicae) және мойыны (cervix vesicae). Ұшынан кіндікке кіндіктін ортанғы байламы (lg.umbilicale medianum) барады. Несепкуыктын томенгі бөлігі байламдар аркылы көршілес ағзалармен және кіші жамбастың кабыргаларымен байланыскан. Манызды байламдарга еркектерде, қасаға-куыкасты, әйелдерде касаға-куык байламдары жатады. Сонымен катар еркектерде несепкуык куықасты безімен, ал әйелдерде несеп-жыныс көкетімен бекіген. Несепкуык кіші жамбас куысында орналаскан. Касаға симфизі мен несепқуықтың алдынғы қабырғасы аралығы борпылдак ұлпамен толган. Толкан несепкуык қасаға симфизінен жоғарырак, іш куысынын алдынгы кабыргасымен жанаскан. Еркектердің несепкуыгынын арткы кабыргасы тік ішекпен, шәует куыкшасымен жанасса, түбі куыкасты безімен шектелген. Әйелдерде, қынаптың алдыңғы қабырғасы жатырмен, ал түбі несеп-жыныс кокетімен шектелген. Несепкуыктын жоғарғы бөлігіне әйелдерде жатыр іргелес жатса, еркектерде ішек ілмектерімен шектескен. Толмаган несепкуык ішастарга ретроперитонеалды, толган мезоперитонеалды катынаста болады. Несепкуыктың қабырғасының құрылысы еркектер мен әйелдерде бірдей. Ол сырткы адвентициядан (tunica adventitia), ортанғы бұлшыкеттік кабыктан (tunica muscularis) және ішкі шырышты қабықтан (tunica mucosa) тұрады. Толған несепкуыктын кабырғасы жұқарып бар болганы 2 мм-ді кұрайды, ал бос несепкуыктын кабыргасы калындап (кабыргасынын жиырылғанынан) 1,5 CM-re дейін жетеді. Несепкуыктын тубінде, несепкуык үшбұрышы (trigonum vesicae) деп аталатын анатомиялык түзіліс орналаскан. онын бұрыштары несепатарлардын тесіктерімен (ostium ureteris) несеп шығаратын өзектін ішкі тесігімен (ostium uretrae internum) шектелген. Осы аймактын шырышты кабыгы булшыкеттік кабыкпен тығыз бітісіп катпарлар түзбейді (себебі үшбұрыш ішінде шырышасты қабат болмайды) Бұлшыкеттік кабык үш қабаттан кұралған. Сонын циркулярлык кабаты несеп шығаратын өзектің басталатын бөлігінде жақсы жетіліп несепкуыктын кыскышын түзеді. Бұлшыкеттік кабыктын негізгі кызметі несепті куыктан несеп шыгаратын өзек аркылы куып шығу Несепкуык төменгі және жоғарғы куыктык артериялармен канмен камтамасыз етілсе, веналык ағым, ішкі мықын венасына кұяды. Лимфа ағымы, аттас лимфа түйіндеріне бағытталады. Несепқуық симпатикалык нервті парасимпатикалыкты ішкі төменгі кұрсақасты ерімнен. ағзалык жамбас нервтерінен жане сезімталды сегізкөз өрімінен алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет